«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
|
Жамбыл облысы әкімдігінің |
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз
жүзінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі
"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды
қабылдау туралы еркін нысандағы қолхат, не стандарттың 10-тармағында
белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы
дәлелді жауап болып табылады.
Ескерту. 3 – тармақ
жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 №
95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша
іс-қимылды бастау үшін негіздеме стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды
ұсыну болып табылады.
Ескерту. 4 – тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің
құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
Бірінші кезең бөліммен жыл сайын сәуірде өткізіледі.Құжаттар сәуірде қабылданады.
1) бөлім кеңсесінің жауапты маманы стандарттың
9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдау мен оларды тіркеуді жүзеге
асырады және бөлім басшысына одан әрі қарау үшін жолдайды – 20 минут ішінде;
2) бөлім басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды
және бөлімнің конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – конкурстық комиссия)
қарауына жолдайды;
3) конкурстық комиссия қатысушыларды бағалау
үшін комиссия отырысын өткізеді, келіп түскен құжаттардың талаптарға
сәйкестігін қарайды, оның қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді. Хаттама
негізінде ұсыным-хат дайындалады және бөлім басшысына қол қою үшін жолданады;
4) бөлім басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол
қояды, бөлім кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды;
5) бөлім кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты
тіркейді және басқарма кеңсесіне жолдайды.
Екінші кезең басқармамен жыл сайын мамырда өткізіледі.Құжаттар мамырда қабылданады.
1) басқарма кеңсесінің жауапты маманы
стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдайды және тіркейді және
одан әрі қарау үшін басқарма басшысына жолдайды;
2) басқарма басшысы тапсырылған құжаттарды
қарайды және конкурстық комиссиясының қарауына жолдайды;
3) мүшелерінің саны 5 адамнан кем емес
конкурстық комиссиясы конкурс жеңімпаздарын анықтайды, хаттама әзірлейді және
хаттама негізінде ұсыным-хат толтырады және басқарма басшысына қол қою үшін
жолдайды;
4) басқарма басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа
қол қояды, басқарма кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды;
5) басқарма кеңсесінің жауапты маманы
ұсыным-хатты тіркейді және құжаттар топтамасын үшінші кезеңге (республикалық)
қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесіне
жолдайды – тамыз-қыркүйекте.
Ескерту. 5 –
тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
1) бөлім кеңсесінің жауапты маманы;
2) бөлім басшысы;
3) бөлімнің конкурстық комиссиясы;
4) басқарма кеңсесінің жауапты маманы;
5) басқарма басшысы;
6) басқарманың конкурстық комиссиясы.
Бірінші кезең бөліммен жыл сайын сәуірде өткізіледі.Құжаттар 1 сәуірге дейін қабылданады.
1) бөлім кеңсесінің жауапты маманы стандарттың
9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдау мен оларды тіркеуді жүзеге
асырады және бөлім басшысына одан әрі қарау үшін жолдайды;
2) бөлім басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды
және бөлімнің конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – конкурстық комиссия)
қарауына жолдайды;
3) конкурстық комиссия қатысушыларды бағалау
үшін комиссия отырысын өткізеді, келіп түскен құжаттардың талаптарға
сәйкестігін қарайды, оның қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді. Хаттама негізінде
ұсыным-хат дайындалады және бөлім басшысына қол қою үшін жолданады;
4) бөлім басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол
қояды, бөлім кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды;
5) бөлім кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты
тіркейді және басқарма кеңсесіне жолдайды.
Екінші кезең басқармамен жыл сайын мамырда өткізіледі.Құжаттар 1 мамырға дейін қабылданады.
1) басқарма кеңсесінің жауапты маманы
стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдайды және тіркейді және
одан әрі қарау үшін басқарма басшысына жолдайды;
2) басқарма басшысы тапсырылған құжаттарды
қарайды және конкурстық комиссиясының қарауына жолдайды;
3) мүшелерінің саны 5 адамнан кем емес
конкурстық комиссиясы конкурс жеңімпаздарын анықтайды, хаттама әзірлейді және
хаттама негізінде ұсыным-хат толтырады және басқарма басшысына қол қою үшін
жолдайды;
4) басқарма басшысы хаттамаға және ұсыным -
хатқа қол қояды, басқарма кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды;
5) басқарма кеңсесінің жауапты маманы
ұсыным-хатты тіркейді және құжаттар топтамасын үшінші кезеңге (республикалық)
қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесіне
жолдайды – 30 тамызға дейін.
|
"Үздік педагог атағын беру |
Вернуться назад