Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар
» » Шу ауданының білім саласы туралы ақпарат.

Шу ауданының білім саласы туралы ақпарат.

Ақпарат
674
0

Шу ауданы бойынша білім саласы туралы ақпарат.

2018 жылдың қорытындысы.

Ауданның білім беру саласын қаржыландыруға 2018 жылы 8 млрд. 291млн. 545 мың теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 872 млн 377 мың теңгеге артық (2017 жылы- 7 млрд 419 млн 168 мың теңге).

Жамбыл облыс әкімі мен аудан әкімі арасында келісілген 3 түйінді нысаналы индикатор бар. 3 индикатор толық орындалды. яғни, 1-ші Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балл 2018 жыл жоспар 74 балл, орындалғаны 78,74 балл. (2017 жыл 66,3балл,12,44 балға артты). 2-ші Кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген мектептер үлесі (4 мбит/с) 2018 жыл жоспар 80%, орындалғаны 93,6%. (2017 жыл 47,9%, 45,7% артты).

Анықтама үшін:

3 мектепте (Еңбекші, Жиделі, Рысқұлов(а)) Wi-max технологиясы көмегімен 2 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісі орнатылған.

3-ші Мектептерді Ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру 2018 жыл жоспар 80%, орындалғаны 85,1%, (2017 жыл 6,2%, 78,9% артты). Қазіргі уақытта аудан бойынша 40 мектеп ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған. 2019 жылға 100% қамту жоспарлануда.

Анықтама үшін:

2019 жылы 7 мектепте (Домалақ ене, О.Жандосов, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Жиенбет, Еспе, №48 ішкі сымсыз Wi-Fi желісін жүргізу жоспарлануда.)

Білім басқармасының басшысы мен аудан әкімі арасындағы келісілген 11 түйінді нысаналы индикаторлар бар. Барлық көрсеткіштер орындалды.

1-меже «Мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі». 2018 жыл жоспар -95,8%, орындалғаны 99,9% (2017 жыл 85,5%,14,4% артты).

Анықтама үшін:

2018 жылы 7 жекеменшік балабақша, 530 орын санымен және 25 орынға қосымша топ ашылды. Шу қаласында 75 орындық «Дияр», Шоқпар ауылында 50 орындық «Ару-Толғанай», Бірлік ауылында 100 орындық «Алмар», Шу қаласында 55 орындық «Аруназ», Төле би ауылында 75 орыннан «Лашын» және «Нұр-Аш», Шу қаласында 75 орыннан «Bibinur-A» балабақшалары және «Нұрдәулет» балабақшасында 25 орынға қосымша 1-топ ашылды.

2-меже «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық және кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің үлесі»,2018 жыл жоспар-45,7%, орындалғаны 56,9%(2017 жыл 45,5%, 11,2%).

Анықтама үшін:

Аудандағы мектепке дейінгі ұйымдарда жалпы педагогтар саны 555. Жоғарымектепке дейінгі мамандығы және техникалық-кәсіптік мектепке дейінгі мамандығы бойынша 232 педагог, жалпы педагог санының 56,9% құрайды.

3-меже «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі» 2018 жыл жоспар 44,1%, орындалғаны 44,1% (2017 жыл 42,8%., 1,3% артты)

Анықтама үшін:

Ауданда 2018 жылы 15 балабақшада («Мөлдір», «Айналайын», «Бәйтерек», «Әсия-Әлемі», «Балдырған», «Қуаныш», «Қосқұдық», «Раушан», «Аққайың», «Бұлбұл», «Астана», «Балдәурен», «Інжу», «Бәйшешек», «Ақбота») білім беру қажеттіліктері бар ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалынып 44,1% жоспарланған межеге жетті. 2019 жылы 2 балабақшаға жағдай жасау арқылы 50% көрсеткішке жету жоспарлануда.

4-меже «Қазақстандық оқушылардың ОЖСБ-дағы нәтижелері» 2018 жылы аудан бойынша 9 мектеп (Абай/а/, М.Х.Дулати, М.Мәметова, Еңбекші, Ш.Уәлиханов, Т.Әшімбаев, М.Ғабдуллин, Ы.Алтынсарин/а/, Қ.Сәтпаев)ОЖСБ тапсырды. 4 сыныптағы орташа балл -18,98;9 сыныпта-39,97, 11сыныпта-58.(Облыстық көрсеткіш 4 сынып-19,5; 9 сынып-40,8; 11 сынып-66,1)

5-меже «Педагог қызметкерлердің жалпы санындағы жас педагог қызметкерлердің үлесі» - 2018 жыл жоспар- 3,2% орындалғаны 4% (2017 жыл-2,9%,. 1,1% артты). Аудан мектептерінде 2017-2018 оқу жылында 80 жас маман жұмысқа қабылданды. Олар педагогтардың жалпы санынан 4% құрайды.

6-меже «Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі» - 2018 жыл жоспар-60%, орындалғаны 61,7%. (2017 жыл-4,1%, 7,6% артты).

Анықтама үшін:

Аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 161 бала үйде оқумен, 185 бала инклюзивті біліммен, 21 бала түзету сыныптарында қамтылған. 29 мектепте (Ғ.Мұратбаев, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин, Төлеби/қ/, Алтынсарин/қ/, №40, А.С.Макаренко, Е.Бекмахановм/г, М.Мақатаев, Төле би/а/, Ы.Алтынсарин/а/, Алға, Т.Әшімбаев, М.Х.Дулати, М.Мәметова, М.Әуезов, Жамбыл, М.Ғабдуллин, Жамбыл гимназиясы, Б.Момышұлы, Абай, С.Шәкіров, Мойынқұм, Жібек-жолым/л, Еңбекші, Қ.Сәтпаев, С.Естемесов, С.Мұқанов, Ж.Баласағұн) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, ол жалпы мектептердің 61,7% құрады. 2019 жылы 2 мектепке инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау арқылы 72% көрсеткішке жету жоспарлануда.

7-меже «Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі 2018 жыл жоспар 40%, орындалғаны 40%. (2017 жыл 37%, 3% артты). Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын 7 қосымша білім беру ұйымдарында 138 үйірмелерде барлығы 7839 оқушы, яғни аудандағы жалпы оқушылардың 40% -ы қамтылды.

8-меже «Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорттық турнирлерімен (Оқушылар спартакиадасы және т.б) қамтылған білім алушыларлың үлесі» 2018 жыл жоспар-50%, орындалғаны 60% (2017 жыл 47,4%., 12,6% артты) 622 спорттық үйірмеде 11730 бала қамтылуда.

Анықтама үшін:

Мектептерде 477 үйірме 8639 бала қамтылған, Мектептен тыс мекемелерде 145 үйірмеге 2570 3 жекеменшік спорт орталығында 561 бала қамтылған.

9-меже «Рухани жаңғыру»бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі іс – шараларға қатысқан оқушылардың үлесі» 2018 жыл жоспар 75% орындалғаны 100%.

Анықтама үшін:

Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі 58 іс – шара өткізілді.

10-меже «Мектептердің роботехника кабинеттерімен жабдықталуы» 2018 жыл жоспар-30%, орындалғаны 31,9% (2017 жыл 22,9%.,9% артты).

2018 жылы 4 мектеп (М.Әуезов,Ы.Алтынсарин (қ), С.Сейфуллин, А.С.Макаренко)робототехника кабинетімен жабдықталды. Аудандағы 15 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасауда. 2019 жылы тағы 6 мектепті робототехника кабинетімен жабдықтап, 44,7% жету жоспарлануда.

11-меже «Жалпы орта білім беретін мектептердегі мұғалімдердің жұмыс орнын компьютермен жабдықтау» 2018 жыл жоспар-50% орындалғаны 89,5% (2017 жыл 20,8%.,68,7% артты)

Жалпы 47 мектепте барлығы 2470 компьютер бар. Жалпы оқу кабинеті саны 1212, оның 1085-і мұғалім компьютерімен жабдықталған. 2018 жылы 104 мультимедиалық құрылғылар, 376 дана компьютер комплектісі, 16 ноутбуктер сатып алынды. 2019 жылы мектепті барлық кабинеттерді компьютер жабдықтап, 100% жету жоспарлануда.

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша:

Ауданның 57мектепке дейінгі білім мекемелерінде (мемлекеттік -23, жекеменшік – 12, 19 шағын орталық) - 4413 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында 91,6% (облыста – 84%), 3-6 жас аралығында99,9 %-ды құрайды (облыста –98%). Бүгінгі күнде 0-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 556. Соның ішінде: 3-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 7.

2018 жылы ауданымызда 7 балабақшасы ашылды, казіргі таңда 12 жекеменшік балабақшада 1040 бала тәрбиеленуде.

Орта білім беру саласы бойынша:

Ауданның 47 мектебінде 19593 оқушы білім алуда (2017 жылы 18880 оқушы).

Орта білім беру саласында 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасымен оқытылуда.

Шу ауданы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі 2018 жылы4 (М.Х.Дулати, Төле би/қ, Жібек жолы мл, №40мл) мектепте (2017 жылы 1 мектепте)енгізілді.

2018 жылы 23 мектепте жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылуда. Алдағы уақытта 27 мектепте оқытылатын болады.

Анықтама үшін:

Физика, информатика, химия, биология пәндерін8-сыныптарда (114 сынып топтамасында(17 орыс, 97 қазақ) 1033 оқушы қамтылды. (38-мұғалім ағылшын тілінде оқытуда).

Сапалы білімінің көрсеткіштерінің бірі оқушылардың барлық деңгейдегі пән олипмиадаларға қамту нәтижесі десек, 2018 жылы «Дарын» Республикалық Ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген олимпиада бойынша 807 оқушы жүлделі (1орын-188, ІІ орын-250, ІІІ орын-369) орынға ие болса,«Зерде» Республикалық ғылыми жоба жарысынан 5 (2-алтын, 3күміс)медаль иегері, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен 8-і (II орын-2 III орын-6) және 2 оқушы (II орын-1 оқушы иеленіп, грант иегері атанса, 1 оқушы III орын) Республикалық кезеңінің жүлделі орын иегерлері.Сонымен қатар 3 оқушы Халықаралық ғылыми жоба жарысының (2-алтын, 1 қола медальді) иеленді.

2018 жылы ОЖСБ-оқушы жетістіктерін сырттай бағалау қорытындысы бойынша 4-сыныпта орташа баллы-18, 8, 9-сыныпта 39, 3,11-сыныпта 57,25. 2017 жылмен салыстырғанда 4сынып 1,12 баллға, 9 сынып 4,7 балл кеміді, 11 сынып 13,66-балға артты

2018 жылғы ҰБТ-ның орташа баллы 78,7 баллды құрады. 2017 жылмен (66,3 балл) салыстырғанда орташа балл 12,3 баллға артқанымен, облыстық көрсеткіштен (89.4 балл) 10,7 баллға төмен болды. Бұл рейтинг бойынша облыстық көрсеткіштің ең соңғы орны.

Білім сапасы педагогтардың кәсіби, шығармашылық потенциалына байланысты десек, 2018-2019 оқу жылында 2230 (2017-2018 оқу жылында 2215) педагог қызметкер жұмыс атқарды, оның 2069 жоғары(92,7%), өткен оқу жылмен салыстырғанда жоғары білімді мұғалімдердің саны 26 педагогқа артқан.

Анықтама үшін:

«жоғары» санатты педагогтар саны-550 (24,6%),«бірінші» санатты, педагогтар саны –528 (23,6),«екінші» санатты педагогтар -527 (23,6%),«санаты жоқ» педагогтар саны – 338 (15,1%),

«педагог шебер»-10 (0,4%), «педагог-зерттеуші» – 102 (4,5%), «педагог-сарапшы»-106 (4,7%), «педагог-модератор»-69 (3%) педагог өтіп отыр.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 1448 мұғалімінің (65%) жалақысы 30%-ға көбейді. Мұның барлығы мұғалім беделін арттыруға бағытталған. Біліктілігін дәлелдеген 151мұғалімге 30-дан-50% дейін қосымша үстем ақы 1 қыркүйек айынан бастап төленсе, 136 мұғалімге 2019 жылдың 1 қантарынан төленуде.

Жалпы, 1460 (65%) педагог жаңартылған мазмұн бойынша кәсіби біліктілігін арттырды.

Педагогтарға кәсіби қолдау көрсету мақсатында, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, аудандық әдістемелік кабинеті жанынан әдістемелік десант тобы құрылды.

Әдістемелік десант жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын жүзеге асыруда кездескен кедергілерді анықтау үшін іс әрекетті зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, пән мұғалімдері біліктіліті арттыру курстарынан өтсе де,оқу мақсаттарына сәйкес сабақ барысында саралауды, кері байланысты және критериалды бағалауды жүргізуде қиналатындығы анықталды. Әдістемелік кабинет аталған кедергілерден шығу үшін Тараз қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының және Астана қаласындағы «Ustaz» біліктілікті жетілдіру орталығының тренерлерімен бірлескен 13 әдістемелік күндер мен семинарлар өткізіп, Қысқы, Жазғы мектептердің жұмысы жолға қойылып, 1507 педагог қамтылды. 35 мектепке әдістемелік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, тәжірибелі мамандардың сабақ беру әдістемелерін жетілдіру мақсатында «Онлайн шеберхана», «Сырттай оқыту», «Қашықтықтан оқыту» мектептерінде ауданның үздік мұғалімдері 54 облыстық онлайн-сабақ өткізді. 89 педагог аудандық, 28 педагог облыстық, 15 педагог республикалық деңгейде іс тәжірибесін таратты.

Аудан бойынша 53 пәндік байқаулар өткізіліп, оған 280 педагог қамтылып, облыстық деңгейден 33-і (I-5, II-6 III-22) және республикалық деңгейден 5-і (1 бас жүлде, II-1 III-3)жүлдегер атанды.

Оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырылуы мектеп басшысының кәсіби біліміне тікелей байланысты.

47 мектеп директорларының 100%-ы жоғары білімді. Оның ішінде 34 (72,3%) күндізгі бөлімін, 13 (27,6) сырттай бөлімін бітірген.

ЖОО-ң сырттай оқу бөлімінің бітірген мектеп директорлардың:

-2-бастауыш мектептің меңгерушілері (Еспе б.м., №48 б.м.,)

-11-орта мектептің директорлары(М.Әуезов, Ж.Баласағұни, М.Ғабдуллин, №18 М.Әуезов, С.Естемесов, О.Жандосов, Жамбыл о.м., М.Мәметова о.м., Төле би (а) о.м., Еңбекші о.м., Ы.Алтынсарин (а) о.м.)

Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру жұмыстары бөлімнің бақылауында. Соңғы 3 жылда 45 мектеп басшысы біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Мектеп директорлары Қамқоршылық қеңестерінің алдына жылына 2 рет есеп беруі қолға алынды.

«Білім беру саласын цифрландыру бойынша:

Бұл бағытта ауданда 1 ІТ (Жібек жолы мектеп-лицейі) сынып ашылды. 4 мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталды. 93,6% мектеп жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды. 1212 оқу кабинетінің 1085-і (89,5%) компьютермен жабдықталды.

Қазіргі таңда ауданымыздағы 35 балабақша, 18 шағын орталыққа балаларды кезекке қою және жолдама беру,47 мектепке оқуға қабылдау,педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау 2019 жылдан бастап 100% автоматтандырылған жүйеге көшті.

Тәрбие және қосымша білім беру бойынша:

Аудандағы 7 мектептен тыс мекемелерде 7839 (40%) оқушы қосымша білім алуда. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінде түрлі бағыттардағы үйірмелерге оқушылардың қызығушылықтары бойынша 8706 (44%) бала қамтылған.

Жергілікті полиция қызметімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, мектеп инспекторларының қамқоршылық кеңестері алдында тоқсан сайын есеп беру мәселесі бекітілді. 2018 жылғы қазан-қараша айларында алғашқы есептері тыңдалса, 2019 жылдың наурыз-сәуір айларында кезекті есептері тыңдалатын болады. Кестесі ауданның полиция бөлімімен келісілді (есептерге маслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер, «Нұр Отан» партиясы, ата-аналар қауымдастығы өкілдері қатысатын болады).

Облыс әкімдігінің білім басқармасы мен ауданның білім беру саласы арасында мектептен тыс білім беру ұйымдарында қамтылған балалар санын арттыру жөнінде межелер белгіленді (2018 жыл қорытындысымен аудандық көрсеткіш 40% болып қалыптасты).

Ата-аналардың құқығы мен міндеттеріне қатысты құқықтық заңнамаларды ескере отырып, құқық бұзушылықтыңалдын алу мақсатында 9 жайсыз отбасы есепке алынып, олармен осы бағытта жүргізілетін жұмыс бөлімнің бақылауына алынды.

«Жас сарбаз» қозғалысы бойынша аудандағы 40 мектепте әскери-патриоттық сыныптар құрылып, оның жұмысын жалғастыру қолға алынды. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Жас сарбаз» аудандық форумын өткізу жоспарлануда.

Өзіне өзі қол жұмсау мәселесі бойынша 40 мектепте «ЮНИСЕФ» БҰҰ-ның жобасы енгізіліп, 4 психолог «тренер» сертификаттарын алды. Тоқсан сайын педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған семинарлар ұйымдастырылуда.

Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында қыздар арасында ұлттық дәстүр мен тән сауаттылығын қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізетін «Қыз Жібек» қыздар клубтары құрылды (40 клуб).

«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» тәрбие бағытындағы «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жобасын аудандағы мектептердің тәжірибесіне енгізу жоспарлануда. Жобаға жоғары сыныптың (7-11 сынып) оқушылары қамтылған.

1)«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу жобасы(оқушылар туған

туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді);

2. «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы (оқушылар қоғамдағы зиялы қауымның еңбектерімен танысады);

3. «Bookcrossing» акциясы (Үздік кітапхана байқауы);

4. «Өнер күндері» жобасы (қазақтың 100 әні, 100 күйінің жобасын тарихын зерттеу, қорғап, танып білу);

5.«даналық бейсенбі» жобасы (әр айдың бірінші аптасының бейсенбі күні танымал, тарихи тұлғалар бойынша жұмыстар қорғау);

6. «Шаңырақ сағаты» жобасы (командалық жұмысқа үйрету);

7. «TedxNIS» жобасы (шешендік өнер қабілетін қалыптастыру)

Қол жеткізілген нәтижелер:

1)Кәмелетке толмағандарарасындағы құқықбұзушылық пенқылмыс

саны 3-ке кеміді;

2)БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» жобасы ауданның 40 мектебіне енгізілді;

3)Мектеп формасын сақтамайтын яғниғ орамал тағып келетін оқушылар мәселесі шешілді.

Бала құқығын қорғау саласы бойынша:

Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 173(2017 жылы-168) бала бар. 0-14 жас аралығында-74(72) бала қорғаншылықта, 14-18 жас аралығында-58(56) бала қамқоршылықта.

Патронаттық тәрбиеде, отбасы үлгісіндегі балалар үйлері, қабылдаушы отбасында балалар жоқ.

2018 жылы 3 ата-ана (2017 жылы 5 ата-ана), ата-ана құқығынан айырылса, 1 ата-ана, ата-аналық құқығынан шектетілді.

Анықтама үшін:

Қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін жәрдемақы тағайындау мен төлеумәселесі бойынша 130 (128) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға 10 айлық (24050 теңге )есептік көрсеткіш мөлшерінде 84 қамқоршыларға төленіп отыр.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлығы тұрғын үй кезегіне қойылды.

Жамбыл облысының «Үміт» мамандандандырылған бөбектер үйінде-1 бала, № 1 Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде- 9 бала орналастырылды.

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев