«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау»
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті
Шу ауданы әкімдігі әкімдігі білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың №159 бұйрығымен 26 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебінің базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден химия пәні мұғалімдері,барлығы 22 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты: Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған оқыту тапсырмаларын құрастырудың Блум таксономиясы негізіндегі функционалды сауаттылық және оның көрсеткіштері тұжырымдамасымен таныстыру.
Семинар барысында, мектеп психологы Б.Тулешова «Жаңашыл химик» атты тренинг ұйымдастырды. Осы мектептің химия пәні мұғалімі З.Қожакеева 10 сынып оқушыларымен «Темір және оның қосылыстары» тақырыбында, Төле би /қ/ орта мектебінің химия пәні мұғалімі Б.Есеева 11 сынып оқушыларымен «Моносахаридтер. Глюкоза» тақырыбында, №40 атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі К.Канайкулова 8 сынып оқушыларымен «Табиғаттағы су. Судың құрамы қасиеттері және қолданылуы» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті.
Сонымен қатар, М. Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Сәлиева, Б.Момышұлы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Э. Байгалыкова және Ж.Баласағұни атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні А.Сабырханова 7 сынып оқушыларымен «Қарапайым химиялық формулалар. Валенттілік» тақырыбында ашық сабақтар тізбесін өткізді. Сондай – ақ Е.Бекмаханов орта мектебінің химия пәні мұғалімі Н.Имашева «Химия сабақтарында жеті модульдің тиімділігі және кретириалды бағалау қағидаттары» тақырыбында коучинг өткізсе, аудандық білім бөлімінің химия-биология пәндері әдіскері С.Аметқызы «Химия сабақтарында Блум таксономиясының тиімділігі» тақырыбында шебер сынып көрсетті.
Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы туралы пікірлерін жазды.
Вернуться назад