Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының
№13 хаттамасы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі
Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй 2.10.2019 жыл сағат 16-00
Конкурстық комиссияның құрамы:
А.У.Бименбетов – аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрағасы.
Комиссия мүшелері:
С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің үнеудемшісі;
Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
Н.К.Султанбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
А.Ш.Қомаев – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;
А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;
Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;
Р.Ж.Мықтыбекова - білім бөлімініңбас маманы - комиссия хатшысы.
Қатысқаны : барлықкомиссия мүшелері
Күн тәртібі:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралыкомиссия мүшелері әлеуетті өнім берушінің ұсынған конкурстық құжаттарын қайта қарап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін және балабақша құжаттағы кемшілікті жойғанын ескере отырып, ашық дауыс беру жолымен 2019 жылдың 2 қазанында шешім етті:
Абай ауылы, Төркеқұл Дутбаев көшесі № 34 үйде орналасқан «Ерке-Есіл» ЖШС-нің 150 орындық «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасына – 50 балаға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін тізімге еңгізу.