«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
|
Жамбыл облысы әкімдігінің |
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз
түрінде.
3.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: арнайы білім беру ұйымына немесе
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы
бұйрықнемесе Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайлар мен
негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша
іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша
рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының
стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету
үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар) табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің
құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін
қызметті берушінің басшысына жолдау – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын
қарастыру және орындауға жолдау – 1 күннен аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін
дайындау– 30 тамыздан кешіктірмей;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінеқол
қою - 1 күннен аспайды;
5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік
көрсетілетін қызмет нәтижесін беру– 15 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды
бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың)
нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар өтініш;
2) басшының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің
жобасы;
4) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет
нәтижесі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне
қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе
қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты
қызметкері;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын
көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін
сипаттау:
1) )
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап құжаттарды
тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 15 минут
ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті
берушінің жауапты қызметкеріне орындауға жолдайды – 1 күннен ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты
қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және
көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 30 тамыздан
кешіктірмей;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күн
ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін
қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе
қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде мемлекеттік
көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін
қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.
10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы
регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында
- www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту
үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және
арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»
Вернуться назад