DataLife Engine > Семинар > "Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

Шу ауданы əкімдігінің білім бөлімінің əдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сəйкес 2019 жылдың 16 наурызы күні Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің базасында "Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар бағдарламасына сай Жайсан орта мектебінің информатика пəні мұғалімі Э.Қайырғали "Үштілділік - заман сұранысы" тақырыбында тренинг жүргізді. Жібек жолы мектеп-лицейінің информатика пəні мұғалімі А.Тлебалдиев "Процессор жəне оның сипаттамалары" (8 сынып) тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Төле би атындағы орта мектебінің информатика пəні мұғалімі Н.Джаксыбаева "Найти выход из лабиринта" (5 сынып) тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Жамбыл атындағы гимназияның информатика пəні мұғалімі Н.Оразалиева "Компьютерді пайдаланудың кері аспектілері" (8 сынып) тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Əл Фараби атындағы орта мектептің информатика пəні мұғалімі Ғ.Бахтыбекова "Компоненты интегрированной среды разработки программ" (8 сынып) тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің информатика пəні мұғалімі А.Хороходжаева "Статистикалық мəліметтер" (8 сынып) тақырыбында панорамалық сабақтар көрсетті. Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің информатика пəні мұғалімі С.Баялбекова "Параметрлі цикл" тақырыбында панорамалық сабақтар көрсетті. Е.Бекмаханов атындағы информатика пəні мұғалімі К.Ізбасарова "Информатика пəнін ағылшын тілін оқытуда CLIL əдісін қолданудың тиімділігі" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Семинар қорытындысы бойынша ұстаздар арасында кері байланыс жүргізіліп, белсене қатысқан ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды.

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

 

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

 

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

 

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

 




Вернуться назад