Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар
» » Білім қызмектерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесіндегі бөлім басшсы М.Базарованың баяндамасы

Білім қызмектерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесіндегі бөлім басшсы М.Базарованың баяндамасы

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепк
881
0

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.А.Базарованың білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі

БАЯНДАМАСЫ


ҚҰРМЕТТІ Қайрат Әскербекұлы!

Қадірлі қонақтар, құрметті әріптестер!

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Осыған орай Елбасымыз «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» - деп өзінің Қазақстан халқына Жолдауында білім саласының жаңа жаһандану заманына ілгерілеу керектігін айқындап берген болатын.

Елбасының «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейіне қарай айқындалады» деген тұжырымы жаңа оқу жылында білім қызметкерлерінің басты бағыты болмақ.

Осы жағдайда педагог маман ең алдымен терең және жан-жақты ғылыми білімді болуы, өз мамандығының шебері, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, қоғамның белсенді тұлғасы болуы талап етіледі.

Осы орайда биылғы оқу жылының басталуына тың серпіліс беретін кеңесте алдағы мақсат пен міндеттерімізді айқындап, маңызды мәселелерге толыққанды тоқталғанды жөн деп санаймын.

Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім мен тәрбие ең маңызды мәселе. Сондықтан бала дамуындағы осы кезеңінің маңыздылығы білім беру қызметіне одан әрі табысты дайындықтың негізі ретінде жылдан-жылға артып келеді.

Әлемдегі 40 елдің білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім беру деңгейі міндетті болып табылады. Елімізде соңғы бес жылда мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың дамуы - білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының бірі болуда. Оған дәлел аудан көлемінде жекеменшік мектепке деңгейгі ұйымдардың желісін кеңейту бойынша ауқымды жұмыстардың жүргізілуі. Желі саны соңғы 2 жылда 5- тен 11-ге артты. Бұған мемлекеттік тапсырысты орналастыру елеулі деңгейде ықпал етті.

3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 85,5%-дан88,5%-ға өсті. 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту 51,7%-ден – 64,1% -ға өсті.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда (23 мемлекеттік, 11 жеке меншік, 19 шағын орта) 4304 бала тәрбиеленсе, 0-6 жас аралығындағы 702 бала балабақша кезегінде тұр.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің дамуы педагог кадрлар санының өсуінеде ықпал етуде. Бүгінгі күнге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 534 педагог қызмет атқарады.

Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесін арттыру мақсатында нақты жұмыстар жүргізіліп, оның ішінде жеке инвестицияларды белсенді тарту бағытында жұмыстар жалғасатын болады.

Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар!

Орта білім беру саласында 2016 жылдан жаңартылған мазмұнға көшу басталды.

Биылғы, 2018-2019 оқу жылында 3,6,8-сыныптар мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқи бастайды. Ал 4,9,10,11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен оқитын болады.

Жаңартылған білім мазмұнын оқыту жағдайында проблемаларды шешу дағдылары, сыни ойлау, креативтік, эмоцоналдық интеллект сияқты басты қасиеттерге ие болады.

Сондықтан аудан ұстаздарынан белсенді, шығармашыл, сыни, талдамалық тұрғыда ойлай алатын, бұрынғы белгісіз проблемаларды шешуге, өзгерістерге бейімделуге, жаңалық ашуға қабілетті адамдарды дайындауға шоғырландыру білім бөлімі мамандарының басты мақсаты болады. Сондай-ақ функционалдық сауаттылық, IT сауаттылық, ағылшын тілін білу, адамгершілігі мол азаматтық кемелдеу де маңызды.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін ауданымызда 2017-2018 жылдан жаңартылған білім мазмұнын енгізу шеңберінде үш тілде оқытуға кезең-кезеңімен көшуге және жеке пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізуге дайындық жүзеге асырылды. Жаратылыстану – математика циклын ағылшын тілінде оқытуды енгізуге байланысты 77 мұғалім үштілдік курстан өтіп, осы оқу жылында 13 мектепте (Төле би /қ/о.м., Төле би /а/о.м., С.Сейфуллин о.м., №40 ом, М.Макатаев о.м., Жібек жолы м.л., Жамбыл м.г. М.Әуезов о.м., Әл-Фараби о.м., Т.Рысқұлов о.м., Жайсан о.м., Ғ.Мұратбаев о.м., Б.Момышұлы о.м. Е.Бетмаханов о.м.) физика, информатика, химия, биология пәндерін 8-сыныптар (735 оқушы) пилоттық режимде ағылшын тілінде оқытылады, оған 735 оқушы, 9 мектепте (Ш.Уалиханов, Алға о.м, Еңбекші, Дулати о.м, №49 о.м, А.С.Макаренко,М.Әуезов о.м, Баласағұн о.м) жекелеген пәндерді оқытуда ағылшын тілінің элементтерін енгізіп жүргізеді, оған 227 оқушы қамтылады. Жергілікті бюджеттен педагогтарға үстемақы төлеу үшін 19 млн. 610 мың теңгеқарастырылды.

Химия, физика, биология, информатика пәндері бойынша ағылшын тіліндегі курстардан өтіпB1, B2,С1,С2 деңгейіндегі сертификаттарды иеленген барлық мұғалімдер аталған пәндерді ағылшын тілінде жүргізуді кезең -кезеңімен іске асыратынболады.

Құрметті әріптестер, мемелекет тарапынан білім саласын қаржыландыру, қолдау жасау жылдан жылға артуда. Өйткені ұлт жетістігі білімнің үстемдік құруына байланысты екені мемлекеттің тікелей назарында.

Биыл ауданның білім саласына 8 млрд. 131 млн.теңге қаралды. Бұл өткен оқу жылына қаралған қаржымен салыстырғанда 730 млн.теңгеге артық. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 187 млн.қаржыға Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол жұмыс аяқталуда.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, мектеп оқушылары тегін оқулықтармен қамтамасыз етілуде. Жаңа оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына көшкен 3,6,8-сыныптар 100 % оқулықтармен қамтылды, бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 230 млн.қаражат қаралды.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 2018 жылдың қаңтар айынан бастап қосымша ақы төлеуге республикалық бюджеттен -319 млн 731 мың теңге қаралған.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 Бұйрығына сәйкес биыл елімізде педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілгені мәлім. Осыған орай, Ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап республикалық бюджеттен төлеу үшін -34 млн 654 мың теңге бөлінді.

Екі кезеңнен тұратын жаңа форматтағы аттестаттау- мұғалімдердің білім- білік дағдыларын жүйелеу арқылы,сапасын анықтаудың тиімді жолы.

2017-2018 оқу жылында мерзімінен бұрын атестаттаудан өтуге 311 педагог қызметкерлер өтініш білдірсе, оның 51,5 % (160 мұғалім) Ұлттық біліктілік тестілеуден өте алмады. Әрине, бұл көрсеткіш ауданымыздың ұстаздар қауымына абырой әкелмегені анық. Бұл мұғалімдер ағымдағы жылдың қараша айында қайта тестілеуден өтетін болады. Мұғалімдерге арналған тестілеудің жыл сайын жүргізіліп отыруы аттестаттаудың бір жүйеге түсуіне, келесі аттестацияны бес жылға дейін күтіп, қамсыз отыруына жол бермейді, керісінше жыл сайын білімін толықтырып, деңгейінің көтерілуіне септігін тигізеді және жалақысы өсіп отырады. Айналып келгенде ұстаздың білімі мен біліктілігі оқушының оқу бағдарламаларын меңгеруінің кепілі.Осы орайда, мектеп бітірген білім саласының негізгі көрсеткіші болып отырған ҰБТ қортындысын айта кеткен жөн.

Биылғы ҰБТ-ның орташа баллы 78,7баллды құрады. 2017 жылмен (66,3 балл) салыстырғанда орташа балл 12,3баллға артқанымен, облыстық көрсеткіштен (89.4 балл) 10,7 баллға төмен болды. Бұл реитинг бойынша облыстық көрсеткіштің ең соңғы көрсеткіші.

Тестілеуге қатысқан 553 түлектің 457-сі (82,6%) шекті деңгейден өтіп, 96-сы (17,36%) 2017 жылы 542түлектің 187-і (34,5%) шекті деңгейден өте алмады.

Шекті деңгейден өте алмаған 96 түлектің ішінде 89(16%) жекелеген пәндерден 0-4 балл аралығында жинап (2017 жылы 187 (34,5%) түлек 0-4 балл жинаған), өте төмен білім деңгейлерін көрсетті.

Соның ішінде 2 оқушы 0 балл алып отыр (2017 жылы 10-оқушы 0-балл алған). Олар - С.Сейфуллинатындағы орта мектептің түлегі (Жұмахан Нұрайлым) математикалық сауаттылық және химия пәндерінен 0 балл алды. Химия пәнінің мұғалімі Қожакеева З.А. – еңбек өтілі 12 жыл, ІІ санатты, күндізгі оқу орнын бітірген педагог. Математикалық сауаттылық бойынша мұғалімі Таткеева Г.М. – еңбек өтілі 31 жыл, жоғары санатты, күндізгі оқу орнын бітірген педагог. Екінші оқушы - Төле би /қ/ мектебінің түлегі (Нарбай Асхат) физика пәнінен 0 балл алды. Мұғалімі Абаева Ш.Т. – еңбек өтілі 25 жыл, жоғары санатты, күндізгі оқу орнын бітірген педагог.

Мектеп бітіруші түлектердің қазақ (28,6 б), орыс (24 б), ағылшын тілдері (22,9 б), биология пәндерінен (22.3) орташа балдары жоғары болып, Адам. Құқық. Қоғам (17.2б), дүние жүзі тарихы (15.8), оқу сауаттылығы (15,78) пәндерінен және математикалық сауаттылықтан (10,65б) орташа баллдары төмен болып отыр.

Жаңа оқу жылында жоғарыда аталған пәндердің оқытылуы зерделеніп бақылауға алынатын болады.

Құрметті кеңеске қатысушылар! Білім мазмұнын жақсарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту - білім берудің басым мақсаттарының бірі. Осы орайда аудан мектептері PISA (15 жасар оқушылардың математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын,сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау), TIMSS (4-ші және 8-сынып оқушылардың математикалық және ғылыми жаратылыстану-----сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS(ПИРЛС) (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары туралы кеңестерде талдау жасап, функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жоспарлы түрде іске асыру қажет. Яғни, мектептегі білім беру жүйесі балалардың математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау, сапасын зерделеу дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлға аралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдауға бағытталуы тиіс.

ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (сауалнама) «TALIS-2018» ағымдағы жылдың наурыз айында өтті. Зерттеуге Төле би /қ/, С.Сейфуллин орта мектептерінің 5-9сыныптарға сабақ беретін 40 пән мұғалімдері қатыстырылды. Зерттеуге қатысқан педагогтардың репрезентативті іріктелуі халықаралық зерттеу консорциумымен анықталды.

Халықаралық «TIMSS- 2018» апробациялық зерттеу Қ.Сәтбаев орта мектебінің 4 сынып оқушысы (15 оқушы) және 8 сынып (23 оқушы) оқушыларынан және олардың ата-аналарынан жаратылыстану мен математикалық сауаттылық деңгейін бағалау үшін сауалнама алынды.

PISA халықаралықзерттеуіне Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясы мен Шу қаласындағы С.Сейфуллин орта мектебінің 15 жастағы 42 оқушысы қатысты. Аталған зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Сонымен қатар, 8- сынып оқушыларының IT құзыреттерінің деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтау мақсатында ICILS-2018 (АЙСЛС) халықаралық зерттеуге №40, Мойынқұм орта мектептерінен 20оқушыдан қатысып, компьютер арқылы жобалық сұрақтарға жауап берді. Халықаралық зерттеулердің нәтижелері 2019 жылдың желтоқсан айында жарияланатын болады.

Міне сондықтанда, мұғалімдер қауымының алдында тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлуметтік бейімделу де қолдану білігін беруі тиіс. Яғни, оқушылардың функционалдық сауаттылығын одан әрі дамыту жұмыстарын жүргізу қажет. Осы орайда, аудандық әдістемелек кабинет халықаралық зеттеу тапсырмаларын мектеп тәжірбиесіне енгізудің тиімді жолдарын көрсету қажет.

Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар!

Елбасы Жолдауының «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде»-деген іспен жалғастыру ауданымызда оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу, мектептерді видеоқұрғылармен, роботатехникамен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру арқылы іске асырылуда.

«Күнделік» автоматтық ақпараттық жүйесіне ауданның 11 мектебі 2016 жылы (Е.Бекмаханов м.г., М.Әуезов, С.Шәкіров, А.С.Макаренко, Жібек жолы, С.Сейфуллин, Төле би (қ), Абай (а), Б.Момышұлы, Ы.Алтынсарин (а), Ж.Баласағұн орта мектептерінде) пилоттық жобада енгізіліліп, жұмыста пайдалануда, ал қалған 37 мектепте 2018 жылдың мамыр айында қосылды. Қазіргі уақытта барлық 48 мектеп (100%)жүйеде жұмыс жасауда. Сонымен қатар, бүгінгі күнге жүйеге 16824(1962 мұғалім, 12102 оқушы, 2760 ата-ана)пайдаланушы ретінде енгізілді.

Аудандағы мектептердің барлығы интернет желісімен қамтылған, оған 32 млн 455 мың теңге қаражат бөлінді. 3 мектеп (Абай (қ), Ы.Алтынсарин (қ), С.Естемесов орта мектептері) e-learning оқыту жүйесі арқылы ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жабдықталған. 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен бөлінген жалпы сомасы 63 млн 371 мың теңгеге 36 мектепті Wi-Fi желісімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Қазіргі таңда ҚР БҒМ бірқатар бастамаларды енгізіп жатыр. Мәселен 3-4 сыныптарда «Ақпараттық -коммуникалциялық технологиялар» пәні енгізілді.

Осы орайда мектептерімізде білім алушыларға цифрлық технологиялық білім беруде замана көшінен қалмай еңбек етіп отырған мектеп мұғалімдерінің атқарар жұмысы әлі де алда. Басты мақсат оқушылардың заманауи қоғам үдерісінен қалмауға жетелеу. Цифрлық ресурстар онлайн және оффлайн режимінде қолжетімді, яғни мұғалімге дайын бейнематериалдарды сабақ барысында пайдалануға толық мүмкіншілік жасаған. Қосымша материал іздеудің мұғалімге қажеті жоқ. Атап айтсам: Ағымдағы жылы 9 млн 520 мың теңгеге оқушыларды BilimLand.kz білім беру контентімен қамтамасыз ету үшін онлайн режимінде қосылатын 44 мектепке лицензия алынды және офлайн режимінде қосылатын 4 мектепке BilimDesk құрылғылары алынды. Қазіргі уақытта BilimLand.kz порталына логин берілген барлығы 1855 қолданушының 1855(100%) өз логиндерін белсендірген. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Сонымен бірге, «Робот техникасы» үйірмелері мен элективті курстарды жалпы орта білім беретін 11 мектепте (№40, Жібек жолы, Абай (қ), Төле би (қ), Жамбыл г, Т.Рысқұлов (қ), М.Әуезов, М.Мақатаев, Әл-Фараби, Төле би (а), Абай (а)енгізу үшін робототехника құрылғыларын сатып алуға жергілікті бюджет есебінен 6 млн 474 мың теңге бөлінсе, жаңа оқу жылында 4 мектеп (С.Сейфуллин, А.С.Макаренко М.Әуезов, М.Мақатаев) 15млн 144 мың теңгеге Робототехникаменжасақталып отыр.

Шу қаласындағы «Жібек жолы» мектеп-лицейінде ІТ сыныбы ашылатындығын айта отырып, ендігі кезекте жаңалықтың көшін бастайтын игі нәтижелер күтеміз.Жаңа оқу жылында жаңартылған бағдарлама аясында сабақ жүргізілетін ұстаздар терең түсіну үшін нақты тапсырмаларға жауап беретін ақпараттарды, оқу технологияларын іріктеп, АКТ дағдыларын үнеме жетілдіріп отыруға бағытталуы қажет.

Қай ел болмасын оның өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орны болуы сол мемлекеттің білімдегіжетістіктеріне байланысты екені белгілі.Сондықтан биылғы тамыз кеңесінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейіне қарай айқындалады» деген тұжырымы басты бағытымыз болмақ. Осы тұжырымға сәйкес,оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, алған білімініңнәтижесі түрлі интеллектуалдық байқау мен жарыстар, ғылыми жобалар арқылы жетілдіріліп отырады. Жетістіктерді санамалап айтар болсақ: аудан оқушыларының 18-і облыстық олимпиядаларға қатысып, 8-і жүлделі орындарға,

Республикалық деңгей бойынша: «Дарын» Республикалық Ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген олимпиада бойынша 807 оқушы жүлделі (1орын-188, ІІ орын-250, ІІІ орын-369) орынға ие болса, «Зерде» Республикалық ғылыми жоба жарысынан Шу ауданынан Жібек жолы мектеп лицейінің оқушысы Серікбай Әліби 1орынға, М.Мақатаев тірек мектебінің оқушысы Сәулебай Қайсар 2 жүлделі орындарға ие болды.

Республикалық Бітібаев атындағы қазақ тілі және әдебиет пәні олимпиадасында Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Шәми Гүлназ II орынға, республикалық «Абай оқуларында» Жамбыл гимназиясының 9 сынып оқушысы Рысбек Әнель ІІІ орынды иеленді.

Халықаралық деңгей бойынша: «Жібек жолы» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ахунбаева Эхсан Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жобалар жарысында қола медальді, 4 сынып оқушысы Ахунбаев Эмран Ресей Федерациясы Москва қаласында математикадан 1 орынды, 3 сынып оқушысы Атымтай Нұрмұхамат Малазия қаласында менталды арифметикадан 1 орынды жеңіп алды.

Кәсіби байқуларға қатысқан 43 педагог облыстық деңгейдегі жүлделі орындарға ие болса, 13мұғалім республикалық деңгейдегі марапатқа ие болды. Олардың есімдерін жоғары мінмеден құрметпен атап өтуге лайық:

«Бұлбұл» балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі Ахтанбаева Күляш облыстық «Үздік тіл маманы» байқауында Бас жүлдені, «Балдаурен» балабақшасының тәрбиешісі Рзашбек Нұрсұлу облыстық «Ең үздік тәрбиеші» байқауында, І орынды, «Балапан» балабақшасының әдіскері облыстық «Ең үздік балабақша әдіскері» байқауында І орынды, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің шағын орталығының әдіскері Сейсенбаева Камила облыстық «Ең үздік шағын орталық әдіскері байқауында І орынды, Төле би/а атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ғалия Бақбаегенова облыстық «Өзін-өзі тану» пәнінің шығармашылық педагогі» атты байқауында ІІІ орынды иеленсе,М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің психологі Жазира Досжұманова облыстық «Үздік жыл психологі» конкурсына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломменмарапатталды. Ал С.Естемесов атыдағы орта мектебінің педагог-психологі Айнұр Секербекова облыстық «Үздік жыл психологі» конкурсына қатысып, бас жүлдені, Төле би /қ/ атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Шамша Абаева облыстық «Үздік педагог» байқауында бас жүлдені иеленіп, екеуі де республикалық кезеңге жолдама алды.

Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар!

Бүгінгі таңда білім саласындағы ерекше назар аударатын бағыттардың бірі-әлеуметтік қорғалмаған сипаттағы балаларға (қорғаншылық, қамқоршылық, бала асырап алу және патриоттық тәрбие) және инклюзивті сыныптарда оқитын ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау.

Ата-аналар қоғамдастығында инклюзия тәртібінде білім алатын, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға деген адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында мектептің әкімшіліктеріне жылына бір рет әрбір параллель сыныптарда инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіндіруге арналған,соған сәйкес барлық адамдарға бірдей қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін, алайда, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау қажеттілігі туралы ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты-барлық ата-аналар инклюзивті білім беру принциптерін меңгеруге қол жеткізуі тиіс.

Құрметті әріптестер!

«Тәрбие – кең мағынасымен алғанда қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз»,- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, бүгінгі таңда білім беру мен қатар тәрбиеге де ерекше көніл бөлінуде.Бүгінгі таңда тәрбие беру жұмысына тың күш, жігер беріп, сара жолға бастап отырған -Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"атты бағдарламалық мақаласы.

Ұлттың өзінің ұлттық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалуға жас ұрпақты тәрбиелеу рухани жаңғыру арқылы іске асырыла бастауы тәрбие жұмысының мазмұнын аша түсті.

Сондықтан мектептерде жас ұрпақтың ұлтжандылық патриоттық, белсенділігін арттыруды көздеген іс-шаралардың өткізу назарда болды.

Рухани жаңғыру бағдарламасы тұңғыш рет облыста құрылған авторлық топ «Өлкетану. Жамбыл облысы» оқулығын дайындады. «Өлкетану» курсы жаңа оқу жылында алғаш рет 5-7-ші сыныптарда енгізіледі.

Құрметті әріптестер!Ұстаз – ұлағатты атау. Алтын ұя мектептің жаны да, ары да – мұғалім.Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ.Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағлымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы ұстаным.

Олай болса, құрметті ұстаздар «жаһандық бәсекеге қабілетті – білімді ұрпақты тәрбиелеудегі қызығы мен қиындығы бірге жүретін еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Жаңа 2018-2019 оқу жылы құтты болсын!

Назарларыңызға рахмет!


Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев