“Интербелсенді әдістер арқылы оқыту үшін бағалау” тақырыбындағы аудандық семинар-практикум
"Интербелсенді әдістер арқылы оқыту үшін бағалау” тақырыбындағы аудандық семинар-практикум
2017 жылы 29 қараша күні жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған"Интербелсенді әдістер арқылы оқыту үшін бағалау” тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумда теориялық бөлімінде білім бөлімінің әдіскері Э.Наурызбаева интербелсенді әдіс-тәсілдермен таныстырса, тәжірибелік бөлімінде Ж.Козкорпешова, Г.Адильбаева шеберлік сыныптар көрсетті. Интербелсенді оқыту ойындардын ұйымдастыруда ережелерді сақтауға, жас ерекшеліктеріне сәйкес тиімді әдістерді пайдалануға үйренді. Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінен 67 бастауыш сынып мұғаліміқатысып, тәжірибе алмасты. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде нормативтік – құқықтық құжаттары негізінде жүзеге асырылуын, оқу пәндерінің мазмұнын меңгертуде оқулықтар мен оқу – әдістемелік құралдарды, электрондық оқулықтар мен аудио және бейне материалдар қолданылнуға және http:\\smk.edu.kz сілтемедегіОӘК пайдалануға ұсынысберілді.
Кері байланыстан:
«Бүгін мен интербелсенді оқыту ойындарды сабақтың әр кезенінде пайдалануға үйрендім. Әдіс-тәсілдер бойынша пайдалы ақпарат алдым.Оқу үрдісін ұйымдастыруда алған ақпаратты қолданамын...»
«Үйренгенім көп»
«Семинар-практикум өте жақсы»
«Гауһарлар жинау», «Шеринг»,«Ыстық орындық»,«Автор орындығы»,«3 таяқша», «Бинго», «Өзіңізді тексеріңіз»,«9 - ромб», «Жиналмалы қуыршақ»,«Детальдарын қосу» , «Алма ағашы», «Бір сөзбен» , «Табыс сатысы» ,«Таңдау», «Тазалық» интербелсенді ойындардың тиімділігін үйрендім»
«Рахмет !»
Вернуться назад