Информация - ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ http://shu-bilim.bolimi.kz/ ru Информация - ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ DataLife Engine Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының білім қызметкерлерінің аудандық тамыз педагогикалық кеңесіндегі баяндамасы http://shu-bilim.bolimi.kz/main/513-shu-audanyny-blm-blmn-basshysy-zhinabaeva-mbarak-asymyzyny-blm-yzmetkerlern-audandy-tamyz-pedagogikaly-keesndeg-bajandamasy.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/513-shu-audanyny-blm-blmn-basshysy-zhinabaeva-mbarak-asymyzyny-blm-yzmetkerlern-audandy-tamyz-pedagogikaly-keesndeg-bajandamasy.html Шу ауданының білім бөлімінің басшысы 

Жинақбаева Мүбарак Қасымқызының 

білім қызметкерлерінің аудандық 

тамыз педагогикалық кеңесіндегі

баяндамасы

26.08.2021 жыл

Құрметті Нұржан Сабитұлы!

Ардақты ұстаздар!

Бүгінгі алқалы жиын «Білімді ұлт – мемлекет дамуының тұрақты кепілі» тақырыбында өткізіліп, алдағы оқу жылының негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталып отыр.

Өткен оқу жылында білім саласында біраз өзгерістер болып, маңызды жыл болды. Аудандық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім басқармасына берілді, бүлдіршіндерді балабақшаларға 2 жастан қабылдау мәселесі шешілді, орта білім беруде оқушылар 100% жаңартылған мазмұнға көшті, «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы іске қосылды.

Құрметті әріптестер!

Өздеріңізге белгілі төтенше жағдай кезінде біздің алдымызда оқу процесін үзбей, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау міндеті тұрды. Қашықтықтан оқыту форматы оқушы, ата-ана және педагогтер үшін жаңа жағдай болғандықтан қызығушылық пен қорқынышты, күдік пен үмітті қатар туғызды.

Дегенмен, жаңа білім беру форматында оқушылар алғырлығын, педагогтер іскерлігін, ата-аналар жауапкершілігін таныта білді.

Сын сағатта балаларымыздың білім алуына өз үлестерін қосып, елде жарияланған карантиндік шараларға қарамастан ұстаздарымыз шығармашылық жұмыстарын цифрландыру форматына ауыстырып, үй жағдайында бейнесабақтар түсірілімін әзірледі.

Химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналған Ютуб желісінде «Жаратылыстану», информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Информатикс-Шу», математика және физика пәндері мұғалімдеріне арналған «Эврика», бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастау», мектеп психологтарына арналған «Жан-Нұры», тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Туран», география пәні мұғалімдеріне арналған «Континент», қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдеріне арналған «Сөз сыры» каналдары іске қосылып, қашықтықтан оқыту кезінде аудан мұғалімдері сабақтар желісін өз іс-тәжірибесіне пайдаланды.

Сонымен қатар Шу ауданының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері дайындаған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»,  «Қашықтықтан оқыту жағдайында далалық оқу жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу» тақырыптарында 10-11 сыныптарға арналған әдістемелік ұсынымдар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен мақұлданып, республика көлемінде таратылды.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін жазғы мектептер 20-маусымға дейін жұмыс істеді. 2-20 тамыз аралығында ата-аналардың қалауы бойынша аудан мектептерінде 85 топта 1538 оқушы «Балақайлар» мектебінде қысқа мерзімді даярлықтан өтті.

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Жаңа оқу жылын жобамен 20821 оқушымен бастағалы отырмыз. Оның 2187-і 1-ші сыныпқа келеді. Жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде басталады. Балалардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптар барлық білім беру мекемелерінде сақталуы тиіс. Мұғалімдер мен оқушылар Ashyq жүйесі арқылы кіріп, мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, «бір сынып – бір кабинет» жүйесі биылғы оқу жылында да сақталады. 

Мектептер санитарлық талаптарды сақтау мақсатында дезинфекциялау тоннельдер, кілемшелер, санитайзерлер және термометриялармен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні педагогтер мен кіші қызметкерлер 100% вакцина алды. Мұның бәрі ерікті сипатқа ие. Біздің әріптестеріміз бұл процеске белсенді ат салысуда.

Педагог қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі үшін 10 млн. 180 мың 698 теңге бөлініп, барлық педагогтар медициналық тексеруден өтті.

Денсаулығы тәуекел топтарға жататын, ата-аналары немесе өздері коронавируспен ауыратын оқушылар уақытша қашықтықтан оқиды. Оқушылардың қашықтықтан білім алуын қамтамасыз ету үшін 9 млн 28 мың 200 теңгеге «Daryn Online» ЖШС мен шарт жасалған. Мектептер оқу үрдісінде   «ДаrуnOnlain» білім беру платформасын пайдаланатын болады. 

Құрметті әріптестер!

Жалпы, педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңынан туындайтын барлық шаралар мен ынталандырулар іске асырылуда. Материалдық және материалдық емес көтермелеу түрінде ынталандыру арқылы педагог кәсібінің беделін арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылды: жалақыны арттыру, педагогикалық шеберлік үшін қосымша ақы, сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру үшін екі есе мөлшерде қосымша ақы төлеу, жүктемені қысқарту, барлық педагогтер үшін демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту, мектептегі тәлімгерлік және магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеу.

Өткен оқу жылынан бастап тәлімгерлік жүйесі енгізілді. Биылғы оқу жылында 36 мұғалім тәлімгерлер болып табылады және өздерінің мол тәжірибелерін жас мамандарға үйретеді, бұл үшін 7 млн. 645 мың 104 теңге қаражат бөлінді.

Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар!

Аудан бойынша 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 94,7%, 3-6 жас - 100%-ды құрайды.

Білім алушылардың 41%-ы қосымша біліммен қамтылған.

Дарынды жастар - болашақтың "мәңгілік қозғалтқышы". Біз республикалық олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушыларымызды мақтан тұта аламыз. 2020-2021 оқу жылында республикалық ғылими жоба жарысынан М.Мақатаев атындағы орта мектептің оқушысы 2 дәрежелі, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы 3 дәрежелі және орыс тілі пәнінен республикалық олимпиададан Абай атындағы орта мектептің оқушысы  3 дәрежелі, республикалық 5-6 сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасында М.Х.Дулати атындағы орта мектептің оқушысы 2 дәрежелі, Жібек жолы мектеп-лицейінің оқушысы 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінен Жамбыл гимназия, Жібек жолы мектеп-лицейі, Абай, Еңбекші, Мойынқұм, С.Шәкіров орта мектептерінен 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Е.Бекмаханов, Ш.Уалиханов атындағы мектептерден 2 оқушы «Айқанат» олимпиадасының республикалық кезеңінен жеңімпаз атанып, Бурабай қаласындағы республикалық «Айқанат» мектебіне жолдама алса, Б.Момышұлы, М.Әуезов мектептерінен 4 оқушы дайындық курстарына тегін жолдама алып, онлайн қосымша білім алуда. Ауыл балалары арасында өткізілетін республикалық «Мың бала» байқауынан Жамбыл, Жайсан, Т.Рысқұлов, М.Мақатаев, Б.Момышұлы, С.Естемесов, М.Маметова, Амангелді, М.Ғабдуллин, Толе би, М.Әуезов атындағы орта мектептерден 14 оқушы жүлделі орындарға ие болып, ноутбуктармен марапатталды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында өткізілген «Елбасы медалі» жобасынан Е.Бекмаханов, №40, М.Х.Дулати, М.Маметова, Б.Момышұлы, С.Сейфуллин атындағы орта мектептерден 7 оқушы қола медаль алып, аудан абыройын қорғап шықты.

Байқауларға қатысу және жеңіске жету - өзіңізді сәтті және сұранысқа ие сезінуге мүмкіндік береді. Облыстық «Үздік педагог-2020» конкурсының жеңімпазы Жібек жолы мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Б.Джанкиеваға 830 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Облыстық «Үздік педагог-2021» конкурсының «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша Жамбыл атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі А.Тлекеев марапатталды.  Облыстық «Үздік тәлімгер» байқауынан №40 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі А.Бейсенбекқызы 2 орынды, облыстық «Үздік жас географ» байқауынан №40 мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Есенжол 2 орынды, білім бөлімінің әдіскері С.Әметқызы облыстық «Үздік әдіскер байқауынан 3 орынды иеленді. Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі С.Кимның, Жамбыл атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Л.Родинаның, Төле би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі М.Досымбаеваның, №40 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Қойшыбаеваның авторлық бағдарламалары облыс көлемінде таратылды.

Қашықтықтан оқу кезінде өткізілген республикалық конкурстардан 500-ге жуық мұғалімдер жүлделі орындарға ие болды.

Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар!

Алдағы оқу жылының негізгі міндеті мектепке дейінгі және орта білім берудің міндетті стандарттарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беруді, психологиялық-педагогикалық консультация беруді ұйымдастыру болады. 2020-2021 оқу жылында 189 ерекше білімді қажет ететін және үйден білім алатын, 67 инкюзивті бала мектепте, 124 инклюзивті бала балабақшада тәрбиеленіп, білім алды. Оларға 7 педагог-дефектолог, 10 логопед, 325 мұғалім, 34 психолог және әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізді. Жоспарға сәйкес 211 мұғалім курстан өтіп, сертификатталды, биылғы оқу жылына да оқыту қарастырылуда. Қашықтан оқыту барысында ерекше білімді қажет ететін 84 оқушы ноутбукпен және планшетпен қамтамасыз етілді,   ерекше білімді қажет ететін 32 оқушыға демеушілер тарапынан кеңсе тауарлары таратылды.

Құрметті ұстаздар!

Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді.

«Әрбір ұстаз – білікті маман, ал әрбір оқушы – ойшыл тұлға» деген қағиданы ұстана отырып, әр ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдалануы тиіс.

Өздеріңізге мәлім, жаңартылған білім беру мазмұнына өткен оқу жылында 11-ші сыныптар көшті.

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтығымыздың алдаспаны десек, оқушылардың білім сапасы 65,49%-ды құрады. 

Білім бөлімі тарапынан ай сайын штаб отырысы өткізіліп, бөлім басшысы мен мектеп директорлары арасында білім көрсеткіштерінің межесі бекітіліп, келісім жасау нәтижесінде және аудандағы ұстаздарымыздың бала оқытудағы тынымсыз еңбектерінің арқасында биылғы жылғы ҰБТ нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда 18,77 балға көтеріліп, 82-ні құрады. 5 пәннен тапсырған 489 түлектің 82-і (16,76%) 100-ден жоғары балл жинады. Өткен жылмен салыстырғанда 100-ден жоғары балл жинаған түлектердің үлесі 10%-ға көтеріліп, шекті деңгейден төмен балл жинаған түлектердің үлесі 11,3%-ға азайған.

 Мектеп түлектерінің 43-і «Алтын белгі», 30-ы үздік аттестат иегері атанды (2020 жылы «Алтын белгі» - 47, үздік аттестат – 24). «Алтын белгі» иегерлерінің 84,2% (32) 90-нан жоғары балл жинады.

Дегенмен қорытынды аттестаттаудан «Алтын белгіге» үміткер болған 4 оқушы (Жібек жолы-1, Абай /а/-1, С.Шәкіров-2) өз білімін дәлелдей алмады. Бұл мәселе жыл бойы облыстық білім басқармасы тарапынан көтеріліп келді. Сондықтан мектеп басшылары алдағы оқу жылында 11 сынып оқушыларымен жүргізілетін кеңестер мен дайындық жұмыстарын жүйелеуді назарға алуымыз керек.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 59 түлек шекті 50 балды жинай алмады (21 мектептен). Бұл дегеніміз мектеп мұғалімдерінің асыра бағалау және мектеп әкімшілігінің бақылау мен қадағалау жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмегені болып табылады.

Жоғары оқу орнына түсуге өтініш берген жалпы түлектің  56,2%-ы мемлекеттік білім беру грантына ие болды (2020 жылы 38%).  Оның ішінде «Жомарт түлек» акциясы аясында ауданымыздан шыққан ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал тұлға Қасымбеков Махмуд Базаркулович М.Әуезов және С.Сейфуллин атындағы орта мектептердің 2 жас түлегіне Евразиялық Ұлттық университетіне грант тағайындады.  

"Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев айтқандай, Отанға деген сүйіспеншілік – бос ұрандар мен декларациялар емес, ол халық игілігі үшін күнделікті аянбай еңбек ету, шын жүрекпен жасалатын қайырымды істер. 

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Мектеп басшыларының нәтижелі жұмысы – мектепті дамытудың кепілі. Мектеп көшбасшылығының дұрыс жүргізілмеуі, ұжымның моральдік ахуалының төмендеуі білім беру сапасына әсер ететіні сөзсіз.

Осы орайда арыз-шағымдардың тоқтамауы білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өткен оқу жылында 5 мекеме басшысына (Е.Бекмаханов, №40, Мойынқұм, С.Естемесов мектептері, «Әсем» б/б) қатысты шағымдар жазылып, тиісті шаралар қабылданды.

Арыз-шағымдардың басым көпшілігі мекеме басшыларының әдеп нормаларын сақтамау және нормативтік талаптарды бұзу себебінен туындауда (ақша жинау, педагогтер жүктемесін бөлу, жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару).

Сондықтан цифрландыру кезеңінде мектеп мұғалімдерінің жүктемесін бекіту, кадр қызметін басқару жүйеісн автоматтандыру атқарылатын негізгі жұмыстардың бірі болмақ.

Мемлекет қаржысын тиімді игеру, мақсатты жұмсау – ол мекеме басшысының негізгі міндеті.

Білім мекемелері қызметтерінің тиімділігін бағалау, білім беру сапасын арттыру мақсатында жыл сайын оқу жылының қорытындысы бойынша мектептердің рейтингісі жасалып отыр.  Өкінішке орай, Жамбыл атындағы гимназия мен №40 мектеп-лицейінің рейтингтік көрсеткіштері аудан көлемінде салыстырмалы түрде жоғары болғанмен, облыстағы  48 гимназия мен лицейлер арасында оқушыларының белсенділіктері төмен болып, дарынды оқушылармен жұмыстарының жүйелі жүргізілмейтіні байқалып отыр. Сонымен қатар рейтинг қорытындысы бойынша аудан мектептерінің ішінде С.Естемесов, Алға, Амангелді, Қ.Сәтбаев, Т.Рысқұлов /а/  атындағы орта мектептерінің де жетістіктері аз екені анықталып отыр. Бұл мектеп басшыларын ойландыруы тиіс.

Құрметті әріптестер!

Баланың өмір қауіпсіздігі біз үшін әрқашан маңызды. Сондықтан да алдағы оқу жылында бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілуі тиіс.

Білім бөлімі тарапынан балаларды күнделікті бақылау мен білім мекемелерінің профилактикалық жұмыстарын қадағалау бойынша былтырғы оқу жылында «Қиын бала болмайды» жобасы әзірленіп, өздеріңізге ұсынылған. Сол жобаның нәтижесі жыл ішінде көрінді, енді әрі қарай жалғасын табу керек.

Мектептер нормаға сәйкес барлық қажетті мамандардың штаттық бірліктерімен қамтылған, олар: директордың тәрбие және құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторы, психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгер. Дей тұрғанмен, оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс фактілері тәрбие берудің өз деңгейінде еместігін көрсетіп отыр. 2020 жылы аудандық полиция бөлімінде 12 оқушы профилактикалық есепке, 22 оқушы мектепішілік есепке алынса, 2021 жылы 5 оқушы (кешкі мектептен 4, Т.Рысқұлов ом 1 оқушы) полиция бөлімінде профилактикалық есепке, 28 оқушы мектепішілік есепке, 39 оқушы медициналық әлеуметтік есепке алынып отыр.

Бұл баршамыз үшін үлкен сын. Мектепте құқық бұзушылықтың, суицидтің, ерте жүктіліктің, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және діни теріс ағымдардың таралуын болдырмау бағытында бірлескен жұмыстарды одан әрі жалғастырып,  отбасы институтының жұмысын жандандыру қажет. Биылғы республикалық тамыз кеңесінде мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысын күшейту керектігі туралы айтылды.

Ұлы педагог В.А. Сухомлинскийдің «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін», деген ұтымды ойын тәрбие үрдісінде қолдану керек.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде экологиялық білім беретін міндетті сынып сағаттары жүргізілетін болады. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов балаларға ерте жастан бастап табиғатты аялауды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ресурстарды ұтымды пайдалануды үйретудің маңыздылығын атап өтті. Сондықтан алдағы оқу жылында экологиялық білім мен тәрбие беру де күшейтілуі тиіс.

Құрметті ұстаздар!

Бүгінгі күні біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі – жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау.

Оқыту үрдісі министрлік тарапынан ұсынылған әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс.

Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі - Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде жазылған Әліппе мектептерге қайта оралып, 1-қыркүйек Білім күні 1-ші сынып оқушыларына табыс етіледі, 

- 1-ші сыныптарға «Ана тілі», «Цифрлық сауаттылық» пәндері енгізіледі,

- білім алушыларға қауіпсіз және жайлы орта қамтамасыз етіледі,

-  білім алушылардың оқу жүктемесі азайтылып, педагогтер жүктемесі 16 сағатқа қысқартылады, 

«Музыка» оқу бағдарламасының шеңберінде 6-сыныпта домбырада ойнауды үйрету, 5-11 сыныптарда «Жаһандық құзыреттілік» таңдау курсы енгізіледі, 

- білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі, білім алушылардың біліміндегі ерекше қажеттіліктеріне диагностикалау жүргізіледі, 

- ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етіледі, 

- сабақтың ұзақтығы қайта 45 минут болады, 

«Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобалары іске асырылады, 

- мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқу, мектептің мәдени ортасын ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру, мектептердің дамуына меценаттық қолдауды кеңейту, ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі, 

- оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың базалық білімін тексеруге бағытталған бағалаудың жаңа моделі – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингімен ауыстырылады,

- педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелері енгізілді.

Аталған жаңашылдықтардың барлығы оқу жылының алдында өткізілген педагогикалық кеңестер мен ата-аналар жиналыстарында талқыланып, таныстырылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жаңа оқу жылын бастауда еш қиындық тумайды деген сенімдемін.

1 қыркүйек – Білім күніне және оқу жылының басталуына арналған іс-шараларға тек қана 1 сынып оқушылары қатысады. 2-11 сыныптарда             1 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізіледі.

Құрметті кеңеске қатысушылар!

«Мұғалім – мектептің жүрегі» деген ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның сөзі қазіргі таңда өз құнын арттыра түсті. Өйткені білім берудегі басты тұлға – мұғалім.

Халқымыз үшін білім мен тәрбиенің орны қашан да бөлек. Білімді болу үшін – оқу, күшті болу үшін - бірлік керек. Алдымызға қойып отырған мақсатқа жетуге бар күшімізді аянбай жұмсауға шақырамын.

Ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, сәттілік тілеймін. Жаңа оқу жылдарыңызбен!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!]]>
Шу ауданының білім бөлімінің басшысы 

roo-shu Tue, 31 Aug 2021 18:42:05 +0600
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/495-8-nauryz-halyaraly-jelder-kn.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/495-8-nauryz-halyaraly-jelder-kn.html
]]>
]]> roo-shu Mon, 08 Mar 2021 09:13:47 +0600
1 Наурыз - Алғыс айту күні! http://shu-bilim.bolimi.kz/main/494-1-nauryz-alys-ajtu-kn.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/494-1-nauryz-alys-ajtu-kn.html
]]>

]]>
roo-shu Mon, 01 Mar 2021 09:53:05 +0600
Білім беру мекемелірне медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу http://shu-bilim.bolimi.kz/main/493-blm-beru-mekemelrne-medicinaly-yzmet-krsetuge-berlgen-licenzijany-zhne-licenzija-osymshasyn-ajta-rsmdeu.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/493-blm-beru-mekemelrne-medicinaly-yzmet-krsetuge-berlgen-licenzijany-zhne-licenzija-osymshasyn-ajta-rsmdeu.html
]]>
]]> roo-shu Wed, 17 Feb 2021 17:37:16 +0600
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ http://shu-bilim.bolimi.kz/main/491-shu-audanyny-blm-salasy-bojynsha-negzg-krsetkshter.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/491-shu-audanyny-blm-salasy-bojynsha-negzg-krsetkshter.html
]]>
ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША 

НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Барлық мекемелер саны – 93

  • 47 мектеп (гимназия-1, мектеп-гимназия-1, мектеп-лицей-2, орта-34, негізгі-2, бастауыш-7, қазақ тілінде-32, орыс тілінде 1, аралас-14, ШЖМ-11)
  • 54 балабақша-4495 (23 мемл-2610, 15-жеке-1360, 16 ш.о.–525) 
  • 1 кешкі мектеп – 159 оқушы
  • 7 қосымша білім беру ұйымы – 8680 оқушы
  • 1 ППТК-97 бала

Оқушылар саны – 20891

  • Гимназия мен лицей сыныптарында-        3877 
  • Орта мектептерде –                                     16545 
  • Негізгі мектепте –                                       256 
  • Бастауыш мектепте –                                  213 
  • Шағын жинақталған мектептерде –          929
  • Кешкі мектепте –                                         159 
  • дәстүрлі оқып жатқандар –                        3083 (14,75%)  
  • қашықтықтан оқып жатқандар –               8568  (41,02%)   
  • кезекші сыныпта (1-4, 9, 11 сыныптар) –  9240  (44,23%) 

Педагогтар саны - 2334 

Білімі бойынша:

  • жоғары білімді -                   2203 
  • арнаулы орта –                     131 

Санаты бойынша:

  • жоғары санатты -                 198 
  • бірінші санатты                    243 
  • екінші санатты -                   289 
  • санаты жоқ  -                        478 
  • педагог шебер                      42 
  • педагог зерттеуші -              438 
  • педагог сарапшы -               353 
  • педагог модератор -             293

Зейнет жасындағы педагогтардың саны – 44 (12 – математика, 4-ағылшын, 4- бастауыш, 5-орыс тілі, 4-қазақ тілі, 4- химия, 3-тарих пәні, 2-технология, 2 – дене шынықтыру, 1 –хореограф, 1- биология, 1-физика, 1-география). 

2020-2021 оқу жылында 35 жас маман қабылданды

Маман тапшылығы -42 (орыс тілі -9, физика -5, химия-1, ағылшын тілі-10, музыка-2, математика 14, тифлопедагог-1)

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  2020 жылы тұрғын үй сатып алу үшін 41 маманға – 165 млн 48 мың 500 теңге, 56 маманға – 15 млн. 400 мың теңге көтерме жәрдемақысы берілген.

Жалпыға міндетті оқумен қамту

  • Ыстық тамақпен қамтуға-171 млн. 272 мың теңге 

Олар:

  • Әлеуметтік әлсіз отбасынан шыққан 2430 баланы
  • Бірінші сыныпта оқитын 2273 баланы ыстық тамақпен қамтуға

Оқушылар тасымалы

Тасымал жасайтын мектеп саны – 8 (Мойынқұм, Жамбыл (а), Т.Әшімбаев, М.Маметова, Т.Рысқұлов (а), С.Сейфуллин, Ш.Уалиханов , А.С.Макаренко)

Тасымалданатын оқушы саны -134 (Мойынқұм о.м-не  Жиенбеттен -7 және Еңбектен – 11, Жамбыл о.м-не – 46, Т.Әшімбаев о.м-не – 7, М.Маметова о.м-не – 15, Т.Рысқұлов о.м-не -39, С.Сейфуллин о.м-не -9 оқушы).

Автобус саны – 8 (тексеруден өткені – 6) 2012 жылы 1 автобус (М.Маметова о.м.- 1 600 000 теңге). 2013 жылы 6 автобус (Мойынқұм орта мектебіне – 5 000 088 теңге,  Ш.Уалиханов о.м. – 2 770 000 теңге, А.С.Макаренко о.м. – 2 330 000 теңге, С.Сейфуллин о.м. – 7 274 000 теңге, Т.Рысқұлов о.м.– 7 274 000 теңге, Жамбыл о.м. – 2 470 000 теңге). 2014 жылы 1 автобус алынды (Т.Әшімбаев о.м.– 3 344 992 теңге).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту үлесі

  • 38 балабақша (23 мемлекеттік, 15 жекеменшік) 16 ШО
  • 1-6 жас – 94,7%
  • 3-6 жас - 100%
  • 1-6 жас аралығында кезек саны – 320

Қосымша білім беру

Қамтылған оқушы саны – 18956 (90,6%), оның ішінде:

  • Мектепішілік үйірмелерге  - 10276 (54%);
  • Мектептен тыс үйірмелерге - 8680 (46%) (БЖО – 1731, БЖО №2 – 504, №1 Саз мектебі – 249, Әбілахат Еспаев саз мектебі – 285, БЖӨжТО – 2488, ТШО – 1445, Өнер мектебі – 1978)

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беру

Жалпы аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі бала саны-616.

Оның ішінде:

  • Мектеп жасына дейінгі – 133
  • Мектеп жасындағы – 272
  • Оқумен қамтылған – 272

Оның ішінде:

  • Үйден оқыту – 189
  • Инклюзив – 67
  • Арнайы мектеп интернатта – 16 (Ақыл-ой дамуындағы кемістігі бар балаларға арналған интернатта – 8, Болашақ мектеп интернатында-6, Мейірім мектеп-интернатында – 2)

36 мектепте (76,6%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.

16 балабақшада (42,1%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.

Білім саласын цифрландыру

47 мектеп (100%) 4 Мегабит/секундтан жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған.

47 мектеп (100%) «Күнделік» электрондық журнал жүйесіне қосылған.

47 мектеп (100%) «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарына қосылған.

47 мектеп (100%) ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған.

1212 оқу кабинеті (100%) толығымен мұғалім компьютерімен жабдықталған.

47 мектепте жалпы саны 5759 компьютер, оның ішінде оқу үрдісінде 5545 компьютер бар (1 компьютерге/4 оқушы)

24 мектеп (51%) Робототехника кабинетімен жабдықталған.

6 мектеп ІТ кабинетімен жабдықталған (Т.Рысқұлов (қ), Төле би (а), Е.Бекмаханов, №40, Жібек жолы, Жамбыл г.)

47 мектеп (100%) eduschool.kz ақпараттық жүйесі арқылы 1 сыныпқа қабылдау жүргізуде

38 балабақша (100%) edugarden.kz ақпараттық жүйесі арқылы балабақшаға қабылдауды іске асыруда.

Құқық бұзушылық пен қылмыс саны

Аудандық полиция бөлімінде профилактикалық есепте-6 оқушы

Жасаған қылмысы бойынша:

  • 5-ұрлық, 1-қаңғыбастық. 

Тұрмыс жағдайы бойынша:

  • 5-жағдайы төмен отбасынан, 
  • 1- жағдайы орташа отбасынан

Оның ішінде:   

  • Кешкі мектеп - 4 бала (1 қаңғыбастық, 3 ұрлық),
  • Т.Рысқұлов (қ) о.м.- 1 бала (ұрлық), 
  • Төле би (қ) о.м. - 1 бала (ұрлық).

Оқушылар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау фактілері

2020 жылы 1 ұмтылу және 2 өзіне-өзі қол жұмсау фактісі орын алды.

  • М.Ғабдуллин о.м. 11 сынып оқушысы сәуір айында ұмтылу оқиғасы орын алды.
  • Жамбыл о.м. 10 сынып оқушысы қазан айында өзіне-өзі қол жұмсады;
  • №40 м.л. 11 сынып оқушысы желтоқсан айында өзіне-өзі қол жұмсады;

Білім беру мектептеріндегі діни ахуал

Мектеп оқушылары мен қызметкерлері арасында орамал тағатындар  (хиджап) және теріс діни ағымдарға тартылғандар жоқ.

Қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі

Қорғаншылық және қамқоршылық тағайындалған-146 бала. 

Оның ішінде:

  • 108 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;
  • 36 бала ата-анасының келісімімен;
  • 2 бала патронаттық тәрбиеде. 

Жағдайы бойынша:

  • жетім бала саны – 65, 
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған –45 бала. 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мүгедек балалар-7.

Ата-ана құқығынан айыру фактісі – 1 (М.Максимова);

Ата-ана құқығынан шектеу фактісі – 1 (С.Байдавлетова); 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мемлекеттік мекемесіне 19 бала  орналастырылды. 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша: Жалпы 104 бала тұрғын үй кезегіне қойылған.

Материалдық-техникалық база

Типтік мектептер-34 (72,34%)

Ыңғайластырылған мектеп-13(27.66%)

Спорт залы жоқ мектеп – 8 (Алға б.м.,Көктобе б.м.,Еңбек б.м.,Еспе б.м.,Жайсан о.м.,№ 48 б.м.,Жиделі б.м.,№ 18 Ауезов)

Асханасы жоқ мектеп - 4 (Еңбек б.м.,Еспе б.м.,№ 48 б.м.,Жиделі б.м.)

Ыңғайластырылған асхана – 9 (№49 б.м.,Т.Әшімбаев о.м.,Әл-Фараби о.м., Домалақ ене о.м., Еңбекші о.м., Жиенбет н.м., Ш.Уалиханов о.м., Алға б.м., Көктобе б.м.)

Апатты мектеп – 2 (Ғ.Мұратбаев, Ы.Алтынсарин);

Үш ауысымды мектеп жоқ.

Әжетханалар бойынша:

47 мектептің барлығында әжетханалар бар, оның ішінде:

- 1 мектепте ғимарат сыртында (Ы.Алтынсарин (қ))

- 46 мектепте ғимарат ішінде және сыртында.

Бейнебақылау орнатылған мекеме саны - 47 (100%)

Жаңа модификациялық кабинеттер саны 

  • 18 мектеп химия (46.1%), 
  • 21 мектеп физика (53.8%), 
  • 20 мектеп биология (51.2%), 
  • 28 мектеп ЛМК (59.5%) кабинеттерімен қамтамасыз етілген.

Жиһазбен жабдықтау

2020 жылы мектептерге 3 млн 292 мың 717 теңгеге шкаф, 24 млн 279  мың 684 теңгеге 916 парта комлектісі, 1 млн 306 мың 778 теңгеге 92 борлы тақта, 7 млн 180 мың 745 теңгеге АКТ залына арналған 510 орындық сатып алынды.

Жылу жүйесі

47-мектептің 

  • 7-мектеп орталықтандырылған, 
  • 26-мектеп жеке қазандық, 
  • 11-мектеп жай пешпен, 
  • 3-мектеп газ арқылы жылытылады. 

23-балабақшаның 

  • 4-орталықтандырылған, 
  • 3-электрлі пешпен, 
  • 6-жеке қазандық, 
  • 10- жай пешпен жылытылады. 

15-жекеменшік балабақшаның 

  • 7-балабақша газбен, 
  • 7-балабақша қатты отынмен, 
  • 1-балабақша электрлі пешпен жылытылады. 

7-мектептен тыс мекемеің

  • 1- жеке қазандық, 
  • 6- жай пеш арқылы жылытылады.

Білім мекемелерін газдандыру жұмыстары

2020 жылы 3 білім мекемесі (Т.Рысқұлов (қ), Домалақ ене, Амангелді) газдандырылды

2021 жылы 13 мектеп (М.Х.Дулати, Жамбыл г, С.Естемесов, №40, Ж.Баласағұн, Алға, Момышұлы, Е.Бекмаханов, М.Әуезов, М.Мақатаев, Төле би (а), Ы.Алтынсарин (а), Ш.Уалиханов) және 5 балабақша (Айналайын, Байтерек, Байшешек, Жұлдыз, Қосқұдық) құжаттары  газға ауыстыруға дайындалды.

Құрылыс жұмыстары.

2020 жылы екі мектептің құрылысы жүргізілді:

  • Амангелді атындағы орта мектеп – 300 орын (ЖСҚ құны 844 млн. 689 мың теңге, «Лидер-НК» ЖШС);
  • Домалақ ене атындағы орта мектеп – 300 орын (ЖСҚ құны 857 млн. 335 мың теңге, «СП НЕФТ» ЖШС);

2021 жылы екі мектептің құрылысы жоспарланған:

  • Әл-Фараби атындағы орта мектеп – 300 орын (ЖСҚ құны 905 млн. 488 мың теңге, «Табыс жоба» ЖШС)
  • Ы.Алтынсарин (қ) атындағы орта мектеп - 300 орын (ЖСҚ құны 549 млн. 929 мың теңге, «ЛидерПроектДизайн» ЖШС)

Күрделі жөндеу жұмыстары

2020 жылы үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді:

  • Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп – ЖСҚ құны 116 млн. 104 мың 079 теңге, «Ник-Тараз»  ЖШС;
  • Абай (қ) атындағы орта мектеп – ЖСҚ құны 138 млн. 029 мың 835  теңге, «Райша-3» ЖШС);
  • Төле би (а) атындағы орта мектеп - ЖСҚ құны 446 млн. 452 мың 599  теңге, «Талас-Құрылыс» ЖШС

197 млн 939 мың 083 теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық құны дайындалды:

  • С.Естемесов атындағы орта мектеп 
  • Мойынқұм орта мектебі

Ағымдағы жөндеу жұмыстары

2020 жылы 7 мектепте (Макаренко, №49, №40, Мұратбаев, Ы.Алтынсарин, Төле би, С.Сейфуллин) 12 млн 866 мың 193 теңге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

15 мектепте 210 млн. 147 мың 773 теңгеге және 7 балабақшада 63 млн 491 мың 988 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірленді.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайын мектептер:

  • Жамбыл (а) о.м. 1992ж салынған (шатыр және қасбетін сылау, әрлеу) 31 млн 680 мың 767 теңге
  • Көктөбе б.м. 1948 ж салынған (шатыр және қасбетін сылау, әрлеу) 9 млн 146 мың 696 теңге
  • №49 б.м. 1991ж салынған (сыртқы қоршауы) 10 млн 995 мың 485 теңге
  • А.С.Макаренко 1956 ж салынған (сыртқы қоршауы) 15 млн 873 мың 501 теңге
  • М.Мақатаев 2011 ж салынған (ғимарат ішін әрлеу) 14 млн 330 мың 790 теңге
  • Т.Әшімбаев 1962 ж салынған (қасбетін сылау, ішкі есіктерін ауыстыру) 12 млн 652 мың 564 теңге
  • Жиенбет 2000ж салынған (шатыр, қасбетін сылау, әрлеу) 3 млн 440 мың 538 теңге
  • Еспе 1970ж салынған (сыртқы қоршау, қасбетін сылау және ішкі әрлеу жұмыстары) 11 млн 697 мың 992 теңге
  • О.Жандосов 1985ж салынған (жылу жүйесі, кәріз жүйесі) 6 млн 339 мың 603 теңге
  • Абай (а) 1991ж салынған (есік, терезелерін ауыстыру) 17 млн 313 мың 910 теңге
  • №18 М.Әуезов 1927ж салынған (ішкі сылау, әрлеу, есік, терезе, еден, брусчатка) 29 млн 558 мың 659 теңге
  • Ш.Уалиханов 1967ж салынған (сыртқы қоршау) 11 млн 078 мың 330 теңге
  • Қ.Сәтбаев 1989ж салынған (терезе, есік, спорт зал, жарықтандыру жұмысы, еден, тамбур) 33 млн 041 мың 052 теңге
  • Жиделі 1962ж салынған (есік, терезе, шатыр ауыстыру) 2 млн 997 мың 886 теңге
  • М.Әуезов 1970 ж салынған (қоршау, сыртқы қас бетін сылау, әрлеу) 28 млн 018 мың теңге

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайын балабақшалар:

  • Алпамыс б.б (есік, терезе, еден, кәріз, су құбыры) 6 млн 940 мың 012 теңге
  • Аққайың б.б (жылу жүйесі, шатыр, әжетхана, кәріз жүйесі, брусчатка, пандус) 3 млн 877 мың 136теңге
  • Байшешек б.б (жылу жүйесі, сыртқы қоршауы) 6 млн 985 мың 904 теңге
  • Әсем б.б (сыртқы қоршауы) 9 млн 335 мың 862 теңге
  • Раушан б,б (кәріз жүйесі, сыртқы ойын алқабы, тамбур) 8 млн 138 мың 711 теңге
  • Байтерек б.б (еден, есік, кіре беріс алаң, пандус, жақтау, кәріз жүйесі) 15 млн 108 мың 237 теңге
  • Қуаныш б.б (брусчатка, ішкі әжетхана, жылу жүйесі, ішкі әрлеу, еден, терезе) 13 млн 106 мың 126 теңге

Мектеп қажеттілігі

Шу қаласындағы «СПТУ-24» ғимараты орналасқан аймаққа – 300 орындық мектеп

0-18 жас аралығында 586 бала 

Оның ішінде:

  • 0-5 жастағы бала саны - 143, 
  • мектеп жасындағы бала саны – 469. 

Мектеп жасындағы 469 баланың 437-і мектептерде, 32-і колледждерде білім алуда.

Мектепте білім алатын 437 оқушының 

  • Аң шаруашылығында тұратын 18-і С.Сейфуллин о.м. тасымалданып, оқытылады. 
  • Қалған 419 оқушы Шу қаласындағы (№40 мл-216, С.Сейфуллин ом-83, Ы.Алтынсарин ом-13, Төле би ом-50, Жамбыл г.-4, Абай ом-4, А.С.Макаренко ом-13) және Төле би ауылындағы (М.Мақатаев ом-32, Е.Бекмаханов мг-4) мектептерге 3-6 шақырым жерден қатынап оқуда.

Өткен жылмен салыстырғанда мектеп жасындағы бала саны 110-ға артты.

]]>
roo-shu Wed, 17 Feb 2021 09:23:41 +0600
E-license порталында білім беру саласына берілген лицензия мен қосымшаларын қайта рәсімдеу http://shu-bilim.bolimi.kz/main/488-e-license-portalynda-blm-beru-salasyna-berlgen-licenzija-men-osymshalaryn-ajta-rsmdeu.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/488-e-license-portalynda-blm-beru-salasyna-berlgen-licenzija-men-osymshalaryn-ajta-rsmdeu.html
]]>
]]> roo-shu Wed, 10 Feb 2021 20:09:13 +0600
Әдістемелік көмек. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/474-dstemelk-kmek.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/474-dstemelk-kmek.html
]]>
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинеті тарапынан бекітілген кестеге сәйкес Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілдіМұғалімдерге қашықтықтан оқыту жағдайында платформаларды тиімді пайдалану, "Kundelik.kz", "Daryn.online" платформасыБЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, Google дискте тапсырмалар құрастыруҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

]]>
roo-shu Tue, 26 Jan 2021 09:47:25 +0600
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/473-dstemelk-kmek.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/473-dstemelk-kmek.html
]]>
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Мойынқұм орта мектебіне бекітілген кестеге сәйкес әдістемелік көмек көрсетілдіАталған мектептің мұғалімдеріне "Kundelik.kz", "Daryn.online", "Google дискплатформаларды жұмыс жасауБЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру және мектеп психологтарысынып жетекшілерге 

құжаттардың дұрыс жүргізілуі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

]]>
roo-shu Tue, 26 Jan 2021 09:43:53 +0600
Әдістемелік көмек! http://shu-bilim.bolimi.kz/main/472-dstemelk-kmek.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/472-dstemelk-kmek.html
]]>
Әдістемелік көмек

Білім бөлімінің бекітілген кестесіне сәйкес Т.Әшімбаев атындағы орта мектебіне әдістемелік көмек көрсетілді.

Көмек барысында "Kundelik.kz" жүргізілуі, "Google Дискплатформасында жұмыс жасауБЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру жолдары, "Daryn.online" платформасында жұмыс жасау жолдары түсіндірілді.

]]>
roo-shu Tue, 26 Jan 2021 09:42:18 +0600
Әдістемелік көмек. http://shu-bilim.bolimi.kz/main/471-dstemelk-kmek.html http://shu-bilim.bolimi.kz/main/471-dstemelk-kmek.html
]]>
Әдістемелік көмек

Білім бөлімінің бекітілген кестесіне сәйкес кезекті әдістемелік көмек Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебіне онлайн режимінде көрсетілдіЖұмыс барысында мұғалімдермен қашықтықтан оқыту кезінде "Kundelik.kz" дұрыс жүргізілуіБЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, "Google дискплатформамен жұмыс бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

]]>
roo-shu Mon, 25 Jan 2021 18:58:05 +0600