Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар

КОНКУРС!!!

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негі
519
0

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ


 Шу ауданы жекеменшік балабақшаларда балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында Шу қаласында 25 орынға, Төле би ауылында 50 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының (төрайымының) атына жазылған өтініш (А.У.Бименбетовке);

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымныңжарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің (қарызының) жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын

жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуіріндегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген «Эпидемиалық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшағасәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинеткелицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

7) қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы Жамбыл облысының білім саласындағы Бақылау департаментіне берген хабарламасы.

 

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды,мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

1) жоғарғы және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.

Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің № 11 кабинетінде 2020 жылдың 2 наурызына дейін қабылданады.

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев