Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар
» » Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа жіберу туралы №8 хаттаманың көшірмесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа жіберу туралы №8 хаттаманың көшірмесі

Ақпарат
705
1

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа жіберу туралы

№8 хаттаманың көшірмесі

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі

Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй

20.09.2018 жыл сағат 10-00


Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

М.А.Базарова – аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрайымы;

С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Е.Е.Аймамбетов – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

З.Н.Турсымбекова - білім бөлімініңәдіскері - комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 6

Қатыспаған: 1

Комиссия мүшесі, Е.Е.Аймамбетов –Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры себепті жағдаймен.

 

Күн тәртібі:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.

Отырысты білім бөлімінің басшысы М.А.Базарова ашты. Сөзіндеең бірінші басты назарда Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қағидасын басшылыққа алатынын атап көрсетті.

Көрсетілген мерзім бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа 4 өтініш түсті.

Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған төмендегідей әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат берілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа түскенмектепке дейінгі мекемелер:

1.75 орынға Төле би ауылы, Жақсыбай көшесі № 51 үйде орналасқан «Шарапат-2018» ЖШС-нің «Лашын» бөбекжай-балабақшасы.

«Шарапат-2018» ЖШС директоры Г.А.Жунисалиева.

 

2.75 орынға Төле би ауылы, Ажибаев көшесі № 47А үйде орналасқан «Шу Нұр-Аш» ЖШС-нің «Нұр-Аш» бөбекжай-балабақшасы.

«Шу Нұр-Аш» ЖШС директоры Р.Н.Абильбекова.

 

3.100 орынға Бірлік ауылы, Панфилов көшесі № 2А үйде орналасқан «Ханшайым Амира» ЖШС-нің «Алмар» бөбекжай-балабақшасы.

«Ханшайым Амира» ЖШС директоры А.М.Мурзабекова.

 

4.55 орынға Шу қаласы, Ақансері көшесі № 6 үйде орналасқан «Аруназ Шу» ЖШС-нің «Аруназ» бөбекжай-балабақшасы.

«Аруназ- Шу» ЖШС директоры С.Ә.Егеубай.

Балабақшалардың конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдері:

1) Комиссия төрайымының атына мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында жарияланған конкурсқа қатыстыру туралы өтініштері.

2) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік тіркеу туралыкуәлігі, жарғысы, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтамасы,салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтамасы.

3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлігіне құқықты орнатушы құжаттарының көшірмесі.

4)"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының көшірмесін;

5) Балабақшалардың медициналық кабинетінің лицензиялары;

6) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы міндеттемесі.

Конкурстық комиссия мүшелері құжаттарын ұсынған 4 балабақшаның конкурстық құжаттмаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып, ашық дауыс беру жолымен конкурсқа қатысуға 2018 жылдың 18 қыркүйегінде шешім етті:

 

1. «Шарапат-2018» ЖШС-нің «Лашын»балабақшасы конкурсқа

жіберілген құжаттарындағы кемшіліктері:

А) Өтініш пен міндеттемені үлгі бойынша толтыру.

2. «Шу Нұр-Аш» ЖШС-нің «Нұр-Аш» балабақшасы конкурсқа жіберілген құжаттарындағы кемшіліктері:

А) Өтініш пен міндеттемені үлгі бойынша толтыру;

Б) Ғимараттың тех.паспортында арнаулы мақсатын дұрыс белгілеу;

В) Медициналық қызметке рұқсат берілген лицензиясының бірінші бетінде мекен-жай дұрыс жазылмаған.

3. «Ханшайым Амира» ЖШС-нің «Алмар»балабақшасы конкурсқа

жіберілген құжаттарындағы кемшіліктері:

А) Өтініш пен міндеттемені үлгі бойынша толтыру;

Б) Банкпен салық басқармасының қарызы жоқтығы туралы анықтамаларының мерзімдері 1 айдан асып кеткен.

4. «Аруназ-Шу» ЖШС-нің «Аруназ»балабақшасы конкурсқа жіберілген құжаттарындағы кемшіліктері:

А) Өтініш пен міндеттемені үлгі бойынша толтыру;

Б) Банкпен салық басқармасынан қарызы жоқтығы туралы анықтамалары жоқ;

В) Ғимаратты арендаға беру бойынша келісім-шартта екі жақтың қойған қолдары жоқ;

Г) Медициналық кабинетінің лицензиясы жоқ.

Конкурстық комиссия мүшелері әлеуеттіөнімдерден конкурсқа түскен құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 9 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып ашық дауыс беру жолымен 2018 жылдың 18 қыркүйегінде шешім етті:

 

1.Конкурстық комиссияға түскен құжаттардағы кемшіліктерді толықтыру үшін әлеуетті өнім берушілер бес күнде (жұмыс күндері) 2018 жылдың 25 қыркүйегінің сағат 10.00-ге дейін Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес толықтырылсын.

 

Төрайымы_____________ М.Базарова

Комиссия мүшелері: _____________ C.Жакипбекова

_____________ Р.Альжанова

_____________ Д.Әліпбаев

_____________ Е.Аймамбетов

_____________ А.Рахматова

_____________ Б.Куандыков

 

Хатшы: ______________З.Турсымбекова

 

 

 

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

1 комментарий