DataLife Engine > Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықта > Кәмелетке толмаған жастардың арасындағы қылмыс

Кәмелетке толмаған жастардың арасындағы қылмыс

Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі,

Кәмелетке толмаған жастардың арасындағы қылмыс себебі

және оның алдын алу

         ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт- жоспары қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласының мәні өте зор, себебі онда біздің мемлекеттің әрі қарай даму жолдары көзделген. Осы мақаланы негізге ала отырып, Бірлік ауылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде 2018 жылы қарашаның алтысында құқық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Сауранбаевтың ұйымдастыруымен жастар арасындағы заңға қайшы келетін іс-әрекеттердің алдын-алу үшін 7-11 сынып аралығындағы оқушыларға «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі», «Кәмелетке толмаған жастардың арасындағы қылмыс себебі және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Жиынға  ауыл әкімі Е.Қосахов, ақсақалдар алқасының мүшелері Қарамолдаев Төлеу Сейдуалиұлы және Алменов Төлеуқұл Жұмажанұлы Бірлік ауылдық округі  бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Аралбек және Шу АПБ-нің ЖПК ЮПТ УПР-ры полиция  капитаны Н.Оракатов Шу АПБ-нің ЖПК УПР-ры полиция  капитаны З.Асланов, Н.Бекбауов білім бөлімінің әдіскері   арнайы қатысты. Жастармен өткізілген кездесуде ауыл әкімі Е.Қосахов ақсақалдар алқасының төрайымы ашып берді. Учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтың алдын-алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған шараларымен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндама жасады. Мектеп директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары жастар арасында бопсалау, зорлық-зомбылық тақырыбында бейнеролик көрсетті.Әрбір оқушы бейнероликті көре отырып, заң талабына бағыну, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті орындау керек екенін ұғынды.

            Білім бөлімінің әдіскері Нариман Намазбайұлы сөзді қорытындылай келе, жастарды білім алуға, ата-ананы құрметтеуге, тек жақсы жақтан көрінуге тиісті екенін айтты.  Мектеп әкімшілігіне ата-аналармен тығыз  қарым- қатынаста жұмыс жасап, оқушылардың спорттық үйірмелерден бос болмауын қадағалауды тапсырды. Осы қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған іс-шаралар қылмыспен күресу,құқықтың мәдениет пен сана сезімді қалыптастыру оқушылардың бойында табылады деп сенеміз.

 

 

 

 

 

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}



Вернуться назад