Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепк
2 221
0
 

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Еңбекші орта мектебі» КММ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында

өткізілген № 1 ата-аналар жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы

Еңбекші ауылы 10 ақпан 2017 жыл

Барлығы: 25

Қатысқаны: 20

 

Күн тәртібінде:

1. «Ата-аналар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті

қалыптастыру»

1) Баяндамашы: Майкеев Т.Ж. – мектеп директоры;

2) Баяндамашы: Жапсарбаев А.А. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2. «Мектеп оқушыларын әлеуметтік желілердегі кең тарап жатқан қауіпті ақпараттардан

қорғау туралы» (Баяндамашы: Оспанов Н.С. – мектеп психологы)

 

Тыңдалды: мектеп директоры: Майкеев Т.Ж. - жиналған ата-аналар мен ұстаздарды күн тәртібімен таныстырып, Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес, мектепте ағымдағы жылдың 31 қаңтардағы №10 "Мектепте білім алушылар мен олардың ата-аналары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы" Бұйрығы шығарылып, осы бұйрықтың негізінде ата-аналар жиналысының кестесі жасалғанын, оған төрт жиналыс қойылып, барлығының негізгі мақсаты осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында өтетіндігі айтылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын сапалы ұйымдастыру мақсатында оқу жылының басынан мектепте бұйрықтар шығарылып, қазіргі таңда сынып жетекшілер оқушылармен осы бағытта түрлі тақырыптарда сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын өткізуде және мектепте үнемі сенім телефоны мен сенім жәшігінің жұмыс жасап тұрғанын айтты.

Келесі кезекте, Майкеев Т.Ж. ата-аналарға өзінің "Ата-аналар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Баяндамада, Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріп, онымен күресті нығайту үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Халыққа Жолдауларында басып айтатындығын, сондай-ақ, биылғы Жолдауында да халық болып күресуіміз қажет екенін басып айтқанын атады. Сонымен қатар, ата-аналарды "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңнамаларымен таныстырып, слайд арқылы ата-аналарға жеке тұлғаның, қарапайым азаматтардың, бұл кеселмен қалай күресуге болатынын, олардың да қоғам алдында атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті. Сөз соңында, ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөлуді, осы тақырыпта қоғамда дұрыс пікір қалыптастыру жөнінде кеңес берді.

Бірінші мәселе бойынша екінші баяндамашы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Жапсарбаев өз баяндамасында жиналған қауымға сыбайлас жемқорлықтың елімізде етек жайып, көптеген салаларда өз зиянын тигізіп жатқанын, билік басындағы қызметкерлердің сеніп тапсырған лауазымын ақтмағаны және Елбасымыздың осы қоғам қасіретімен бірігіп күресуге шақыратынын айтты. Баяндама соңында, өз сөзімен ата-аналарға балаларымыздан адал ұрпақ, еліне адал азамат тәрбиелеуге шақырды. Осы бағытта мектепте бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқанын атап, ата-аналарға өз үлестерін қосады деп сенім білдірді.

Екінші мәселе бойынша: мектеп психологы Оспанов Н.С. - «Мектеп оқушыларын әлеуметтік желілердегі кең тарап жатқан қауіпті ақпараттардан қорғау туралы» баяндамасында, алдымен ата-аналарға "Балаңыздың жақын досы болыңыз" атты тақырыпта слайд ұсынып, онда ата-аналарға арналған жаднамамен таныстырды.

Ең басты мәселе, ол әрине әлеуметтік желілер арқылы, жас ерекшелігіне сәйкес, яғни өтпелі кезең, әсіресе 11-19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің тез қабылдағыш келетінін айтып, кең тарап жатқан ойын түрлері "Синий кит", "Тихий дом", "Море китов", "Разбуди меня в 4.20" және "Явигре#". Сондай-ақ, көршілес жатқан Ресей федерациясынан келіп жеткен тағы бір ойын түрі "Беги или умри".

Осы аталған әлеуметтік желілер арқылы кең тарап жатқан ойын түрлері жайында мектеп әкімшілігі кең көлемде ақпараттар беріп, соңында екі тақырыпқа да байланысты бейнероликтер көрсетті.

Сөйледі: Еңбекші ауылылың ардагерлер кеңесінің төрағасы Дуанбаев Кеңесбек ата өз сөзінде екі тақырыпқа да байланысты пікірін білдіріп, үнемі Елбасының сарабдал саясатын қолдайтынын, бүгінгі жиналыс барлығы бала тәрбиесіне байланысты екенін айтып, адал ұрпақ тәрбиелеуге шақырды.

Сондай-ақ, бұл мәселелерді күнделікті БАҚ-тан көріп жүрсек те, бүгінгі мектеп әкімшілігінің әзірлеген ақпараттары, түрлі слайд, бейнероликтері арқылы ерекше әсерге бөленгендерін айтып, алғысын білдірді.

 

Ата-аналар жиналысының шешімі:

1. «Ата-аналар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті

қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамалар ата-аналар тарапынан назарға алынып,

жастар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілсін.

2. Мектеп оқушыларын әлеуметтік желілердегі кең тарап жатқан қауіпті ақпараттардан

қорғау мақсатында сынып жетекшілер мен ата-аналар балалармен түсіндіру

жұмыстарын жүргізсін. Қорытындысы сынып жиналыстарында қаралсын.

 

Төрағасы: Т. Майкеев

Хатшы:

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев