«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 133 қаулысымен бекітілген
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
- Жалпы ережелер
1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 мамырында № 11184 тіркелген) «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті
құжаттары (бұдан әрі – құжаттар) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
- құжаттарды қабылдау және тіркеу – 30 минуттан аспайды;
2) құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыға жолдау – 1 жұмыс күнінен аспайды;
3) құжаттарды қарастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 8 жұмыс күнінен аспайды;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті алушыға ұсыну үшін кеңсе қызметкеріне жолдау – 1 жұмыс күнінен аспайды;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру – 30 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
- тіркелген кіріс нөмірі бар өтініш, қолхат;
- көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;
- қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсе қызметкері;
2) жауапты қызметкер;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркейді және қызмет берушінің басшысына жолдайды – 30 минуттан аспайды;
2) қызмет берушінің басшысы жауапты қызметкерге бұрыштамамен құжаттарды орындауға жолдайды – 1 жұмыс күнінен аспайды;
3) жауапты қызметкер құжаттарды қарастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және оны қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 8 жұмыс күнінен аспайды;
4) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсе қызметкеріне жолдайды – 1 жұмыс күнінен аспайды;
5) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді – 30 минуттан аспайды.
- Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.
10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында - www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
Вернуться назад