Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы
2016 жылдың 15 мамыр күні Бірлік ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің базасында «Инновациялық технологияларды кіріктірілген оқу-іс әрекетінде пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті.Оған аудан бойынша 30 мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Мектеалды білім беру деңгейінде білім беруді заман талабына сай, жаңа мазмұнда ұйымдастыру; Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат-тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліну, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы бойынша 1 шеберлік сынып, 2 оқу іс-әрекеттері және 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:
1.«Инновациялық технологияларды кіріктірілген оқу-іс әрекетінде пайдаланудың тиімді жолдары» – Н.С.Айдарова. Шеберлік сынып.
2.«Үй жануарлары мен үй құстары» - Ж.Алкибаева. Оқу іс-әрекеті.
3.«Ө дыбысы мен әрпі» - Ж.Сейдуалиева.Оқу іс-әрекеті.
4.«Праздник Наурыз» - Л.Х.Хрисохоиди. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
5.«Наурыз-жыл басы» - Тәрбие сағаты. Сыныптан тыс жұмыс.
Семинар соңынан семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.
Семинар-практикумның көріністері.
Аудандық семинардыңашылуы. Алғы сөз.
А. Т. Жандабаева – Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің директоры
М. М. Истибаева–Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімнің әдіскері
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сертификатімен
марапатталады.