ЖАҢА БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ТУРА ЖОЛ
ЖАҢА БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ТУРА ЖОЛ
Елімізде білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйелерінің деңгейіне жеткізу мақсатында бастауыш сыныптан бастап білім берудің жаңа жүйесін енгізуде. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері Шу ауданында бірнеше курстар өткізіп, ұстаздардың педагогикалық шеберлігін жетілдіруде. Үстіміздегі жылдың қазан айының 24 мен 11-қараша аралығында тренер Махадиева Бақытгүл Омирбековнаның жетекшілігімен ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдері «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» курсынан өтуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі алдында оқушыға табысты білім беру міндеті тұр, табысты білімде оқушы бойында ХХІ ғасыр дағдылары, яғни алған ақпаратты есте сақтап, ой қорытып, түсіне отырып алған білімін әртүрлі салада қолдану қалыптасады. Курста білім алып жатқан ұстаздар қауымы жаңа жүйемен білім алатын оқушылар бойында рухани құндылықтар мен дағдылар қалыптастыру, спиральді білім беру бағдарламасы моделі, критериалды бағалау жүйесі туралы білімдерін шыңдап, тәжірибеде қолдану шеберліктерін жетілдіруде. Курста өтілген әр күн ұстаздар үшін өте қызықты мәліметтерге толы, бағдарламада басты назарда ұсталып отыратын төрт дағды оқылым, жазылым, тыңдалым мен айтылымды дамыта отырып сабақ мақсаттарын құруда, жаңаша әдіс-тәсілдермен берілген сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда өте тиімді екендігіне көз жеткізуде, жаңа бағдарламамен ұстаздар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, түрлі сабақ үлгілерін көрсетуде. Сабақ берудің жетілген әдіс-тәсілдерімен жете танысып, курс бағдарламасын меңгерген ұстаздар қауымы осы оқу жылына тың өзгерістер әкелеріне сенімдіміз.
Вернуться назад