«Қауіпсіз мектеп автобусы»
Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша 2019-2020 оқужылында 8 мектепке (Мойынқұм,М.Мәметова, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, А.С.Макаренко, Ш.Уалиханов, Т.Әшімбаев, Жамбыл орта мектептері), мектебі жоқ елді мекендерден (Аң шаруашылығы, Көктөбе бекеті, Аспара бекеті) және тиісті мектебі жоқ елді мекендерден (Бөген шаруашылығы, Еңбек ауылы, Жиенбет ауылы, Су қоймасы) 323 оқушы тасымалдауменқамтылған.
Тасымалданатын оқушылар 8 автокөлікпен тасымалданады, оның 7-і 2013 жылы,1-і 2014 жылыжергілікті бюджет есебінен сатып алынған. Сегіз автокөлік ауылдық әкімдеріне тиесілі.
Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау үшін тасымалдайтын автокөліктердің техникалық жағдайы аудандық МАИқызметкерлерімен алты айда біррет толығымен тексеруден өткізілген. Оқушылардытасымалдайтын автокөліктің алды мен артында түндегі кезде жанып тұратынлента, «Балалар» деген жазумен және жол белгісі ілінген,өрт сөндіргіштер, аварияқауіпсіздік белгісі, автокөлік дөңгелеуіне қарсы тіреме, бірінші көмек көрсететін қорабшасымен қамтамасыз етілген.
Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы хатыныңжәне облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 15 қаңтардағы №474хатының орындау мақсатында,білім бөлімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы№26 бұйрықпен бекітілген іс шара жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыс атқарылған: «Қауіпсізмектеп автобусы»республикалық акциясы аясындаәр мектепте бұйрықтары шығарылып, іс шара жоспарлары жасалыныпбекітілді. Жоспарға сәйкес«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясыаясында аудан мектептерінде жолда жүруережелері тақырыбындабұрыштар жаңартылды, көркем плакаттар,буклеттер, тартпалар және ақпараттық бұрыштар жасалынды.
«Қауіпсізмектеп автобусы» акциясыныңаясында ағымдағы жылдың 17 қаңтар күніаудандық полицияқызметкерлерімен бірлесіп тасымалдау бар мектептердің автобустарының жағдайықаралды. Автобустың тазалығы сақталған, дыбыс сигналдарды бар, техникалық байқаудан уақтылы өткен, автокөліктің схемасы автобустың ішінде ілінген, оқушылардыңотыратын орындары суретке түсірілген, балаларды тасымалдаукезіндегі қауіпсіздік шараларыбойынша нұсқаулық ақпараттар орналасқан.