Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар

Туған мектепке тағзым!

Информация / «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау
2 982
0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында

«Туған мектепке тағзым!» атты облыстық акцияны өткізу

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

«Туған мектепке тағзым!» атты облыстық акциясын өткізу - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мектеп бітірген түлектердің туған мектептеріне құрмет көрсетуін қамтамасыз ететін шаралардың бірі.

 

Акцияның мақсаты: Түлектерді туған жеріне, білім алған мектептеріне, сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақыру, оқушыларға өз мектептерін бітірген танымал түлектердің табысты өмір жолын үлгі ету.

Акцияның тақырыбы: Туғанмектепке тағзым!

Акцияны өткізу мерзімі: 2016 жылғы 10 қазан – 2017 жылғы 25 мамыр.

Акция 2 кезеңде өткізіледі: І кезең – 10 қазан-30 желтоқсан,

ІІ кезең – 10 қаңтар – 25 мамыр.

Акция барысында өткізілетін іс-шаралар:

І. «Біздің мектептің түлектері» – 10 – 30 қазан.

Кезеңнің сипаттамасы:

1) әрбір мектеп өздерінің танымал түлектері туралы мәліметтер базасын жинақтайды, соның негізінде облыстық виртуалды мұражай жасау (барлық білім беру ұйымдарында: қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, әншілер, меценаттар, бизнес өкілдері т.б.);

2) 1991 жылы туылып, 2008-2009 жылдары мектеп бітірген «Тәуелсіздік құрдастарының» арасынан үлкен жетістіктерге жеткен түлектер туралы мәліметтер жинақтау;

3) мектеп түлектері тарапынан жасалған қомақты демеушілік көмектер туралы мәліметтер жинақтау.

 

ІІ. «Мен Сізді мақтан етемін!» – 10 қазан – 30 желтоқсан.

 

Бұл кезеңнің мәні: Мектеп оқушылары мен танымал түлектер арасында тығыз байланыс орнату (танымал тұлға туралы оқушының ой-толғанысы - эссе, жазған хаттары, газет-журналдарға шыққан мақалалары, арнау өлеңдері, instagram, facebook т.б. әлеуметтік желілер арқылы хат алмасуы).

 

ІІІ. «Елімізге танымал мектеп түлектерімен кездесу»10 қазан – 30 желтоқсан.

Бұл кезеңнің мәні: танымал тұлға мен оның табыстарға жету жолдары туралы тағылымдық-тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізу (қоғам қайраткерлерімен кездесулер, ғалымдардың дәрістерін, ақын-жазушылардың әдеби кештерін, әншілердің арнайы концерттерін ұйымдастыру).

ІV. «Менің сүйікті мектебіме тартуым!» (мектеп түлектерінің 25 игі ісі) – 2016 жылғы 10 қазан – 2017 жылғы 25 мамыр.

Бұл кезеңнің мәні «Сіздің тартуыңыз мектеп үшін қажет. Осы арқылы Сіз білім ошағына құрмет білдіріп, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетесіз».

Бұл ретте, мектеп түлектеріне өзі білім алған мектепке сый-құрмет көрсетуі туралы ұсыныс айтылады.

Әр мектеп 25 игі істі ұйымдастырулары қажет:

Ø «Мектепке кітап сыйла!» (мектеп кітапханасына меценаттар, демеушілер, мектеп бітірушілер оқулықтардан басқа тарих, мәдениет туралы кітаптар, мектеп пәндері бойынша энциклопедия, анықтамалықтар, оқу құралдарын, сонымен қатар мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ, орыс тілдерінде көркем әдебиеттерді сыйлайды).

Ø «Жақсылық жасауға асығайық!» (қарттар үйіне концерт, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, жағдайы төмен отбасыларының балаларына көмек көрсету),

Ø «Тәуелсіздік аллеясы» (мектеп алаңына ағаш егу),

Ø «Мектеп мұражайы» (мектеп түлектерінің демеушілігімен мектептің виртуалдымұражайын ашу),

Ø «Ұстазға тағзым!» (ардагер-ұстаздарға шефтік көмек көрсету),

Ø «Менің сүйікті пәнім!» (мектеп түлектерінің демеушілігімен пән кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту: компьютер, интерактивті тақта, жаңа модификациялы кабинеттер, жиһаздар, глобустар, микроскоптар т.б.),

Ø «Дарынды балалар – ұлт болашағы!» (мектеп оқушыларының интеллектуалдық, шығармашылық, техникалық потенциалын дамыту мақсатында музыкалық, сурет салу аспаптарын, робототехника бойынша леголарды мектепке сыйлау),

Ø «Дені сау ұрпақ – тәуелсіз елдің болашағы!» (мектеп түлектерінің демеушілігімен асхана, спорт зал, жасанды спорт алаңын салғызу, қажетті құрал-жабдықтар алғызу).

Ø «Астана қаласына саяхат» (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасының балаларын және үздік оқушыларды Астана қаласына апару),

Ø «ЖОО-на грант» (үздік мектеп бітірушілерге ЖОО-дағы педагогикалық мамандықтарға түсуге демеушілік есебінен грант бөлу),

Ø «Мектеп күні» (2016 жылдың 26 қазан күні облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде ашық есік күнін өткізу),

Ø «Сүйікті, менің мектебім!» (youtube желісінде мектептің танымал түлектерінің бейнеарнаулар шеруін ұйымдастыру) т.б.

Акция шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер БАҚ-тарда жарияланып, мектеп пен білім бөлімдерінің, облыстық білім басқармасының сайттарында орналастырылады.

Акцияның аяқталуы – 2017 жылғы 25 мамыр.

 

Ұсынымдар.

Білім бөлімдеріне, облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерге:

Осы Акцияның жүргізілуі туралы БАҚ, интернет желісі арқылы түлектергехабарлама жолдау ұсынылады.

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев