Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қырқүйектегі №3-15-3/3429-И хатының және облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 28 қырқүйектегі №02-5328 хатының орындау мақсатында, Шу ауданы білім бөлімінің 2018 жылғы 5 қазандағы №673 бұйрықпен бекітілген іс шара жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыс атқарылған: 2018 жылдың 2 қазан-5 қараша аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында әр мектепте іс шара жоспарлары жасалынып бекітілді. Жоспарға сәйкес 1-4 сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін меңгеру «Бағдаршам» атты 78 көрініс, 92 сүрет байқауы, осы бағытта әр түрлі тақырыпта 592 тәрбие сағаттары өткізілді. Барлық сынып бөлмелерінде жолда жүру ережелері тақырыбында бұрыштар жаңартылды. Сынып жетекшілер өткізілген сынып сағаттарында балалардың әр уақытта сақ және жолда мұқият болуға, жол ережелерін бұзбай жүруге, тәртіпті сақтауға шақырды. Школыдің жоғарғы сынып оқушыларына медбикелер жол апаты болған жағдайда алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетуін үйретті.
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясының аясында 2018 жылғы 24 қазан күні балалар тасымалдайтын автобустар арасында автобустардың техникалық жағдайының байқауы өткізілді. Аудан бойынша тиісті мектебі және мектебі жоқ 8 елді мекендерде тұратын 328 оқушыларға тасымалдау ұйымдастырылған. Байқауға 5 елді мекендердің автокөліктері қатысты. Атап айтқанда Шу қаласындағы С.Сейфуллин және А.С.Макаренко атындағы орта мектептерінің , Көктөбе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің, Бәйдібек ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектебінің, Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің автобустары.
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы 2018 жылғы 27 қазан күні сағат 10-00 де Төле би ауылындағы аудандық мәдениет ұйінің алдында өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Н.С.Жақсыбаев салтанатты түрде акцияны ашты. Одан кейін оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, жол қауіпсіздігі туралы әндер шырқап, Жамбыл гимназия, М.Мақатаев, Әль-фараби, Абай/қ/ атындағы орта мектептерінің оқушыларының флешмоб билерін тамашалады. Сондай-ақ, іс-шара барысында «Жол қауіпсіздігін сақтайық» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, үздік деп танылған бірқатар оқушылар марапатталды.
Аудандық акцияға Шу қаласының,Төле би
ауылындағы, тиісті мектебі және мектебі жоқ 8 елді мекендердің тасымалдаумен қамтылған оқушылар қатысты. «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық
акциясы аясында автокөлітерінің техникалық жағдайына тиянақты қараған және жол ережесін бұзбаған жүргізушілерге аудан әкімінің және білім
бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
«Шу
өнірі" газетінде №84 номерінде газет тілшісінің және А.С.Макаренко,
Жамбыл/а/, Төле би/қ/ атындағы орта
мектептерінің «Қауіпсіз мектеп автобусы» аясында мақалалары жарияланды.(4 мақала).
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы білім бөлімі тарапынан үнемі қатан бақылауға алынған.