Школыді кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстары.
2021 жылы 47 мектепті және 1 кешкі мектепті интернет желісімен қамту үшін жергілікті бюджет есебінен 31 млн 124 мың теңге қаражат бөлінді. Оның 4 млн 486 мың 702 теңгесі пролонгация әдісімен қаңтар-ақпан айларында мектептерді интернет желісімен қамтамасыз ету үшін жұмсалуда.
Жалпы сомасы 26 млн 637 мың 298 теңгеге 47 мектепті және 1 кешкі мектепті наурыз-желтоқсан айларында жоғары жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.
Школыді ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру жұмыстары.
2018 жылы жергілікті бюджет есебінен қаралған 63 млн 371 мың теңгеге 85,1% ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру жұмыстары жүргізілді.
2019 жылы жалпы сомасы 8 млн 75 мың 990 теңгеге 7 мектепте (Домалақ ене, Мойынқұм, О.Жандосов, Т.Рысқұлов (а), Жиенбет, Еспе, №48) ішкі сымсыз Wi-Fi желісі жүргізіліп, қамту көрсеткіші 100% болды.
Компьютерлік техникалармен жабдықтау жұмыстары.
Аудан бойынша білім беру мекемелерінде барлығы 5759 компьютерлік құрылғы бар. Оның ішінде оқу үдерісінде пайдаланатын компьютер саны – 5545 (1 компьютерге - 4 оқушы). Преподаватели пайдаланатын компьютер саны - 1212, оқу кабинетінің саны - 1212, яғни қамтамасыз ету көрсеткіші - 100%.
2020 жылы жалпы сомасы 8 млн 500 мың теңгеге 56 компьютер комплектісі және 82 млн теңгеге 328 ноутбук сатып алынды және қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында ҚР Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен облыстық білім басқармасы тарапынан 2382 компьютерлік құрылғы (400 планшет, 291 моноблок және 1691 ноутбук) берілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Шу аудандық комитеті жеке компьютерлік құрылғысы жоқ 38 ұстазды ноутбукпен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, 1300 аз қамтылған отбасы балаларына Wi-Fi роутерлер сатып алынып, оқушыларға таратылды.
Школыді робототехника кабинеттерімен жабдықтау.
2018 жылы жергілікті бюджеттен 15 млн 144 мың теңгеге 4 мектеп (М.Әуезов, М.Мақатаев, С.Сейфуллин, А.С.Макаренко) робототехника кабинетімен жабдықталды.
2019 жылы жалпы сомасы 41 млн 832 мың теңгеге 9 мектепті (Абай/қ/ ом, Төле би/қ/ом, М.Ғабдуллин ом, Ә.Молдағұлова ом, Мойынқұм ом, С.Естемесов ом, Жамбыл ом, М.Мәметова ом, М.Х.Дулати ом) робототехника кабинетімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнге, 24 мектепте Робототехника үйірмелері жұмыс жасауда. Үйірмелерге қамтылған оқушылар саны 850.
2021 жылы жалпы сомасы 13 млн 455 мың теңгеге 2 мектепті (Домалақ ене ом, Амангелді ом) робототехника кабинетімен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.
Тегін білім беретін ІТ сыныптар ашу.
2018 жылдың 30 тамызы күні Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің базасында жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 5 млн 695 мың 700 теңге қаражатқа ІТ сынып ашылды.
2019 жылы 4 мектептің (Жамбыл гим, Е.Бекмаханов мг,Төле би/а/ ом, №40 мл) базасында ІТ сыныптар ашу мақсатында жалпы сомасы 16 млн 428 мың 228 теңгеге сатып алынды.
Сонымен қатар, Шу қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы есебінен қосымша 1 ІТ сынып жабдықталды.
Бүгінгі күнге, аудан бойынша барлығы 6 ІТ сынып жұмыс істеуде. ІТ сыныптардағы жалпы тәрбиеленушілер саны 360 оқушы.
2021 жылы жалпы сомасы 23 млн 535 мың теңгеге 2 мектептің (Абай (а) ом, С.Шәкіров ом) базасында ІТ сыныптар ашу жоспарлануда.
«Күнделік» электрондық журнал жүйесі
Аудандағы 47 мектеп 100% «Күнделік» электрондық журналдар жүйесінде жұмыс жасайды. Қызмет ақысыз түрде көрсетіледі. Бүгінгі күнде жүйеде 39 226 қолданушы (2564 қызметкер, 22063 оқушы, 14599 ата-ана) жұмыс жасауда.
Цифрлық білім беру ресурстары
2021 жылы Шу ауданы бойынша 47 мектептің 45-і онлайн жүйесінде және 2 мектеп офлайн жүйесінде «Білімлэнд» білім беру контентімен қамтамасыз етіледі. Аталған мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 9 млн 130 мың теңге қарастырылған.
«Государственные услугиді автоматтандыру»
2019 жылдан бері "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау", «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттыры толығымен автоматтандырылды. Аталған қызметтер eduscholl.kz және edugarden.kz порталдарында көрсетілуде.