Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының
№12 хаттамасы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі
Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй 25.09.2019 жыл сағат 17-00
Конкурстық комиссияның құрамы:
А.У.Бименбетов – аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрағасы;
С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің үнеудемшісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
Н.К.Султанбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
А.Ш.Қомаев – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;
А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;
Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;
Р.Ж.Мықтыбекова - білім бөлімініңбас маманы - комиссия хатшысы.
Қатысқаны : барлық комиссия мүшелері
Күн тәртібі:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Отырысты білім бөлімінің басшысы А.У.Бименбетов ашты. Сөзіндеең бірінші басты назарда Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қағидасын басшылыққа алатынын атап көрсетті.
Көрсетілген мерзім бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа 1 өтініш түсті.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа түскенмектепке дейінгі мекеме:
1.150 орынға Абай ауылы, Төркеқұл Дутбаев көшесі № 34 үйде
орналасқан «Ерке-Есіл» ЖШС-нің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы.
«Ерке-Есіл» ЖШС директоры Кишкентаева Аширкуль Алдашбековна.
Жоғарыда аталған жекеменшік балабақшаның конвертін комиссия мүшелері ашып, құжаттарын тексерді.
Балабақшалардың конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдері:
1) Комиссия төрайымының атына мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында жарияланған конкурсқа қатыстыру туралы өтініштері.
2) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік тіркеу туралыкуәлігі, жарғысы, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтамасы,салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтамасы.
3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлігіне құқықты орнатушы құжаттарының көшірмесі.
4)"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының көшірмесін;
5) Балабақшалардың медициналық кабинетінің лицензиялары;
6) Білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы міндеттемесі;
7) Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаметіне қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы берген хабарламасы.
Конкурстық комиссия мүшелері құжаттарын ұсынған балабақшаның конкурстық құжаттамаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып, ашық дауыс беру жолымен 2019 жылдың 25 қыркүйегінде шешім етті:
1.«Ерке-Есіл» ЖШС-нің «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы конкурсқа
жіберілген құжаттарындағы кемшілігін:
Банктен қарызының жоқтығы туралы анықтамасының мерзімі сәйкес емес
(16.07.2019 ж.) және 1650 тг. қарызы бар болғандықтан, аныңтаманы жаңарту;
2.Конкурстық комиссияға түскен құжаттардағы кемшіліктітолықтыру
үшінәлеуетті өнім беруші бес күнде (жұмыс күндері) 2019 жылдың 1 қазан күні сағат 18.00-ге дейін Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес толықтырылсын.