ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ҚУАНЫШ» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК БОС ОРНЫНА АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
(Мекен жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Балуан Шолақ улица №49 а тел.: 3-14-52).
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттардан мыналар талап етіледі:
Біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.
1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;
2) жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Лауазымдық айлықақы мөлшері:
Атқарған еңбек өтіліне және санатына қарай орта есеппен алғанда 108 мың 284 тенге
Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін жергілікті басылымға хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған конкурстық комиссияға ұсыну тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
9) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелді) нысанға сәйкес соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады. Нотариалды куәләндырылады.
Білуге міндетті: Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбеккодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан РеспубликасыныңКодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;
3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;
4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Конкурс өткізілетін орын:
Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің конкурстық комиссияның мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Егемберді улица №2 аудан әкімдігінің білім бөлімі, байланыс телефондары 8(32638) 3-00-09.