Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негі
334
0
Шу ауданы жекеменшік балабақшаларда   балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында Шу ауданында 200 орынға  мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады. 
        Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары   «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу  ауданының   білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай  құжаттар   ұсынады:
        1) комиссия төрайымының  атына жазылған өтініш (М.К.Жинақбаеваға);
        2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымның   жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің (қарызының) жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
        3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын
жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
        4)«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің  2020 жылғы 17 сәуіріндегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 сәуірде №20431 болып  тіркелген) бекітілген «Эпидемиалық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық  актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін; 
        5) медициналық  кабинетке   лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы  шартты;
        6) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің  жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.
        7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері;
        
        Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды,мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады. 
 
        Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.
Жеткізушіні конкурс арқылы  таңдаудың  қосымша өлшемшарттары:
        1) жоғарғы және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі  олардың жалпы санынан  кемінде 10%;
        2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%. 
          Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің №15 кабинетінде 2021 жылдың 22 сәуіріне дейін    қабылданады.
Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев