Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

18:42
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы
09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Көп жаңалықтар
» » «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық оқыту семинары

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық оқыту семинары

Семинар
1 372
0

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау»тақырыбында аудандық оқыту семинары

Шу ауданы әкімдігі әкімдігі білім бөлімініңоқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың №849 бұйрығымен 10 қазан күні «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден физика, математика пәндерінің мұғалімдері, барлығы 65 педагог қатысты.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар - соның дәлелі.

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа білім беру - жаңа ізденіс, тың жаңалықтар мен мезгіл сұранысына сай көзқарас арқылы жүзеге асыруды талап етіп отыр. Ақпарат алмасу, интеллектуалды өнімдер мен идеялар күн санап белсенді түрде үдей түскен шақта жас ұрпаққа білім беру жауапкершілігі арта түсуде.

Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен–қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу мен оқыту үрдісінде тоқсан бойына жүргізіле отырып, мұғаліммен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беру үшін қолданылады. Жиынтық бағалау бөлімдер немесе ортақ тақырыптар және тоқсан, семестрлер аяқталғанкезде қолданылады.

Мұғалімдер оқушының білім жетістігін дәл бағалау үшінтоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялайды. Қажетжағдайда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесі көтеріледі немесе төмендетіледі. Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді. Ол әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Семинардың бағдарламасына сәйкес облыстық аудандық оқу – әдістемелік кабинетінің пән әдіскерлері Аметқызы Сержангүл, Татибеков Дархан Рахимбердиевич критериалды бағалаудың ерекшеліктері бойынша таныстырылым жасады. Семинарға қатысушыларға критериалды бағалауды жоспарлап, өткізуде басшылыққа алынатын нормативтік-әдістемелік құжаттар тізімі ұсынылды. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыруға, оқушы портфолиосын жинақтау және электронды журналға балл мен баға қою үдерісі және модерацияны өткізуге бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу(спецификация, баға қою механизмі), нәтижелерді талдау, модерация үдерісін тиімді өткізу мақсатында оқу жылына жоспар жасау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алға орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жамбаева Балжан Мұхтаровна, Абай /қ/ атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бурсугина Анастасья Николаевна қазақ және орыс тілдерінде бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу, білім алушылардың портфолиосын жинақтауға бағытталған тренинг өткізді. Ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беруде рубриканың толтырылуы бойынша талқылау жұмысы жүргізілді. Абай /қ/ атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Чкалова Галина Леонидовна «Механическое движение» тақырыбында қалыптастырушы бағалауды қалай пайдаланғанын панорамалық сабақ барысында көрсетті. Семинарға қатысушылар жаңа бағалау жүйесі бойынша пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Семинар соңында «Кері байланыс» парақтары, барлық қатысушыларға жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар, жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы, қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырма жинағы, пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, ҰМЖ, ҚМЖ , өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, тағы басқада керекті материалдар салынған дисктер таратылды. Қатысушылардың идеялары мен пікірлері ескеріле отырылып, оқыту семинарының шешімі оқылды.

1.5, 7-сыныптарда білім беру үрдісін ұйымдастыруда ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары басшылыққа алынсын.

2.2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынып, барлық пән бірлестігі отырысында талқылансын.

3.5, 7 сыныптардағы оқу үрдісін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23-қарашада №668 бұйрығымен бекітілгенбағдарламасындағы талаптардың ерекшелігіне назар аударылсын.

4.Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесіне көшуде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының іс-тәжірибесі басшылыққа алынсын.

5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу(спецификация, баға қою механизмі), нәтижелерді талдау, модерация үдерісін тиімді өткізу мақсатында мектептердегі әдістемелік бірлестіктерде мектеп үйлестірушілермен бірлесе отырып оқу жылына жоспар жасалып, жүзеге асырылсын.

6. Оқушы портфолиосын жинақтау және электронды журналға балл мен баға қою үдерісі нақты мерзімінде жасалынсын.

7. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында пән мұғалімдерімен оқыту семинарлары өткізіліп, «Тәжірибедегі рефлексия» курсы ұйымдастырылсын.

8. Оқушылардың ата-аналарымен бағалаудың жаңа жүйесінің негізгі принциптерін түсіндіру мақсатында практикалық тренинг, шеберлік сыныптары өткізілсін.

9. Критериалды бағалауды ұйымдастырып өткізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында пән мұғалімдерінің желілік қауымдастығының жұмысы жандандырылсын.

10.Пән мұғалімдерінің оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау арқылы білім мазмұнын жаңартуда жеткен нәтижелері баспа беттерінде жариялап отыру қолға алынсын.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалаудың мәні, оқыту семинарының тақырыбының маңыздылығы туралы пікірлерін жазды. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың айырмашылығы мен ұқсастығын айқындап, семинар материалдарын тәжірибеде 5, 7 сыныптарға сабақ беру және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету барысындақолданатынын атап көрсеткен. Келесі оқыту семинарының тоқсандық жиынтық бағалау үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және өтізу бойынша болғанының қалайтындығы туралы пікірлерін білдірді.

Семинардан көрініс

 

 

 

 

 

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев