Шу ауданы жекеменшік балабақшалардабалаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында Бірлік ауылында 150 орынға, Шу қаласы Қосқұдық мөлтек ауданында 75 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:
1) комиссия төрағасының (төрайымының) атына ерікті нысандағы өтініш (М.А.Базароваға);
2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы және салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын
жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
4) медициналық кабинеткелицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың көшірмесі;
5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.
Растайтын құжаттар:
1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауминистрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігі;
2) санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;
3) тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі.
Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.
Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:
1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы.
Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің №5 кабинетінде 21-25 мамыр аралығында, сағ 9:00-19:00ге дейін қабылданады.