Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады.
«Серпін» әлеуметтік жобаның үш маңызды тұсы бар.
Біріншісі, индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлау:
• жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастыру;
• жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тарту;
Екіншісі, кәсіптік бейімделу:
• қоғамды «Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру;
• техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру;
• жастардың жұмысшы кәсіптер (мамандықтар) алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;
Үшіншісі, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешу:
• жоба түлектерін жұмыс күші тапшы аймақтарда жұмысқа орналастыруға ықпал ету;
• жастардың еңбекпен және жұмыспен қамту саласындағы жағдайларының қамтамасыз етілуі;
• жастардың тұрғын-доммәселесін шешу тетіктерін әзірлеу.
Жобаға қатысушы өңірлердің өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінен арнайы кабинеттер бөлінеді.
Тараз қаласында жоғарыда аталған жоғарғы оқу орындарының базасында жобаға қатысу үшін шілде айында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа құжаттар қабылданады.
Жамбыл облысында 13-17 мамыр айында барлық
аудандарда «Серпін» күндері өткізіледі. Серпін күндері аясында ауылды
елді мекендерде орналасқан мектеп бітіруші түлектері және ауыл
жастарымен кездесулер ұйымдастырылады, үгіт-насихат жұмыстары
жүргізіледі. Осы орайда, Шу қаласында орналасқан #40 шағын орталықты
мектеп лицейінің базасында мамыр айының 16 күні сағат 15:00 де "Серпін
күні" жиыны өткізіледі. Осы жиынға ауданымыздың жастарын ақпарат алуға
шақырамыз.