Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы
2016 жылдың 28 сәуір күні Бәйдібек ауылындағыМ.Маметова атындағы орта мектебінің базасында «Дамыта оқыту технологиясын енгізу арқылы мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту» тақырыбында аймақтық семинар-практикумы өтті.Оған аудан бойынша 8 мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Дамыта оқыту технологиясын мектепалджы даярлық сыныбында пайдалана отырып балалардың жас және даму психологиялық ерекшеліктерін дамыту, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы бойынша 1 баяндама, 2 оқу іс-әрекеттері және 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:
1.«Гг дыбысы және әрпі» – М.Е.Сабекова. Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
2.«11-20-ға дейінгі сандар» - Г.С.Илкибаева. М.Маметова атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
3.«Ұлттар достығы» - А.К.Рыспанбетова.М.Маметова атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
4.«Дамыта оқыту технологиясын енгізу арқылы мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту» - А.Д.Шадибаева. Еспе бастауыш мектебінің тәрбиешісі.
Семинар соңынан семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін М.Маметова атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.
Семинар-практикумның көріністері.