Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар
» » «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
925
0

 

Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 132 қаулысымен бекiтiлген

"Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі– мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 14 мамырында № 11047 тіркелген) "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Жамбыл облысының арнайы білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрықнемесе Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар) табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыру және орындауға жолдау – 1 күннен аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау– 30 тамыздан кешіктірмей;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінеқол қою - 1 күннен аспайды;
5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру– 15 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар өтініш;
2) басшының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;
4) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
1) ) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 15 минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне орындауға жолдайды – 1 күннен ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 30 тамыздан кешіктірмей;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.

4. Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.
10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында - www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.


 

 

 

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту

үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және

арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»

 


 

 

 


 

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев