Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім мекемелері бойынша жазғы су айдыны кезеңінде «Судағы қауіпсіздік» ережелері туралы акция ұйымдастырылып, аудандық білім бөлімінің маманы және аудандық ішкі саясат «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарымен 2017 жылдың 3 тамызында жазғы каникул кезеңінде су тоғандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, қайғылы оқиғалар болдырмау, балалардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халық көп шоғырланған «Андаспай» Шу өзенінің бойы, каналдар мен жекеменшік шомылу орындарында судағы қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар ата-аналар мен жасөспірімдерге таратылып және судағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Халық көп шоғырланған «Сауда сервис» орталық базарында жазғы су айдындары кезеңінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және ата-аналарға балаларын су айдындарында қараусыз қалдырмау туралы үнемі дауыс күшейткіш арқылы хабарландыру жасалып тұрады.