«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды - ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ http://shu-bilim.bolimi.kz/ ru «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды - ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ DataLife Engine 2020 жылы білім саласын ақпараттандыру жұмыстары http://shu-bilim.bolimi.kz/priem/461-2020-zhyly-blm-salasyn-aparattandyru-zhmystary.html http://shu-bilim.bolimi.kz/priem/461-2020-zhyly-blm-salasyn-aparattandyru-zhmystary.html
]]>
Мектептерді кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстары.

2021 жылы 47 мектепті және 1 кешкі мектепті интернет желісімен қамту үшін жергілікті бюджет есебінен 31 млн 124 мың теңге қаражат бөлінді. Оның 4 млн 486 мың 702 теңгесі пролонгация әдісімен қаңтар-ақпан айларында мектептерді интернет желісімен қамтамасыз ету үшін жұмсалуда. 

Жалпы сомасы 26 млн 637 мың 298 теңгеге 47 мектепті және 1 кешкі мектепті наурыз-желтоқсан айларында жоғары жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

Мектептерді ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру жұмыстары.

2018 жылы жергілікті бюджет есебінен қаралған 63 млн 371 мың теңгеге 85,1% ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру жұмыстары жүргізілді. 

2019 жылы жалпы сомасы 8 млн 75 мың 990 теңгеге 7 мектепте (Домалақ ене, Мойынқұм, О.Жандосов, Т.Рысқұлов (а), Жиенбет, Еспе, №48) ішкі сымсыз Wi-Fi желісі жүргізіліп, қамту көрсеткіші 100% болды.

Компьютерлік техникалармен жабдықтау жұмыстары.

Аудан бойынша білім беру мекемелерінде барлығы 5759 компьютерлік құрылғы бар. Оның ішінде оқу үдерісінде пайдаланатын компьютер саны – 5545 (1 компьютерге - 4 оқушы). Мұғалімдер пайдаланатын компьютер саны   - 1212, оқу кабинетінің саны - 1212, яғни қамтамасыз ету көрсеткіші - 100%.

2020 жылы жалпы сомасы 8 млн 500 мың теңгеге 56 компьютер комплектісі және 82 млн теңгеге 328 ноутбук  сатып алынды және қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында ҚР Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен облыстық білім басқармасы тарапынан 2382 компьютерлік құрылғы (400 планшет, 291 моноблок және 1691 ноутбук) берілді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Шу аудандық комитеті жеке компьютерлік құрылғысы жоқ 38 ұстазды ноутбукпен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, 1300 аз қамтылған отбасы балаларына Wi-Fi роутерлер сатып алынып, оқушыларға таратылды.

Мектептерді робототехника кабинеттерімен жабдықтау.

2018 жылы жергілікті бюджеттен 15 млн 144 мың теңгеге 4 мектеп (М.Әуезов, М.Мақатаев, С.Сейфуллин, А.С.Макаренко) робототехника кабинетімен жабдықталды.

2019 жылы жалпы сомасы 41 млн 832 мың теңгеге 9 мектепті (Абай/қ/ ом, Төле би/қ/ом, М.Ғабдуллин ом, Ә.Молдағұлова ом, Мойынқұм ом, С.Естемесов ом, Жамбыл ом, М.Мәметова ом, М.Х.Дулати ом) робототехника кабинетімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге, 24 мектепте Робототехника үйірмелері жұмыс жасауда. Үйірмелерге қамтылған оқушылар саны 850.

2021 жылы жалпы сомасы 13 млн 455 мың теңгеге 2 мектепті (Домалақ ене ом, Амангелді ом) робототехника кабинетімен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.

Тегін білім беретін ІТ сыныптар ашу.

2018 жылдың 30 тамызы күні Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің базасында жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 5 млн 695 мың 700 теңге қаражатқа ІТ сынып ашылды. 

2019 жылы 4 мектептің (Жамбыл гим, Е.Бекмаханов мг,Төле би/а/ ом, №40 мл) базасында ІТ сыныптар ашу мақсатында жалпы сомасы 16 млн 428 мың 228 теңгеге сатып алынды. 

Сонымен қатар, Шу қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы есебінен қосымша 1 ІТ сынып жабдықталды.

Бүгінгі күнге, аудан бойынша барлығы 6 ІТ сынып жұмыс істеуде. ІТ сыныптардағы жалпы тәрбиеленушілер саны 360 оқушы.

2021 жылы жалпы сомасы 23 млн 535 мың теңгеге 2 мектептің (Абай (а) ом, С.Шәкіров ом) базасында ІТ сыныптар ашу жоспарлануда.

«Күнделік» электрондық журнал жүйесі

          Аудандағы 47 мектеп 100% «Күнделік» электрондық журналдар жүйесінде жұмыс жасайды. Қызмет ақысыз түрде көрсетіледі. Бүгінгі күнде жүйеде 39 226 қолданушы (2564 қызметкер, 22063 оқушы, 14599 ата-ана) жұмыс жасауда. 

          Цифрлық білім беру ресурстары

2021 жылы Шу ауданы бойынша 47 мектептің 45-і онлайн жүйесінде және 2 мектеп офлайн жүйесінде «Білімлэнд» білім беру контентімен қамтамасыз етіледі. Аталған мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 9 млн 130 мың теңге қарастырылған. 

          «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру»

          2019 жылдан бері "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау", «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттыры толығымен автоматтандырылды. Аталған қызметтер eduscholl.kz және edugarden.kz порталдарында көрсетілуде.

]]>
roo-shu Fri, 22 Jan 2021 12:08:28 +0600
«Робототехника және ІТ: оқытудан тәжірибеге» http://shu-bilim.bolimi.kz/main/439-robototehnika-zhne-t-oytudan-tzhribege.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/439-robototehnika-zhne-t-oytudan-tzhribege.html

]]>
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 21.02.2020 жылы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның базасында «Робототехника және ІТ: оқытудан тәжірибеге» атты аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум мектеп психологы Оспанова Эльмираның психологиялық тренингінен басталып, мектеп директоры Азиза Тоқсабайқызының алғы сөзінен кейін ашылды. Презентациялық бөлімде Жамбыл атындағы гимназияның информатика пәні мұғалімі Әбенова Әйгерім «Arduino» платформасының құрылымы мен мүмкіндіктерін таныстырып, Жамбыл атындағы орта мектебінің үйірме жетекшісі Әлдижан Сәтжан «LEGO mindstorms EV3» робототехникалық құрылғыларының ерекшеліктерімен таныстырды. Сонымен қатар, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Куралбаева Әсел «Makeblok» роботтарының құрылымымен таныстырып, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімдері Кошербаева Нұрсұлу мен Айтжанова Айдана «Weemake» роботтарының ерекшеліктерін көрсетті. Сонымен қатар, аудандағы 24 робототехника үйірмелері мен 6 ІТ үйірмелердің жетекшілері мен тәрбиеленушілері тарапынан сан түрлі жобалар ұсынылып, олардың құрылымы мен ерекшеліктері туралы таныстырылым жасалды. Семинар соңында іс-шараға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға Алғыс хаттар берілді.

]]>
roo-shu Fri, 21 Feb 2020 05:30:08 +0600
«Робототехника» кабинеттері ашылды. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/273-robototehnika-kabinetter-ashyldy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/273-robototehnika-kabinetter-ashyldy.html «Робототехника» кабинеттері ашылды.

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Осыған орай Елбасымыз «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» - деп өзінің Қазақстан халқына Жолдауында білім саласының жаңа жаһандану заманына ілгерілеу керектігін айқындап берген болатын.

Міне, осы мақсатта біз де өз ауданымыздың балалары жаңа технологияларды меңгеріп, құлтемірді бағындырып, оқу үрдісінде бағдарламалау, 3D модельдеу, алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгерсе деген ойдамыз.

Осы мақсатта ауданымыздағы 15 мектепте «Робот техникасы» үйірмелері енгізілуде. Биылғы жылы жалпы соммасы 15 млн 144 мың теңгеге 4 мектепті «Робототехника» кабинетімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Кабинет 20 оқушыға арналған жиҺазбен, 10 комплект базалық, 10 комплект ресурстық лего роботтарымен, интерактивті тақта, проектор, мұғалім ноутбугі және 10 дана оқушы ноутбуктарымен жабдықталған.

]]>
«Робототехника» кабинеттері ашылды.

roo-shu Mon, 03 Sep 2018 04:42:37 +0600
Ауданымызда «ІТ» кабинет ашылды http://shu-bilim.bolimi.kz/main/272-audanymyzda-t-kabinet-ashyldy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/272-audanymyzda-t-kabinet-ashyldy.html Ауданымызда «ІТ» кабинет ашылды

«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D- принтер, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді, денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге бағытталуы тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа да міндеттер» деген болатын. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде ІТ, робототехника ғылымы кең тарап, жаппай қолданылып жатыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауға тиіс.

Осы орайда, біз де өз ауданымыздың балалары жаңа технологияларды меңгеріп, құлтемірді бағындырып, оқу үрдісінде бағдарламалау, 3D модельдеу, алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгерсе деген ойдамыз.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ата Заңы «Конституция» күні «НұрОтан» партиясының бастамашыл жобасының аясында Жібек жолы мектеп-лицейінің базасында ІТ сынып ашылды. ІТ сыныптың жалпы соммасы 5 млн 695 мың 700 теңгені құрап отыр. Сынып 10 оқушыға арналған жиҺазбен, виртуалды шындық көзілдірігімен, 3D принтермен, 5 комплект базалық, 2 комплект ресурстық лего роботтарымен, 10 комплект Ардуино роботтарымен, интерактивті тақта, проектор, мұғалім ноутбугі және 10 дана оқушы ноутбуктарымен жабдықталған. Бұл сыныпта ауданымызды оқушылары сабақтан тыс уақытта білім алып, өздерінің техникалық ғылымдардағы қабілеттерін шыңдай түспек.

]]>
Ауданымызда «ІТ» кабинет ашылды

roo-shu Mon, 03 Sep 2018 04:32:53 +0600
РОБОТОТЕХНИКА - ОҚУ ҮРДІСІНДЕ http://shu-bilim.bolimi.kz/main/143-robototehnika-ou-rdsnde.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/143-robototehnika-ou-rdsnde.html

]]>

]]>
roo-shu Sun, 07 Jan 2018 23:15:33 +0600
Робототехника http://shu-bilim.bolimi.kz/main/107-robototehnika.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/107-robototehnika.html Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Қасымбаева Қымбаттың ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 қазан күні өткізілген «Информатиканы оқытудағы инновациялық әдістер: өзекті мәселелері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинардан көрініс.
]]>
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Қасымбаева Қымбаттың ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 қазан күні өткізілген «Информатиканы оқытудағы инновациялық әдістер: өзекті мәселелері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинардан көрініс.
]]>
roo-shu Thu, 17 Nov 2016 00:56:54 +0600