Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар
» » «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
1 042
0

Жамбыл облысы әкімдігінің

2015 жылғы 25 маусымдағы

№ 132 қаулысымен бекiтiлген

 

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1.Жалпы ережелер

 

1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 14 мамырында № 11047 тіркелген) бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялармен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі

іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар) табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) алдын-ала жазылу журналына тіркелу, көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, талдау,тіркеу және консультацияға жолдау – 15 минут;

2) алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру - 1 сағат;

3) психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау, қол қою – 30 күнтізбелік күн;

4) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру– 15минут.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау;

2) алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру;

3) психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

 

 

3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету

процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің мамандары.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері алдын ала жазылу журналына тіркейді, 15 минут ішінде құжаттардың стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жүргізіп, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің мамандарына жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің мамандары 1 сағат ішінде алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізеді және консультация береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің мамандары 30 күнтізбелік күн ішінде психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізеді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.

 

 

4. Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.

10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшағасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында -www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

 

 

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық

көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентіне

1-қосымша

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық

көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 


 

 

 


 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев