Химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық оқыту семинары
Химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық
оқыту семинары
Шу ауданы әкімдігі әкімдігі білім бөлімініңоқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен2017 жылдың №972 бұйрығымен 16 қараша күні химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден 36 пән бірлестік (химия,биология,тарих,география) жетекшілері қатысты.
Семинар барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
Ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары;
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірлестіктегі пәндердің жүргізілу барысы;
6,8 сыныптардағы жаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтарды талдау қорытындысы.
Семинар барысында аудандық оқу – әдістемелік кабинетінің пән әдіскері Аметқызы Сержангүл ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары туралы мағлұмат берді. Барлық қатысушыларға ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары атты брошюралар таратылды.
Қатысушылар пән бойынша тест спецификациясын, балл қою кестесін жиынтық бағалауда пайдалану ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Журнал мен күнделікті толтыру үлгілері көрсетіліп, кері байланыс жазу бойынша ұсыныстар берілді. Ұстаздарға сабақты тиімді өткізуде қысқа және орта мерзімді жоспарларды қолдану туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Бірлестік жетекшілері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша І тоқсандағы бірлестіктегі пәндердің жүргізілу барысы туралы мәліметтерін ортаға салып, өзараіс – тәжірибе алмасты.
Семинардың келесі кезеңінде «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орналасқан (www.okulyk-edu.kz) «Оқулықтарды қоғамдық бағалау» баннері арқылы ашып, жаңартылған білім беру мазмұнына әзірленген 6,8 сыныптардың химия, биология пәндері бойынша «Атамұра» және «Мектеп» баспасының оқулықтары мен оқу–әдістемелік кешендері талқыланды. Мұғалімдер өз пікірі мен ұсыныстарын жазбаша түрде қалдырды.
Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар оқыту семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы туралы пікірлерін жазды.
Химия – биология пәндер әдіскері: С.Аметқызы
Вернуться назад