«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау - ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ http://shu-bilim.bolimi.kz/ ru «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау - ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ DataLife Engine ҰБТ-ға дайындық. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/468-bt-a-dajyndy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/468-bt-a-dajyndy.html
]]>

]]>
roo-shu Mon, 25 Jan 2021 18:34:11 +0600
ҰБТ-ге дайындық. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/467-bt-ge-dajyndy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/467-bt-ge-dajyndy.html
]]>

]]>
roo-shu Mon, 25 Jan 2021 17:53:28 +0600
ҰБТ-ге дайындық. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/466-bt-ge-dajyndy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/466-bt-ge-dajyndy.html
]]>
1) Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Р.Орманкулова биология пәні бойынша тақырыптық тестпен түсіндірмелі жұмыс жүргізді.
2) 40 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Төлегенова мен Мойынқұм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қабылова оқу сауаттылығы бойынша тест талдап,түсіндірмелі жұмыстар жүргізді.

]]>
roo-shu Mon, 25 Jan 2021 17:51:10 +0600
ҰБТ-ге дайындық. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/465-bt-ge-dajyndy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/465-bt-ge-dajyndy.html
]]>
Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау мақсатында химия-биология пәнін таңдап отырған отырған оқушыларға кезекті онлайн сабақ өткізілдіСабақ барысында М.Мәметова атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Г.Уалиева "Фенолдар"тақырыбын түсіндірсеаталған мектептің биология пәні мұғалімі Ш.Тойлыбаева тест бойынша талдау жұмыстарын жүргізді.

]]>
roo-shu Mon, 25 Jan 2021 17:49:05 +0600
IQanat 2019. Шу ауданы http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/367-iqanat-2019-shu-audany.html http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/367-iqanat-2019-shu-audany.html 20.04.2019 жылы Шу қаласындағы 40 мектеп лицейдің базасында IQanat республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі өтуде. Олимпиадаға барлығы 221 оқушы қатысып, 50 оқушы ІІ кезеңге жолдама алып, бүгінде бақ сынауда. ІІ кезеңде жеңімпаз атанған оқушыларымыз Республикалық ІІІ кезеңге жолдама алады. Оқушыларымызға сəттілік тілейміз!!!

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

]]>
20.04.2019 жылы Шу қаласындағы 40 мектеп лицейдің базасында IQanat республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі өтуде. Олимпиадаға барлығы 221 оқушы қатысып, 50 оқушы ІІ кезеңге жолдама алып, бүгінде бақ сынауда. ІІ кезеңде жеңімпаз атанған оқушыларымыз Республикалық ІІІ кезеңге жолдама алады. Оқушыларымызға сəттілік тілейміз!!!

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

IQanat 2019. Шу ауданы

]]>
roo-shu Wed, 24 Apr 2019 05:41:38 +0600
«Менің кіші - Отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/345-men-ksh-otanym-atty-zhas-tarihshylardy-ziyatkerlk-tanymdy-sayysy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/345-men-ksh-otanym-atty-zhas-tarihshylardy-ziyatkerlk-tanymdy-sayysy.html «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық «Менің кіші - Отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімініңұйымдастыруымен оқушыларды тарихи және өлкетану біліміне араластыру, өскелең ұрпақ бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық өзіндік менін және өзінің кіші Отанына деген қуаныш сезімін анықтау мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру: бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың 8-11 сынып оқушылары арасында танымдық зияткерлік сайысы 2019 жылдың 12 наурыз күні, Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің базасында өткізілді. Сайысқа қатысуға ауданның 18 мектебінен 42 сұраныс өткізді. Сұраныс өткізген мектептерден 42 оқушы өздерінің туған ауылының тарихы, ауылдан шыққан облыс, аудан көлемінде аты шыққан азаматтар, жер-су аттары туралы, арнайы зерттеу жұмысын жүргізіп, ғылыми жобаларын қорғады. Сайыс ережесіне сай барлық оқушылар жақсы дайындықпен келген ,барлық оқушылар өз ауылының көшелері атауының себебі мен өз ауданымыздан шыққан тұлғалар жайында көп мәлімет алды.

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

Байқау ережесіне сәйкес, әділқазылар шешімімен оқушылардың кіші Отанын зерттеу мақсатында өткізіліп отырған бұл байқауда өзіндік ойын жеткізе білген Белбасар ауылы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қартайған Ақерке, Мұқатай Інжу «Ата қоныс –алтын мекен » атты ғылыми жобада туған жері Белбасар ауылы, аулынан шыққан тұлғалар туралы өте жақсы қорғады.

Қазылар алқасының шешімімен, пән бойынша алыған тест қорытындысы мен ғылыми жоба қорғаудан Бас жүлдені Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қартайған Ақерке, Мұқатай Інжу танымдық зияткерлік сайысының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жүлделі орын иегерлері дипломдармен, белсене қатысқаны үшін қалған оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық «Менің кіші - Отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

roo-shu Wed, 13 Mar 2019 23:16:42 +0600
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/139-ruhani-zhayru-tabysty-el-boluymyzdy-kepl-atty-audandy-ylymi-tzhribelk-konferenciya.html http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/139-ruhani-zhayru-tabysty-el-boluymyzdy-kepl-atty-audandy-ylymi-tzhribelk-konferenciya.html «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция

2017 жылдың 23 қараша күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шу қаласы, №40 орта мектеп басзасына «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға Шу ауданы әкімінің орынбасары Аймамбетов Ербол Еркінұлы, психология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Берлин дифференциалды психология интитутының Құрметті профессоры Есімбекова Бақыт Оразайқызы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы, «Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жасұлан» мектебінің тарих пәні мұғалімі Исабаева Раушан Тулегеновна, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан тарихшылары Ұлттық конгресінің және Қазақстан педагогтары Одағының мүшесі Ақылжан Қарақойшым, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, Қордай, Меркі, Мойынқұм аудандардың мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудан әкімдігінің жетекшілері, облыстық, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция жұмысы екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең, пленарлық отырыста ұлттың рухани жаңғыру болмысындағы ұлттық сана және ұлттық рух, латын графикасының тарихы мен болашағы, мектептегі негізгі тәрбие құралы - ұлттық болмысты сақтау және жастардың рухани-ұлттық танымын қалыптастыру негізі жөнінде баяндамашылар өз ойларын ортаға салды.

Екінші кезең, прктикалық бөлімде №40 орта мектеп базасында «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанаты жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «ARLANS» аудандық оқушылар мен педагогтардың пікір-сайыс клубының және аудандық оқушылар арасындағы «Триумф» киностудиясының ашылу презентациялары қатысушыларға ұсынылды.

]]>
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция

roo-shu Thu, 23 Nov 2017 04:22:47 +0600
Дәстүрлі тамыз кеңесі http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/133-dstrl-tamyz-kees.html http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/133-dstrl-tamyz-kees.html Дәстүрлі тамыз кеңесі

2017 жылдың 26 тамызында аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті. Өткен оқу жылының қорытындысына талдау жасай отырып, жаңа оқу жылында атқарылар міндеттерді айқындау мақсатындағы мұғалімдердің тамыз кеңесі «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 білімнің үлесі» тақырыбында өтті.

Тамыз кеңесі жұмысынааудан әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы, Жамбыл облыстық білім басқармасының бас маманы Суйманова Набира Қапарқызы, аудандық маслихат депутаттары, Шу қаласы және ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері, үкіметтік ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдарының мүшелері, мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің басшылары, ардагер ұстаздар мен ата-аналар, білім қызметкерлері қатысты.

Жиынға қатысушылар алдымен ауданның білім саласындағы жетістіктері мен жаңалықтары туралы көрмемен танысты. Кеңесті білім бөлімі басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы ашып, есептік баяндама жасады. Жетістіктер мен қоса кемшіліктерге де баса назар аударылған мазмұнды да мәнді баяндаманы жұрт ұйып тыңдады.

Жарыссөзге шыққан М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры Әбенов Жасулан Әлкенұлы Рухани жаңғыруға, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге педагогикалық ұжымының қосып жатқан үлесі туралы сөйлесе, жаңартылған білім берудің дәстүрлі білім беруден ерекшелігі, оқытудағы тиімділігі, бағалаудың жаңа жүйесі туралы №40 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қайрақбаева Айнұр Серікқызы, үш тілділіктің болашақта енгізілу кезеңдері және оны оқушыларға меңгертудің мақсаты мен ерекшелігі туралы Жібек-жолы мектеп лицейінің физика пәнінің мұғалімі Жанкеева Баян Хамитжанқызы баяндап берді.

Тамыз кеңесінің құрметті қонағы Жамбыл облыстық білім басқармасының бас маманы Суйманова Набира Қапарқызы өз сөзінде жаңа оқу жылындағы енгізіліп жатқан жаңалықтармен таныстыра отырып, қамқоршылық кеңесінің ролі туралы айтып өтті.

Аудан әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы кеңеске қатысушыларды алдағы Білім және Ата заңымыз – Конститутция күнімен құттықтап, өз сөзінде «мектеп – білім ошағы ғана емес, сонымен бірге ақыл мен имандылық тәрбиесінің ұясы» - дей келе тәрбие мәселесіне кеңінен тоқталып, бірқатар тапсырмалар да берді.

Тамыз кеңесінің салтанатты бөлімі марапаттау рәсімінде ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасын, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасын, аудан әкімінің Құрмет грамотасын, алғыс хатын, «НұрОтан» партиясының алғыс хатын бірқатар білім беру қызметкерлеріне аудан әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы табыстады.

Марапаттау рәсімінен соң «Ұстазым» әнінің әуенімен залдағы жиналған қауымға аудан әкімінің атынан жас мамандар гүл шоқтарын үлестіріп, ардагер ұстаздарға сый-сияпаттар берілді.

]]>
Дәстүрлі тамыз кеңесі

roo-shu Mon, 16 Oct 2017 07:38:31 +0600
Абай оқулары http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/121-abay-oulary.html http://shu-bilim.bolimi.kz/uzdik/121-abay-oulary.html Аудандық XVIIІ Абай оқулары туралы ақпарат

Шу аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылғы 19 сәуіріндеС.Сейфуллин атындағы орта мектенбінде аудандықXVIIІ Абай оқуларыөтті.

Аудандық ХVІІІ Абай оқуларының негізгі мақсаттары мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

АудандықХVІІІАбай оқулары үш номинация бойынша өткізілді:

-«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім

шығармаларын жатқа оқу байқауы.

-«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін

орындаушылардың байқауы.

-«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы

(өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Аудандық байқауға жалпы білім беретін 21 мектептен 52 оқушы қатысты. Оның ішінде, І бөлім бойынша 17 оқушы, ІІ бөлім бойынша 20 оқушы, ІІІ бөлім бойынша 15 оқушы қатысып бақтарын сынады. Байқауға қатысқан оқушылар төмендегіше сараланып, орындарға ие болды.

І. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрімніңшығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша.

Бас жүлде –Шәми Гүлназ Ә.Молдағұлова атындағы о.м. 10-сынып оқушысы.

І орын – Серік Аяжан Ы.Алтынсарин (а) о.м. 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Рыскелдиева Дильназ Жамбыл гимназиясының 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Тілеуберді Нұрсая М.Ғабдуллин о.м. 8-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Нығмети Ғалия Еңбекші о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Секербек Ризат Жамбыл о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Жолдыбаева Меруерт С.Сейфуллин о.м. 6 сынып оқушысы.

ІІ. «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы бойынша.

І орын – Бірімқұл Ғабит Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

ІІ орын – Зүлбахар Альбина Ы.Алтынсарин (а) о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІ орын – Айдар Дархан Ы.Алтынсарин (а) о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Кален Дәурен Жамбыл атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – М.Әуезов о.м. 5-сынып оқушылары .

ІІІ орын – Амангелді Аяулым С.Шәкіров о.м. 7-сынып оқушысы.

ІІІ. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы бойынша.

Бас жүлде – Әшім Сәкен М.Әуезов о.м. 9-сынып оқушысы.

І орын – Рысбекова Анель Жамбыл м.г. 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Рақыш Аружан Жиенбет н.м. 6-сынып оқушысы.

ІІ орын – Қалқанбай Алина Ы.Алтынсарин о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Ибраймова Меруерт С.Шәкіров о.м. 7-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Шоманова Аружан Жайсан о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Жұмахан Зере Төле би (қ) о.м. 5-сынып оқушысы.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Аудандық байқаудан бас жүлде алған оқушылар облыстық ХVІІІ«Абай оқулары» байқауына қатысып, төмендегіше жүлделі орындарды иеленіп келді. Облыстық байқау төрт аталым бойынша өткізілді.

І. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрімніңшығармаларын жатқа оқу байқауы бойынша. Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шәми Гүлназ ІІ орын.

ІІ. «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы бойынша Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бірімқұл Ғабит ІІІ орын.

ІІІ. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы бойынша М.Әуезов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әшім Сәкен ІІ орын

ІV. «Ұлылар әлемі» - Абай мен Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу байқауы бойынша М.Мақатаев тірек мектебінің 10 - сынып оқушысы Бодаубек Айкүн ІІІ орын.

]]>
Аудандық XVIIІ Абай оқулары туралы ақпарат

roo-shu Mon, 15 May 2017 01:53:37 +0600
Аудандық «Үздік педагог» байқауын өткізудің ЕРЕЖЕСІ http://shu-bilim.bolimi.kz/main/120-audandy-zdk-pedagog-bayauyn-tkzud-erezhes.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/120-audandy-zdk-pedagog-bayauyn-tkzud-erezhes.html

Аудандық «Үздік педагог» байқауын өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Үздік педагог» атағын беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) облыстық кезеңініңдайындық және өткізу жұмыстары ұсынылып отырған Ереже негізінде жүзеге асырылады.

3. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» қағидалары негізінде өткізіледі.

4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қабылданады.

2.Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

1. Мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.

2. Міндеттері:

· заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлердің озық іс-тәжірибелерін тарату;

· білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;

· шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагог қызметкерлерге қолдау көрсету.

3.Конкурсқа қатысушылар

1. Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын,кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2. «Үздік педагог» атағы бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

4. Конкурстың өткізілу кезеңдері

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

І кезеңі: аудандық (қалалық), жыл сайын сәуірде өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

ІІ кезеңі: облыстық, жыл сайын мамырда өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

ІІІ кезеңі: республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйекте өткізіледі, онда Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

5. Конкурстың өткізілу тәртібі

1. Пән бойынша тест тапсырмалары.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 19.04.2017 ж., сағат 10.00-12.00. (құжаттарды қабылдау)

Ең жоғары ұпай саны – 80 бал. Бағалау критерийлері: әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Берілетін уақыт – 120 минут.

Тест қорытындысы бойынша 80%-дан төмен көрсеткіш көрсеткен үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне жіберілмейді.

2. Қатысушының құжаттары мен эссе жұмыстарының сараптамасы.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 19.04.2017 ж., сағат 12.00-19.00.

Ең жоғары ұпай саны – 60 бал.

Бағалау критерийлері:

·педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі;

·педагогтің кәсіптік құзыреттілігі;

·педагогтың педагогикалық іс-әрекеттерін өзіндік бағалауы және өз іс-тәжірибесін тарату мәліметтері;

·педагогтің кәсіби шеберлігіне және өзіне берген әлеуметтік сырт бағасы;

·республика, облыс көлемінде білім беру ісінің дамуына қосқан педагогтің үлесі.

«Мен – қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында эссеге қойылатын талаптар: 500 сөзден аспайтын, форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman.

Ең жоғары ұпай саны – 25 бал.

Бағалау критерийлері:

·ойын нақты және түсінікті жеткізуі;

·ой өрісінің кеңдігі;

·жаңашылдығы;

·логикасы;

·сауаттылығы;

·дәлелділігі;

· ерекшелігі.

3.Шығармашылық жұмыстарын қорғау (электронды портфолио).

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 20.04.2017 ж., сағат 09.00-19.00.

Негізгі кезеңге өткен қатысушылар өздерінің отандық білім берудің заманауи тенденцияларын айқындайтын шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Берілетін уақыт – 10 минут. Ең жоғары ұпай саны – 40 бал.

Бағалау критерийлері:

· мазмұнының тереңдігі және ерекшелігі;

· ғылымилығы және әдістемелік құндылығы;

· жаңашылдығы;

· әлеуметтік маңызы;

· көпшілік алдында өзара қарым-қатынас жасай білуі.

Осы турда конкурсқа қатысушылар авторлық электронды портфолиосыментаныстыруына мүмкіндік беріледі.

4. Оқушылармен (білімгерлермен) өткізілетін ашық сабақтар.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 24.04.2017 ж., сағат 09.00-19.00.

Ашық сабақты өткізу барысында оқушылардың дайындық деңгейі мен санын пәніне сәйкес конкурсты ұйымдастырушылар, сабақтың тақырыбы мен сыныбын конкурсқа қатысушылар анықтайды. Ең жоғары ұпай саны – 40 бал.

Бағалау критерийлері:

  • тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі, ғылымилығы;
  • педагогтың ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеті;
  • сабақтың жаңашылдығы;
  • педагогтың оқушылармен қарым-қатынас деңгейі;
  • білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;
  • сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті.

6. Конкурсты қорытындылау

1. Аудандық «Үздік педагог» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздары анықталады.

2. «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары (бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері) жүлделі орындармен марапатталады.

3. «Үздік педагог» аудандық кезеңінің жеңімпазы облыстық ІІ кезеңіне қатысуға жолдама алады.

7. Ұйымдастыру комитеті

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша төмендегі телефондар арқылы байланысуға болады:

(87263) 8 3-01-51

Бегімбаева Лайля Дәнебекқызы, аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 8702333 45 27

(87263) 8 3-00-09

Аманжол Арайлым Нұрғазықызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері, 8702532 34 91

(87263) 8 3-00-09

Татибеков Дархан Рахымбердиевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері, 8707377 72 34

 Қосымша 2

Шу ауданы әкімдігі

білім бөлімінің басшысы

К.Қожағаппановаға

Аудандық «Үздік педагог» байқауына

ӨТІНІМ

Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

1.

Жұмыс орны

2.

Т. А. Ә. (толық жазу)

3.

Туған күні, айы, жылы

4.

Лауазымы

5.

Педагогикалық өтілі

6.

Лауазымдағы жұмыс өтілі

7.

Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)

8.

Біліктілік санаты

9.

Индексі көрсетілген үйінің мекен-жайы

10.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН)

11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

12.

Марапаттау, көтермелеу

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар________парақ.

Өтінімнің толтырылған күні__________________________

Конкурсқа қатысушының жеке қолы___________________

Аудандық (қалалық) білім бөлімі басшысының қолы__________________

М.О.

roo-shu Wed, 05 Apr 2017 08:02:00 +0600