Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы
2016 жылдың 17 мамыр күні Төле би ауылы Әль-Фараби атындағы орта мектебінің базасында «Мектепалды даярлық сыныптарындағы оқу іс-әрекетін жүйелеу қызметі» тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті.Оған аудан бойынша 20 мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды жүйелі түрде оқыту мен тәрбиелеу, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы бойынша 1 оқу іс-әрекеттері, 1 панорамалық оқу іс-әрекеті және 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:
1.«Путешествие по сказкам» – Г.Бакбергенова. Әль-Фараби атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
2.«Звук и буква Рр» - З.Джафарова. Әль-Фараби атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
3.«Математика еліне саяхат» - Н.Буйенбаева. Әль-Фараби атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
Семинар соңынан семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін Әль-Фараби атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.
Семинар-практикумның көріністері.