ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ http://shu-bilim.bolimi.kz/ ru ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ DataLife Engine Абай атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы http://shu-bilim.bolimi.kz/jinalis/514-abaj-atynday-orta-mektebn-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/jinalis/514-abaj-atynday-orta-mektebn-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html
]]>

]]>
roo-shu Mon, 13 Sep 2021 09:34:53 +0600
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы http://shu-bilim.bolimi.kz/main/513-shu-audanyny-blm-blmn-basshysy-zhinabaeva-mbarak-asymyzyny-blm-yzmetkerlern-audandy-tamyz-pedagogikaly-keesndeg-bajandamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/513-shu-audanyny-blm-blmn-basshysy-zhinabaeva-mbarak-asymyzyny-blm-yzmetkerlern-audandy-tamyz-pedagogikaly-keesndeg-bajandamasy.html Шу ауданының білім бөлімінің басшысы 

Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының 

білім қызметкерлерінің аудандық 

тамыз педагогикалық кеңесіндегі

баяндамасы

26.08.2021 жыл

Құрметті Нұржан Сабитұлы!

Ардақты ұстаздар!

Бүгінгі алқалы жиын «Білімді ұлт – мемлекет дамуының тұрақты кепілі» тақырыбында өткізіліп, алдағы оқу жылының негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталып отыр.

Өткен оқу жылында білім саласында біраз өзгерістер болып, маңызды жыл болды. Аудандық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім басқармасына берілді, бүлдіршіндерді балабақшаларға 2 жастан қабылдау мәселесі шешілді, орта білім беруде оқушылар 100% жаңартылған мазмұнға көшті, «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы іске қосылды.

Құрметті әріптестер!

Өздеріңізге белгілі төтенше жағдай кезінде біздің алдымызда оқу процесін үзбей, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау міндеті тұрды. Қашықтықтан оқыту форматы оқушы, ата-ана және педагогтер үшін жаңа жағдай болғандықтан қызығушылық пен қорқынышты, күдік пен үмітті қатар туғызды.

Дегенмен, жаңа білім беру форматында оқушылар алғырлығын, педагогтер іскерлігін, ата-аналар жауапкершілігін таныта білді.

Сын сағатта балаларымыздың білім алуына өз үлестерін қосып, елде жарияланған карантиндік шараларға қарамастан ұстаздарымыз шығармашылық жұмыстарын цифрландыру форматына ауыстырып, үй жағдайында бейнесабақтар түсірілімін әзірледі.

Химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналған Ютуб желісінде «Жаратылыстану», информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Информатикс-Шу», математика және физика пәндері мұғалімдеріне арналған «Эврика», бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастау», мектеп психологтарына арналған «Жан-Нұры», тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Туран», география пәні мұғалімдеріне арналған «Континент», қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдеріне арналған «Сөз сыры» каналдары іске қосылып, қашықтықтан оқыту кезінде аудан мұғалімдері сабақтар желісін өз іс-тәжірибесіне пайдаланды.

Сонымен қатар Шу ауданының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері дайындаған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»,  «Қашықтықтан оқыту жағдайында далалық оқу жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу» тақырыптарында 10-11 сыныптарға арналған әдістемелік ұсынымдар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен мақұлданып, республика көлемінде таратылды.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін жазғы мектептер 20-маусымға дейін жұмыс істеді. 2-20 тамыз аралығында ата-аналардың қалауы бойынша аудан мектептерінде 85 топта 1538 оқушы «Балақайлар» мектебінде қысқа мерзімді даярлықтан өтті.

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Жаңа оқу жылын жобамен 20821 оқушымен бастағалы отырмыз. Оның 2187-і 1-ші сыныпқа келеді. Жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде басталады. Балалардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптар барлық білім беру мекемелерінде сақталуы тиіс. Мұғалімдер мен оқушылар Ashyq жүйесі арқылы кіріп, мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, «бір сынып – бір кабинет» жүйесі биылғы оқу жылында да сақталады. 

Мектептер санитарлық талаптарды сақтау мақсатында дезинфекциялау тоннельдер, кілемшелер, санитайзерлер және термометриялармен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні педагогтер мен кіші қызметкерлер 100% вакцина алды. Мұның бәрі ерікті сипатқа ие. Біздің әріптестеріміз бұл процеске белсенді ат салысуда.

Педагог қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі үшін 10 млн. 180 мың 698 теңге бөлініп, барлық педагогтар медициналық тексеруден өтті.

Денсаулығы тәуекел топтарға жататын, ата-аналары немесе өздері коронавируспен ауыратын оқушылар уақытша қашықтықтан оқиды. Оқушылардың қашықтықтан білім алуын қамтамасыз ету үшін 9 млн 28 мың 200 теңгеге «Daryn Online» ЖШС мен шарт жасалған. Мектептер оқу үрдісінде   «ДаrуnOnlain» білім беру платформасын пайдаланатын болады. 

Құрметті әріптестер!

Жалпы, педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңынан туындайтын барлық шаралар мен ынталандырулар іске асырылуда. Материалдық және материалдық емес көтермелеу түрінде ынталандыру арқылы педагог кәсібінің беделін арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылды: жалақыны арттыру, педагогикалық шеберлік үшін қосымша ақы, сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру үшін екі есе мөлшерде қосымша ақы төлеу, жүктемені қысқарту, барлық педагогтер үшін демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту, мектептегі тәлімгерлік және магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеу.

Өткен оқу жылынан бастап тәлімгерлік жүйесі енгізілді. Биылғы оқу жылында 36 мұғалім тәлімгерлер болып табылады және өздерінің мол тәжірибелерін жас мамандарға үйретеді, бұл үшін 7 млн. 645 мың 104 теңге қаражат бөлінді.

Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар!

Аудан бойынша 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 94,7%, 3-6 жас - 100%-ды құрайды.

Білім алушылардың 41%-ы қосымша біліммен қамтылған.

Дарынды жастар - болашақтың "мәңгілік қозғалтқышы". Біз республикалық олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушыларымызды мақтан тұта аламыз. 2020-2021 оқу жылында республикалық ғылими жоба жарысынан М.Мақатаев атындағы орта мектептің оқушысы 2 дәрежелі, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы 3 дәрежелі және орыс тілі пәнінен республикалық олимпиададан Абай атындағы орта мектептің оқушысы  3 дәрежелі, республикалық 5-6 сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасында М.Х.Дулати атындағы орта мектептің оқушысы 2 дәрежелі, Жібек жолы мектеп-лицейінің оқушысы 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінен Жамбыл гимназия, Жібек жолы мектеп-лицейі, Абай, Еңбекші, Мойынқұм, С.Шәкіров орта мектептерінен 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Е.Бекмаханов, Ш.Уалиханов атындағы мектептерден 2 оқушы «Айқанат» олимпиадасының республикалық кезеңінен жеңімпаз атанып, Бурабай қаласындағы республикалық «Айқанат» мектебіне жолдама алса, Б.Момышұлы, М.Әуезов мектептерінен 4 оқушы дайындық курстарына тегін жолдама алып, онлайн қосымша білім алуда. Ауыл балалары арасында өткізілетін республикалық «Мың бала» байқауынан Жамбыл, Жайсан, Т.Рысқұлов, М.Мақатаев, Б.Момышұлы, С.Естемесов, М.Маметова, Амангелді, М.Ғабдуллин, Толе би, М.Әуезов атындағы орта мектептерден 14 оқушы жүлделі орындарға ие болып, ноутбуктармен марапатталды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында өткізілген «Елбасы медалі» жобасынан Е.Бекмаханов, №40, М.Х.Дулати, М.Маметова, Б.Момышұлы, С.Сейфуллин атындағы орта мектептерден 7 оқушы қола медаль алып, аудан абыройын қорғап шықты.

Байқауларға қатысу және жеңіске жету - өзіңізді сәтті және сұранысқа ие сезінуге мүмкіндік береді. Облыстық «Үздік педагог-2020» конкурсының жеңімпазы Жібек жолы мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Б.Джанкиеваға 830 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Облыстық «Үздік педагог-2021» конкурсының «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша Жамбыл атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі А.Тлекеев марапатталды.  Облыстық «Үздік тәлімгер» байқауынан №40 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі А.Бейсенбекқызы 2 орынды, облыстық «Үздік жас географ» байқауынан №40 мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Есенжол 2 орынды, білім бөлімінің әдіскері С.Әметқызы облыстық «Үздік әдіскер байқауынан 3 орынды иеленді. Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі С.Кимның, Жамбыл атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Л.Родинаның, Төле би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі М.Досымбаеваның, №40 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Қойшыбаеваның авторлық бағдарламалары облыс көлемінде таратылды.

Қашықтықтан оқу кезінде өткізілген республикалық конкурстардан 500-ге жуық мұғалімдер жүлделі орындарға ие болды.

Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар!

Алдағы оқу жылының негізгі міндеті мектепке дейінгі және орта білім берудің міндетті стандарттарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беруді, психологиялық-педагогикалық консультация беруді ұйымдастыру болады. 2020-2021 оқу жылында 189 ерекше білімді қажет ететін және үйден білім алатын, 67 инкюзивті бала мектепте, 124 инклюзивті бала балабақшада тәрбиеленіп, білім алды. Оларға 7 педагог-дефектолог, 10 логопед, 325 мұғалім, 34 психолог және әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізді. Жоспарға сәйкес 211 мұғалім курстан өтіп, сертификатталды, биылғы оқу жылына да оқыту қарастырылуда. Қашықтан оқыту барысында ерекше білімді қажет ететін 84 оқушы ноутбукпен және планшетпен қамтамасыз етілді,   ерекше білімді қажет ететін 32 оқушыға демеушілер тарапынан кеңсе тауарлары таратылды.

Құрметті ұстаздар!

Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді.

«Әрбір ұстаз – білікті маман, ал әрбір оқушы – ойшыл тұлға» деген қағиданы ұстана отырып, әр ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдалануы тиіс.

Өздеріңізге мәлім, жаңартылған білім беру мазмұнына өткен оқу жылында 11-ші сыныптар көшті.

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтығымыздың алдаспаны десек, оқушылардың білім сапасы 65,49%-ды құрады. 

Білім бөлімі тарапынан ай сайын штаб отырысы өткізіліп, бөлім басшысы мен мектеп директорлары арасында білім көрсеткіштерінің межесі бекітіліп, келісім жасау нәтижесінде және аудандағы ұстаздарымыздың бала оқытудағы тынымсыз еңбектерінің арқасында биылғы жылғы ҰБТ нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда 18,77 балға көтеріліп, 82-ні құрады. 5 пәннен тапсырған 489 түлектің 82-і (16,76%) 100-ден жоғары балл жинады. Өткен жылмен салыстырғанда 100-ден жоғары балл жинаған түлектердің үлесі 10%-ға көтеріліп, шекті деңгейден төмен балл жинаған түлектердің үлесі 11,3%-ға азайған.

 Мектеп түлектерінің 43-і «Алтын белгі», 30-ы үздік аттестат иегері атанды (2020 жылы «Алтын белгі» - 47, үздік аттестат – 24). «Алтын белгі» иегерлерінің 84,2% (32) 90-нан жоғары балл жинады.

Дегенмен қорытынды аттестаттаудан «Алтын белгіге» үміткер болған 4 оқушы (Жібек жолы-1, Абай /а/-1, С.Шәкіров-2) өз білімін дәлелдей алмады. Бұл мәселе жыл бойы облыстық білім басқармасы тарапынан көтеріліп келді. Сондықтан мектеп басшылары алдағы оқу жылында 11 сынып оқушыларымен жүргізілетін кеңестер мен дайындық жұмыстарын жүйелеуді назарға алуымыз керек.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 59 түлек шекті 50 балды жинай алмады (21 мектептен). Бұл дегеніміз мектеп мұғалімдерінің асыра бағалау және мектеп әкімшілігінің бақылау мен қадағалау жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмегені болып табылады.

Жоғары оқу орнына түсуге өтініш берген жалпы түлектің  56,2%-ы мемлекеттік білім беру грантына ие болды (2020 жылы 38%).  Оның ішінде «Жомарт түлек» акциясы аясында ауданымыздан шыққан ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал тұлға Қасымбеков Махмуд Базаркулович М.Әуезов және С.Сейфуллин атындағы орта мектептердің 2 жас түлегіне Евразиялық Ұлттық университетіне грант тағайындады.  

"Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев айтқандай, Отанға деген сүйіспеншілік – бос ұрандар мен декларациялар емес, ол халық игілігі үшін күнделікті аянбай еңбек ету, шын жүрекпен жасалатын қайырымды істер. 

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Мектеп басшыларының нәтижелі жұмысы – мектепті дамытудың кепілі. Мектеп көшбасшылығының дұрыс жүргізілмеуі, ұжымның моральдік ахуалының төмендеуі білім беру сапасына әсер ететіні сөзсіз.

Осы орайда арыз-шағымдардың тоқтамауы білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өткен оқу жылында 5 мекеме басшысына (Е.Бекмаханов, №40, Мойынқұм, С.Естемесов мектептері, «Әсем» б/б) қатысты шағымдар жазылып, тиісті шаралар қабылданды.

Арыз-шағымдардың басым көпшілігі мекеме басшыларының әдеп нормаларын сақтамау және нормативтік талаптарды бұзу себебінен туындауда (ақша жинау, педагогтер жүктемесін бөлу, жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару).

Сондықтан цифрландыру кезеңінде мектеп мұғалімдерінің жүктемесін бекіту, кадр қызметін басқару жүйеісн автоматтандыру атқарылатын негізгі жұмыстардың бірі болмақ.

Мемлекет қаржысын тиімді игеру, мақсатты жұмсау – ол мекеме басшысының негізгі міндеті.

Білім мекемелері қызметтерінің тиімділігін бағалау, білім беру сапасын арттыру мақсатында жыл сайын оқу жылының қорытындысы бойынша мектептердің рейтингісі жасалып отыр.  Өкінішке орай, Жамбыл атындағы гимназия мен №40 мектеп-лицейінің рейтингтік көрсеткіштері аудан көлемінде салыстырмалы түрде жоғары болғанмен, облыстағы  48 гимназия мен лицейлер арасында оқушыларының белсенділіктері төмен болып, дарынды оқушылармен жұмыстарының жүйелі жүргізілмейтіні байқалып отыр. Сонымен қатар рейтинг қорытындысы бойынша аудан мектептерінің ішінде С.Естемесов, Алға, Амангелді, Қ.Сәтбаев, Т.Рысқұлов /а/  атындағы орта мектептерінің де жетістіктері аз екені анықталып отыр. Бұл мектеп басшыларын ойландыруы тиіс.

Құрметті әріптестер!

Баланың өмір қауіпсіздігі біз үшін әрқашан маңызды. Сондықтан да алдағы оқу жылында бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілуі тиіс.

Білім бөлімі тарапынан балаларды күнделікті бақылау мен білім мекемелерінің профилактикалық жұмыстарын қадағалау бойынша былтырғы оқу жылында «Қиын бала болмайды» жобасы әзірленіп, өздеріңізге ұсынылған. Сол жобаның нәтижесі жыл ішінде көрінді, енді әрі қарай жалғасын табу керек.

Мектептер нормаға сәйкес барлық қажетті мамандардың штаттық бірліктерімен қамтылған, олар: директордың тәрбие және құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторы, психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгер. Дей тұрғанмен, оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс фактілері тәрбие берудің өз деңгейінде еместігін көрсетіп отыр. 2020 жылы аудандық полиция бөлімінде 12 оқушы профилактикалық есепке, 22 оқушы мектепішілік есепке алынса, 2021 жылы 5 оқушы (кешкі мектептен 4, Т.Рысқұлов ом 1 оқушы) полиция бөлімінде профилактикалық есепке, 28 оқушы мектепішілік есепке, 39 оқушы медициналық әлеуметтік есепке алынып отыр.

Бұл баршамыз үшін үлкен сын. Мектепте құқық бұзушылықтың, суицидтің, ерте жүктіліктің, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және діни теріс ағымдардың таралуын болдырмау бағытында бірлескен жұмыстарды одан әрі жалғастырып,  отбасы институтының жұмысын жандандыру қажет. Биылғы республикалық тамыз кеңесінде мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысын күшейту керектігі туралы айтылды.

Ұлы педагог В.А. Сухомлинскийдің «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін», деген ұтымды ойын тәрбие үрдісінде қолдану керек.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде экологиялық білім беретін міндетті сынып сағаттары жүргізілетін болады. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов балаларға ерте жастан бастап табиғатты аялауды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ресурстарды ұтымды пайдалануды үйретудің маңыздылығын атап өтті. Сондықтан алдағы оқу жылында экологиялық білім мен тәрбие беру де күшейтілуі тиіс.

Құрметті ұстаздар!

Бүгінгі күні біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі – жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау.

Оқыту үрдісі министрлік тарапынан ұсынылған әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс.

Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі - Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде жазылған Әліппе мектептерге қайта оралып, 1-қыркүйек Білім күні 1-ші сынып оқушыларына табыс етіледі, 

- 1-ші сыныптарға «Ана тілі», «Цифрлық сауаттылық» пәндері енгізіледі,

- білім алушыларға қауіпсіз және жайлы орта қамтамасыз етіледі,

-  білім алушылардың оқу жүктемесі азайтылып, педагогтер жүктемесі 16 сағатқа қысқартылады, 

«Музыка» оқу бағдарламасының шеңберінде 6-сыныпта домбырада ойнауды үйрету, 5-11 сыныптарда «Жаһандық құзыреттілік» таңдау курсы енгізіледі, 

- білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі, білім алушылардың біліміндегі ерекше қажеттіліктеріне диагностикалау жүргізіледі, 

- ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етіледі, 

- сабақтың ұзақтығы қайта 45 минут болады, 

«Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобалары іске асырылады, 

- мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқу, мектептің мәдени ортасын ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру, мектептердің дамуына меценаттық қолдауды кеңейту, ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі, 

- оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың базалық білімін тексеруге бағытталған бағалаудың жаңа моделі – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингімен ауыстырылады,

- педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелері енгізілді.

Аталған жаңашылдықтардың барлығы оқу жылының алдында өткізілген педагогикалық кеңестер мен ата-аналар жиналыстарында талқыланып, таныстырылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жаңа оқу жылын бастауда еш қиындық тумайды деген сенімдемін.

1 қыркүйек – Білім күніне және оқу жылының басталуына арналған іс-шараларға тек қана 1 сынып оқушылары қатысады. 2-11 сыныптарда             1 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізіледі.

Құрметті кеңеске қатысушылар!

«Мұғалім – мектептің жүрегі» деген ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның сөзі қазіргі таңда өз құнын арттыра түсті. Өйткені білім берудегі басты тұлға – мұғалім.

Халқымыз үшін білім мен тәрбиенің орны қашан да бөлек. Білімді болу үшін – оқу, күшті болу үшін - бірлік керек. Алдымызға қойып отырған мақсатқа жетуге бар күшімізді аянбай жұмсауға шақырамын.

Ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, сәттілік тілеймін. Жаңа оқу жылдарыңызбен!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!]]>
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы 

roo-shu Tue, 31 Aug 2021 18:42:05 +0600
Өнер мектебінің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы http://shu-bilim.bolimi.kz/uchet/512-ner-mektebn-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/uchet/512-ner-mektebn-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html
]]>

]]>
roo-shu Thu, 03 Jun 2021 17:10:28 +0600
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлкеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының №19 хаттамасы http://shu-bilim.bolimi.kz/attestasya/511-mektepke-dejng-trbie-men-oytua-memlkettk-blm-beru-tapsyrysyn-ornalastyru-bojynsha-komissija-otyrysyny-19-hattamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/attestasya/511-mektepke-dejng-trbie-men-oytua-memlkettk-blm-beru-tapsyrysyn-ornalastyru-bojynsha-komissija-otyrysyny-19-hattamasy.html

]]>
roo-shu Wed, 12 May 2021 18:19:41 +0600
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлкеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының №18 хаттамасы http://shu-bilim.bolimi.kz/attestasya/510-mektepke-dejng-trbie-men-oytua-memlkettk-blm-beru-tapsyrysyn-ornalastyru-bojynsha-komissija-otyrysyny-18-hattamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/attestasya/510-mektepke-dejng-trbie-men-oytua-memlkettk-blm-beru-tapsyrysyn-ornalastyru-bojynsha-komissija-otyrysyny-18-hattamasy.html

]]>
roo-shu Thu, 29 Apr 2021 15:39:25 +0600
«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы хабарландыру http://shu-bilim.bolimi.kz/pitanie/509-orta-blm-beretn-zdk-jym-atty-audandy-bajau-turaly-habarlandyru.html http://shu-bilim.bolimi.kz/pitanie/509-orta-blm-beretn-zdk-jym-atty-audandy-bajau-turaly-habarlandyru.html «Орта  білім   беретін  үздік  ұйым» атты аудандық  байқау туралы   хабарландыру          Шу ауданы  әкімдігінің  білім   бөлімі  (Төле би  ауылы, Егемберді көшесі №2 үй, тел / факс: 8(72638) 3-01-51 «Шу  ауданы  әкімдігі   білім  бөлімінің  әдістемелік   кабинеті «Орта  білім беретін   үздік  ұйым»  атты   аудандық байқау өткізеді.
          «Орта   білім беретін  үздік  ұйым» грантын  беру   тәртібін  және  оның   мөлшерін  белгілей отырып, оны  беруге  арналған   конкурсты  өткізу  қағидалары.
І Жалпы ережелер
       1.«Орта   білім  беретін  үздік   ұйым» грантын беру  тәртібін  және оның   
мөлшерін  белгілей   отырып, оны  беруге  арналған   конкурсты  өткізу қағидалары  (бұдан   әрі – Қағидалар ) Қазақстан   Республикасының  «Білім  туралы»   Заңының  5- бабы  8-7) тармақшасына  сәйкес   әзірленді  және  «Орта   білім   беретін  үздік  ұйым» грантын  беру   тәртібін  және  оның мөлшерін   белгілей  отырып,  оны   беруге  арналған  конкурсты   өткізу  тәртібін  айқындайды. 
     2.Осы Қағидаларда  мынадай    негізгі  ұғымдар  пайдаланылады.:
     1) «Орта  білім беретін   үздік  ұйым» гранты  (бұдан әрі –Грант) –облыстың, республикалық  маңызы    бар қаланың  және астананың жергілікті  атқарушы органдары мемлекеттік  орта білім беру ұйымдарына  рейтингтік  көрсеткіштер   негізінде  конкурс қорытындылары  бойынша   жыл сайын  бөлетін ақша;
      2) рейтингтік  көрсеткіштер – мемлекеттік  білім   беру  мекемелеріне  сәйкес   болуға  тиіс осы Қағидаларда белгіленетін  өлшемдер .
      3. «Орта  білім беретін үздік  ұйым»  грантын   беру  тәртібін  және оның 
         мөлшерін  белгілей   отырып, оны  беруге арналған  конкурсты (бұдан  әрі – 
         Конкурс) білім  беру саласындағы жергілікті  атқарушы органдар  жыл 
         сайын өткізеді.
  1. Конкурс  тиімді  педагогикалық   және  басқару  тәжірибесін   анықтау,  қорыту және  тарату, орта   білім  беру  ұйымдарының   педагогтары мен  басшыларының  кәсіби   және жеке  тұлғалық  өсуін   ынталандыру, Қазақстан   Республикасының  орта білім  беру   жүйесінің  даму үрдісін  анықтау   мақсатында өткізіледі.
  2. Грант  конкурстың жеңімпазы-  мемлекеттік   орта  білім  беретін   үздік  ұйымға  беріледі.
ІІ «Орта  білім   беретін  үздік  ұйым» грантының  мөлшерін   және  оны  беру тәртібін белгілей  отырып, оны беруге  арналған   конкурсты  өткізу  тәртібі
  1. Конкурсқа  қатысуға   мемлекеттік  орта  білім беру ұйымдарының (бұдан әрі- білім  беру   ұйымдары) барлық  түрлеріне  рұқсат   беріледі.
  2. Конкурсқа  қатысушылардың  құжаттары 2021 жылғы  25 сәуірге   дейің қабылданады.
  3. Конкурс  29.04.2021 жылы сағат 11.00 –де  білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде өткізіледі.
    Шу ауданы   әкімдігінің  жанындағы  конкурстық   комиссияның  
  мекен –жайы:   Шу  ауданы, Төле би  ауылы   Егемберді  көшесі №2 аудан  әкімдігінің   білім  бөлімі, байланыс  телефондары 8(32638) 3-01-51]]>
«Орта  білім   беретін  үздік  ұйым» атты аудандық  байқау туралы   хабарландыру          Шу ауданы  әкімдігінің  білім   бөлімі  (Төле би  ауылы, Егемберді көшесі №2 үй, тел / факс: 8(72638) 3-01-51 «Шу  ауданы  әкімдігі   білім  бөлімінің  әдістемелік   кабинеті «Орта  білім беретін   үздік  ұйым»  атты   аудандық байқау өткізеді.
          «Орта   білім беретін  үздік  ұйым» грантын  беру   тәртібін  және  оның   мөлшерін  белгілей отырып, оны  беруге  арналған   конкурсты  өткізу  қағидалары.
І Жалпы ережелер
       1.«Орта   білім  беретін  үздік   ұйым» грантын беру  тәртібін  және оның   
мөлшерін  белгілей   отырып, оны  беруге  арналған   конкурсты  өткізу қағидалары  (бұдан   әрі – Қағидалар ) Қазақстан   Республикасының  «Білім  туралы»   Заңының  5- бабы  8-7) тармақшасына  сәйкес   әзірленді  және  «Орта   білім   беретін  үздік  ұйым» грантын  беру   тәртібін  және  оның мөлшерін   белгілей  отырып,  оны   беруге  арналған  конкурсты   өткізу  тәртібін  айқындайды. 
     2.Осы Қағидаларда  мынадай    негізгі  ұғымдар  пайдаланылады.:
     1) «Орта  білім беретін   үздік  ұйым» гранты  (бұдан әрі –Грант) –облыстың, республикалық  маңызы    бар қаланың  және астананың жергілікті  атқарушы органдары мемлекеттік  орта білім беру ұйымдарына  рейтингтік  көрсеткіштер   негізінде  конкурс қорытындылары  бойынша   жыл сайын  бөлетін ақша;
      2) рейтингтік  көрсеткіштер – мемлекеттік  білім   беру  мекемелеріне  сәйкес   болуға  тиіс осы Қағидаларда белгіленетін  өлшемдер .
      3. «Орта  білім беретін үздік  ұйым»  грантын   беру  тәртібін  және оның 
         мөлшерін  белгілей   отырып, оны  беруге арналған  конкурсты (бұдан  әрі – 
         Конкурс) білім  беру саласындағы жергілікті  атқарушы органдар  жыл 
         сайын өткізеді.
  1. Конкурс  тиімді  педагогикалық   және  басқару  тәжірибесін   анықтау,  қорыту және  тарату, орта   білім  беру  ұйымдарының   педагогтары мен  басшыларының  кәсіби   және жеке  тұлғалық  өсуін   ынталандыру, Қазақстан   Республикасының  орта білім  беру   жүйесінің  даму үрдісін  анықтау   мақсатында өткізіледі.
  2. Грант  конкурстың жеңімпазы-  мемлекеттік   орта  білім  беретін   үздік  ұйымға  беріледі.
ІІ «Орта  білім   беретін  үздік  ұйым» грантының  мөлшерін   және  оны  беру тәртібін белгілей  отырып, оны беруге  арналған   конкурсты  өткізу  тәртібі
  1. Конкурсқа  қатысуға   мемлекеттік  орта  білім беру ұйымдарының (бұдан әрі- білім  беру   ұйымдары) барлық  түрлеріне  рұқсат   беріледі.
  2. Конкурсқа  қатысушылардың  құжаттары 2021 жылғы  25 сәуірге   дейің қабылданады.
  3. Конкурс  29.04.2021 жылы сағат 11.00 –де  білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде өткізіледі.
    Шу ауданы   әкімдігінің  жанындағы  конкурстық   комиссияның  
  мекен –жайы:   Шу  ауданы, Төле би  ауылы   Егемберді  көшесі №2 аудан  әкімдігінің   білім  бөлімі, байланыс  телефондары 8(32638) 3-01-51]]>
roo-shu Mon, 19 Apr 2021 16:37:31 +0600
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің есепшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдына алу бойынша түсіндірме жұмысының ХАТТАМАСЫ http://shu-bilim.bolimi.kz//508-zhambyl-oblysy-kmdgn-blm-basarmasy-shu-audanyny-blm-blmn-esepshlerne-sybajlas-zhemorlyty-aldyna-alu-bojynsha-tsndrme-zhmysyny-hattamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz//508-zhambyl-oblysy-kmdgn-blm-basarmasy-shu-audanyny-blm-blmn-esepshlerne-sybajlas-zhemorlyty-aldyna-alu-bojynsha-tsndrme-zhmysyny-hattamasy.html
]]>
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің есепшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдына алу бойынша түсіндірме жұмысының 
ХАТТАМАСЫ 

Төле би ауылы                                                                        22 қаңтар 2021 жыл
                                                                                                  сағат 10.00

    Қатысқандар: Білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының есепшілері - 20.КҮН ТӘРТІБІ

    «АШЫҚ БУХГАЛТЕРИЯ» пилоттық жобасын қолдану туралы
    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім басшысы М.Жинакбаева Бюджеттің ашықтығын қалыптастыру мақсатында «Ашық бухгалтерия» жүйесіне көшу үшін пилоттық жобасының жоспарымен таныстырып, 2021 жылдың қаңтар айынан жоба жұмысы басталғанын хабарлады. Қаржы шоты қорының қалдықтарын талдау арқылы шығындарды тиімді жоспарлауға, бюджет қаражатын тиімді бөлуге, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға, шоғырландырылған есептіліктен бастапқы құжатқа дейін ашық есеп жүргізуге, 1С бағдарламасымен жұмыс атқарып әр есепшіге жеке ЭЦҚ кілті алынып, ашық, адал жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігі айтылды. Әр есепші өзінің атқарып отырған жұмыстарын жеке электрондық кілтімен қол қою арқылы өзі жауапты екендігі ескертілді. Сонымен қатар, бөлім басшысының жұмыс ауықымының көптігінен және қаржының уақытылы игерілуіне кедергі келтірмеу мақсатында электронды цифрлық қолтаңба сенім хат арқылы бас есепшінің м.а. А.Әбілдаеваға, сектор меңгерушісі В.Шубаеваға, есепші С.Абдрахмановқа  тапсырылды.    Шу ауданы бойынша 23 мемлекеттік бақшалар 10.12.2020 жылы ауылдық округтен білім бөлімінің теңгеріміне ауысуына байланысты, жан басына шаққандағы қаржыландыру жұмысын қадағалау бас экономист Г.Ахаеваға, жұмысын жүргізу есепші С.Абдрахмановқа тапсырылды. Сондай –ақ заң аясында жұмыс жүргізу, есеп-қисап заңында болып жатқан өзгерістерден хабардар болу үшін бас есепші, бас экономист, сектор меңгерушілері, есепшілер кезең- кезеңімен біліктілікті арттыру курсынан өту қажеттігі ескертілді. 2019-2020 оқу жылында білім бөлімінің бас есепшісі, есепшілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешіміне сәйкес үкімі шығып, іске тартылған қызметкерлер жазаланғандығы сабақ болу қажеттігі және заң аясында жұмыс істеу есепшілерге қатаң ескертілді.      Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау нәтижесі бойынша     ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.    Жұмысшылар мен қызметшілер бойынша бухгалтерлік есеп бөлімінің есепшілері қаңтар айының соңына дейін жалақы есептеу бойынша төлем операцияларын жүргізу үшін электронды цифрлық қолтаңба алынсын.2.    Басшының сенім хат арқылы берілген электронды цифрлық қолтаңбасымен заң аясында жұмыс жүргізілсін.3.    Мемлекеттік бақшалардың, мектептен тыс мекемелерінің басшылары мемлекеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізілсін.4.    Ұсыныста көрсетілген заңсыздықтар алдағы уақытта қайталанбау мақсатында назарға алынсын.

]]>
roo-shu Mon, 19 Apr 2021 16:30:39 +0600
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ http://shu-bilim.bolimi.kz/attestasya/504-konkurs-zharijalanady.html http://shu-bilim.bolimi.kz/attestasya/504-konkurs-zharijalanady.html         Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары   «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу  ауданының   білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай  құжаттар   ұсынады:
        1) комиссия төрайымының  атына жазылған өтініш (М.К.Жинақбаеваға);
        2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымның   жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің (қарызының) жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
        3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын
жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
        4)«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің  2020 жылғы 17 сәуіріндегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 сәуірде №20431 болып  тіркелген) бекітілген «Эпидемиалық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық  актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін; 
        5) медициналық  кабинетке   лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы  шартты;
        6) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің  жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.
        7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері;
        
        Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды,мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады. 
 
        Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.
Жеткізушіні конкурс арқылы  таңдаудың  қосымша өлшемшарттары:
        1) жоғарғы және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі  олардың жалпы санынан  кемінде 10%;
        2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%. 
          Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің №15 кабинетінде 2021 жылдың 22 сәуіріне дейін    қабылданады.]]>
        Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары   «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу  ауданының   білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай  құжаттар   ұсынады:

roo-shu Thu, 01 Apr 2021 19:24:32 +0600
М.Әуезов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы http://shu-bilim.bolimi.kz/uchet/503-muezov-atynday-orta-mektebn-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/uchet/503-muezov-atynday-orta-mektebn-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html

]]>

]]>
roo-shu Wed, 31 Mar 2021 16:03:24 +0600
Бұл бұл балалар бақшасының қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы http://shu-bilim.bolimi.kz/uchet/499-bl-bl-balalar-bashasyny-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/uchet/499-bl-bl-balalar-bashasyny-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html

]]>

]]>
roo-shu Thu, 18 Mar 2021 19:04:54 +0600