|
Қазақстан Республикасы |
Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.12.2018 № 684 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Шалғайдағы
ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына
және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін
қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.12.2017 № 650 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
2-тару. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызмет алушының тіркеу орны бойынша, "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады.
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) Мемлекеттік корпорациясының қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорациясының сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорация жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша облыстардың,
республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы
бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің
және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
Шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған адамның аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қолма-қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8800080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің: www.edu.gov.kzинтернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kzинтернет-ресурсында.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8800080 7777 арқылы алу мүмкіндігіне ие.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8800080 7777.
|
"Шалғайдағы ауылдық елді |
|
Нысан |
Жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
тасымалдауды
ұсыну туралы анықтама
Осы анықтама ______________________________________________ (білім алушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.(бар болғанда))
№_________ (мектептің атауы) жалпы білім беру ұйымына және кері қарай үйіне тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілетіндігі үшін берілді.
Анықтама оқу жылы кезеңінде жарамды.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі _____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда) және қолы) ____________________________________________
(елді мекеннің атауы)
|
"Шалғайдағы ауылдық елді |
|
нысан |
Өтініш
Сізден ____________________________ тұратын __________________ (ауданның, елді мекеннің атауы) _________________________________________________________________
(сынып, білім беру ұйымның толық атауы) білім алушы кәмелетке толмаған балам
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә.(бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмері) 20___ - 20___ оқу жылында (оқу жылын белгілеу қажет) жалпы білім беру ұйымына және кері қарай үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуді сұраймын
Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.
"___" _____________ 20__ жыл өтініш берушінің қолы
|
"Шалғайдағы ауылдық |
Оқу орнынан
АНЫҚТАМА
Осы анықтама _____________________________________________________________
(білім алушының және тәрбиешінің аты-жөні (бар болғанда)
Ол ___________________________ _____ сыныбында _____ ауысымда (мектептің атауын жазу қажет) оқитың және тасымалдауды қажет ететіндігі үшін беріледі.
Анықтама талап етілген жерге көрсету үшін беріледі.
№ ____ мектептің директоры _____________________________
(мектептің атауы) (Т.А.Ә. (бар болғанда), қолы)
|
"Шалғайдағы ауылдық елді |
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа алып, "Азаматтар үшін Үкімет" Мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы филиалының № __ бөлімі
__________________________________________________________________________
(мекенжайды көрсету) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________________________________________;
2) ____________________________________________________;
3) ____________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (бар болғанда)
(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) __________________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________
Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ____________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы) "___" _____________ 20__ жыл