Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар
» » 2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ

2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ

Информация
506
0


Аудан бойынша 2020-2021 оқу жылында 47мектепте 20913 оқушы білім алуда. Оның ішінде 21 мектепте (Абай /а/, Алға, Еңбекші, Жайсан, М.Маметова, Ә.Молдағұлова, Т.Рысқұлов /а/, Т.Әшімбаев, М.Ғабдуллин, Ы.Алтынсарин /а/, Ж.Баласағұни, Қ.Сәтпаев орта мектептері, Жиенбет, О.Жандосов негізгі мектептері, С.Мұқанов, Еңбек, Еспе, Көктөбе, Жиделі, №48, Алға бастауыш мектептері) 2999 оқушы дәстүрлі режимде оқиды. 26 мектепте 11684 оқушы қашықтықтан білім алуда.

Аудан бойынша оқумен қамтылған 20913 оқушы 1100 сынып комплектісіне топтастырылып, сынып толымдылығы 19 құрайды.

Оның ішінде 1-4 сыныптарда 469 сынып комлектісінде 9049 оқушы, 5-9 сыныптарда 507 сынып комплектісінде 9845 оқушы, 10-11 сыныптарда 124 сынып комплектісінде 2019 оқушы бар.

Кезекші сыныптар бойынша:

1-4 сыныптарда 590топта 7577 оқушы, 5-9 сыныптарда 126 топта 1650 оқушы, 10-11 сыныптарда 57топта 637 оқушы, барлығы 773 топта 9864 оқушы бар.

Қала мектептері бойынша:

1-4 сыныптарда 178сынып комплектісінде 3913 оқушы, 259 топта 3449 оқушы, 5-9 сыныптарда 101сынып комплектісмінде 4239 оқушы, 10-11 сыныптарда 44 сынып комплектісінде 813 оқушы, 12 топта 149 оқушы бар. Барлығы 423сынып комплектісінде 8965 оқушы, 271 топта 3598 оқушы бар.

Ауыл мектептері бойынша:

1-4 сыныптарда 291сынып комплектісінде 5136 оқушы, 331 топта 4128 оқушы, 5-9 сыныптарда 306сынып комплектісінде 5606 оқушы, 126 топта 1650 оқушы, 10-11 сыныптарда 80сынып комплектісінде 1206 оқушы, 45 топта 488 оқушы бар. Барлығы 677сынып комплектісінде 11948 оқушы, 502 топта 6266 оқушы.

2020-2021 оқу жылында мектепалды даярлық тобында 76 сынып комплектісінде 1272 оқушы бар.

Аудан бойынша барлығы 55 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 37 балабақша (23 мемлекеттік, 14 жекеменшік), 28 шағын орталық.

1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 92%, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 100% құрайды.

Аудандағы 37 балабақшада 160 кезекші топ ашылып, 2370 бала тәрбиеленуде. Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап С.Сейфуллин және М.Мақатаев атындағы орта мектептері жанындағы шағын орталықтарда 4 қосымша топ ашылып, 60 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады.

Қашықтықтан оқитын 11684оқушының 6116 жеке компьютерлік құрылғылармен қамтылған. 5568оқушыда компьютерлік техника жоқ. Аталған оқушыларға 5568 компьютерлік техника қажет болған. Оның ішінде 4317-і компьютерлік техникамен қамтылады:

-1607-і мектептердегі жұмыс жағдайындағы компьютерлермен қамтылды;

-ҚР Үкіметі резервінен 200 планшет берілді.

-328 ноутбук жергілікті бюджеттен қосымша үнемделген қаражаттан 82 млн теңгеге сатып алынады;

-2182 компьютерлік құрылғы (200 планшет, 1691 ноутбук, 291 компьютер) ҚР Үкімет резервінен алынады.

Аталған компьютерлермен бірінші кезекте әлеуметтік әлсіз отбасылар қамтылуда.Сондай-ақ, әлеуметтік әлсіз 1300 отбасыдан шыққан 2482 баланы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында роутерлер сатып алуға және 4 айға «Білім» тарифін қостыруға жалпы сомасы 30 млн. 108 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні, «Алтел» компаниясынан 970 роутер мен «Білім» тарифы қосылған Сим карталар алынып, аз қамтылған оқушыларға таратылды. «Билайн» компаниясынан 330 роутер мен «Білім» тарифы қосылған Сим карталар резервке қойылды.

Қашықтан оқытатын 26 мектепте 15466 оқушы «Дарын-онлайн» платформасында оқытылуда.

Аудандағы қашықтан оқыту іске асырылатын 4 елді мекенде (Шоқпар,Бірлікүстем, Мойынқұм, Алға) сымды интернет желісі жоқ және мобильді интернет желісі әлсіз. Осы елді-мекендерде 5 мектеп орналасқан.

Бүгінгі күні, Шоқпар елді мекенінің интернеті «Транстелеком» АҚ-ның тарапынан интернетке қосылу нүкетелерінің санын арттыру арқылы шешілуде.

Қалған 3 елді мекендегі интернет желісі «Қазақтелеком» АҚ-ның тарапынан 4G LTE модемдер арқылы шешу көзделуде.

Аудан бойынша барлығы 2245 мұғалім бар. Оның ішінде 13451-күндізгі, 11840-сырттай оқу орнын бітіргендер. 3469 мұғалім Қырғызстан Республикасының ЖОО бітірген.

2245 мұғалімнің 1900 (84,6%) жаңартылған білім беру мазмұны бойынша және 100 пайыз қашықтықтан білім беру бойынша курстан өткен.

2019-2020 оқу жылында 8680 (43%) оқушы қосымша білім берумен қамтылған.

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев