Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар
» » Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының №15 хаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының №15 хаттамасы

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негі
460
0

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі

Төле би ауылы, Егемберді көшесі, 2А үй 02.02.2020 жыл сағат 15-00

 

Конкурстық комиссияның құрамы:

А.У.Бименбетов – аудандық білім бөлімініңбасшысы, комиссия төрағасы;

Комиссиямүшелері:

Н.К.Султанбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

С.А.Бастаубаева- «Ұлағат отауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі;

С.Б.Жакипбекова- аудан әкімдігінің білім бөлімінің үнемдеушісі;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

Г.А.Дуйсенбаева - білім бөлімінің бас маманы -комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 7

Қатыспаған: 3 (себепті жағдаймен Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Е.Ж.Сулейменов – аудан әкімі аппаратының мемлекеттік –құқықтық бөлімшесінің басшысы, комиссия мүшесі, Р.Ү.Иса –Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу ауданы бойынша филиалының директоры ).

 

Күн тәртібі:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

 

Отырысты білім бөлімінің басшысы А.У.Бименбетов ашты.Сөзінде ең бірінші басты назарда Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қағидасын басшылыққа алатынын атап көрсетті.

 

Шу қаласында 20 орынға, Төле би ауылында 50 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланды. Көрсетілген мерзім бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа 3 өтініш түсті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа түскен мектепке дейінгі мекеме:

1. 25 орынға Төле би ауылы Батырша Ажибаев көшесі № 47А орналасқан «Шу Нұр-Аш» бөбекжай-бақшасы директоры Абильбекова Роза Нуралықызы. 25 орынға Төле би ауылы Жақсыбай көшесі №51 орналасқан ТОО «Шарапат-2018» «Лашын» бөбекжай бақшасының директоры Жунисалиевна Асемкуль Сасықбаевна. 20 орынға Шу қаласы Ақан Сері көшесі №6 орналасқан «Аруназ –Шу» бөбекжай бақшасының директоры Нурахова Роза Туленовна.

 

Жоғарыда аталған жекеменшік балабақшаның конвертін комиссия мүшелері ашып, құжаттарын тексерді.

Балабақшалардың конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдері:

1)Комиссия төрайымының атына мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында жарияланған конкурсқа қатыстыру туралы өтініштері.

2) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жарғысы, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтамасы, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтамасы.

3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлігіне құқықты орнатушы құжаттарының көшірмесі.

4)"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының көшірмесін;

5) Балабақшалардың медициналық кабинетінің лицензиялары;

6) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы міндеттемесі;

7) Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаметіне қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы берген хабарламасы.

 

Конкурстық комиссия мүшелері құжаттарын ұсынғанбалабақшаның конкурстық құжаттамаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып, ашық дауыс беру жолымен конкурсқа қатысуға 2019 жылдың 11 ақпанда шешім етті:

 

1. ТОО «Шарапат-2018» «Лашын» бөбекжай бақшасының барлық құжаттарының дұрыстығы анықталды.

Конкурсқа жіберілген құжаттарындағы кемшілігін:

2. «Шу Нұр-Аш» бөбекжай бақшасының өткізілген өтінішінде қанша қосымша орын керек екендігі көрсетілсін. Банктен алынған анықтамада қарызы жоқ немесе бар екендігін растайтын дұрыс мәліметін алып келсін.

3.«Аруназ-Шу» бөбекжай бақшасының өткізілген өтінішінде қанша қосымша орын керек екендігі көрсетілсін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысында көрсетілген тәрбиеленушілердің жас ерекешеліктерін дұрыс көрсетілсін. Банктен алынған анықтамада қарызы жоқ немесе бар екендігін растайтын дұрыс мәліметін алып келсін.

Конкурстық комиссия мүшелері әлеуетті өнімдерден конкурсқа түскен құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып ашық дауыс беру жолымен 2020 жылдың 4 ақпанында шешім етті:

 

1.Конкурстық комиссияға түскен құжаттардағы кемшіліктітолықтыру үшін әлеуетті өнім беруші бес күнде (жұмыс күндері) 2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 18.00-ге дейін Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес толықтырылсын.

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев