Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі (Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2, тел./факс: 8(72638) 3-00-09) «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қуаныш» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны меңгерушісінің бос тұрған қызметіне конкурс өткізеді.
1. «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қуаныш» балалар бақшасының» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Б.Шолақ көшесі № 49 а тел.:3-14-52)
«ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ҚУАНЫШ» БАЛАЛАР БАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРСҚА ҚАТЫСАТЫН БАРЛЫҚ ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР:
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі ұйым қызметін мекеме Жарғысына сәйкес басқарады. Педагогикалық кеңеспен мектепке дейінгі білім беру кеңесімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарын әзірлейді. Тәрбиеленушілер санын қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық, педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпалетеді. Балалардың тамақтануы мен медициналық қызмет алуын, қызметкерлер мен тәрбиеленушілерді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі ұйымының барлық мүліктері мен құралдарына билік жүргізеді, жыл сайын кіріс және шығыс есебін береді. Оқу-материалдық базаны толтыруды, оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесінің сақталуын, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық және қосымша кадрларды қызмет орнына іріктеу мен қабылдауды жүзеге асырады, біліктілік сипаттамасына сәйкес қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Әкімшілік және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қоғаммен, ұйымдармен, ата-аналармен байланысты жүзеге асырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық-психологияны, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, кәзіргі заманғы педагогика-психологиялық ғылымның және практиканың жетістіктерін, әлеуметтану, экономика негізін, еңбек заңнамаларын, мектепке дейінгі ұйымдардың қаржы-шаруашылық жұмыстарының сұрақтарын, еңбек қорғау ережесі мен нормасын және техникалық қауіпсіздікті.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
1) тіркелген мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефондары көрсетілген конкурс төрайымының атына жазылған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) белгіленген қалыпта мөр басылып куәландырылған білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) белгіленген қалыпта мөр басылып куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе соңғы жұмыс орнындағы еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және босату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
5) фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян;
8) біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттыңкөшірмесі;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауытуралы анықтама.
Байқауға қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейлігі (біліктілігін көтеру құжаттары, ғылыми дәрежесі мен атағы, ғылыми жұмыстарының бұқаралық жариялылығы, алдыңғы жұмыс орнының басшысының ұсыныс хаты және т.б.) туралы қосымша құжаттарды ұсына алады.
Конкурсқа қатысатын үміткерлер өтінішті және қажетті құжаттарды осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Шу өнірі» газетінде) жарияланған сәттен бастап сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін күнтізбелік 15 күн ішінде Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне тапсырылуы тиіс.
Конкурс өткізілетін орын: Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2 а