«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық «Менің кіші - Отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімініңұйымдастыруымен оқушыларды тарихи және өлкетану біліміне араластыру, өскелең ұрпақ бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық өзіндік менін және өзінің кіші Отанына деген қуаныш сезімін анықтау мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру: бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың 8-11 сынып оқушылары арасында танымдық зияткерлік сайысы 2019 жылдың 12 наурыз күні, Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің базасында өткізілді. Сайысқа қатысуға ауданның 18 мектебінен 42 сұраныс өткізді. Сұраныс өткізген мектептерден 42 оқушы өздерінің туған ауылының тарихы, ауылдан шыққан облыс, аудан көлемінде аты шыққан азаматтар, жер-су аттары туралы, арнайы зерттеу жұмысын жүргізіп, ғылыми жобаларын қорғады. Сайыс ережесіне сай барлық оқушылар жақсы дайындықпен келген ,барлық оқушылар өз ауылының көшелері атауының себебі мен өз ауданымыздан шыққан тұлғалар жайында көп мәлімет алды.
Байқау ережесіне сәйкес, әділқазылар шешімімен оқушылардың кіші Отанын зерттеу мақсатында өткізіліп отырған бұл байқауда өзіндік ойын жеткізе білген Белбасар ауылы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қартайған Ақерке, Мұқатай Інжу «Ата қоныс –алтын мекен » атты ғылыми жобада туған жері Белбасар ауылы, аулынан шыққан тұлғалар туралы өте жақсы қорғады.
Қазылар алқасының шешімімен, пән бойынша алыған тест қорытындысы мен ғылыми жоба қорғаудан Бас жүлдені Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қартайған Ақерке, Мұқатай Інжу танымдық зияткерлік сайысының облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жүлделі орын иегерлері дипломдармен, белсене қатысқаны үшін қалған оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.