«Судағы қауіпсіздік» ережелерін сақтау туралы рейд жұмыстарының
нәтижесі
Аудандық білім бөлімі жазғы су айдыны кезеңінде «Судағы қауіпсіздік» ережелерін сақтау туралы рейд жұмыстары ұйымдастырылып, аудандық білім бөлімінің маманы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен 2017 жылдың 8-9 тамыз күндері жазғы демалыс кезеңінде су тоғандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, қайғылы оқиғаларды болдырмау, балалардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету бойынша Шу қаласы мен Төле би ауылынан өтетін Шу өзенінің бойы мен каналдардың бойындағы шомылу орындарында демалушы 31 ата-ана мен 98 балаларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар таратылып, судағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ересек кісілерге мас күйінде шомылуға тыйым салынғаны туралы түсіндіріп, ескертулер жасалды.
Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, подполковник Б.Калыковтың келісімімен ағымдағы жылдың 9 тамызы күні Шу өзенінің бойында «Судағы қауіпсіздік ережесін сақтау» туралы акция ұйымдастырылып, төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау сержанты Е.Акбар, бөлімше командирі аға сержант Н.Каркулов, аға лейтенанты Б.Бегалиев, М.Маметова орта мектебінің тәлімгері және өзен жағалауындағы демалушы ата-аналар қатыстырылып, дауыс күшейткішпен судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.