Qaz | Rýs | Engl
Шу ауданыC

Cоңғы жаңалықтар

09:13
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
09:53
1 Наурыз - Алғыс айту күні!
17:37
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу
09:23
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
20:09
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу
09:47
Әдістемелік көмек.
09:43
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК.
09:42
Әдістемелік көмек!
18:58
Әдістемелік көмек.
18:50
Әдістемелік көмек.
18:34
ҰБТ-ға дайындық.
17:53
ҰБТ-ге дайындық.
17:51
ҰБТ-ге дайындық.
17:49
ҰБТ-ге дайындық.
10:28
Жалпы орта білім беру мекемелеріне E license порталы арқылы лицензия қосымшаларына өтініш беру бойынша нұсқаулық
10:16
Edu kz доменін алу бойынша бейне нұсқаулық
07:50
2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ
23:32
Мектеп лига - 2020
11:29
«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
05:30
«Робототехника және ІТ: оқытудан тәжірибеге»
Көп жаңалықтар
» » «Қазақстан - Ұлы Дала Елі»

«Қазақстан - Ұлы Дала Елі»

Галерея
352
0

Бұл қосымша - құрамында Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі. Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған. Сандық энциклопедия: «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы жөнінде не білеміз Қосымша Windows, Apple, Android жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар. Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, бағдарламашылар, жалпы - 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым бар. Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017». Отандық дипломаттар қосымшаны шетелдік әріптестерімен кездесулер мен презентациялар барысындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында тарата алады. Шетелдіктерді, әсіресе, Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы материалдар қызықтырады. Сандық энциклопедия: «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы жөнінде не білеміз Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Еске сала кетейік, 2016 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының сол кездегі сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың халық алдында есеп беру кездесуі барысында «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы өтті. Сандық энциклопедия: «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы жөнінде не білеміз Сандық қосымшаны таныстыру кезінде Е. Ыдырысов атап өткендей, жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-қадамды жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылады.

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады.

Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.

Тікелей сілтемелер: AppStore - https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8

Play Market - https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan


 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев