«Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізілуі туралы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №3-15-3120-И хатының негізінде 27 қаңтар -27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өткізілуде. Мектептегі оқушылардың тегін тамақтандырудың сапасына бақылау жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық комиссия құрылды. Ағымдағы жылдың 13-21 ақпан күндері М.Ғабдуллин, М.Мәметова, Ж.Баласағұни, С.Естемесов, Төле би /а/, Ы.Алтынсарин /а/, Ә.Молдағұлова, Еңбекші, Жайсан, атындағы орта мектептерде және С.Мұқанов, Алға, №49 бастауыш мектептерде атындағы орта мектептердің асханасына бақылау жұмыстары жүргізілді.
Школыде перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитариялық жағдайы , азық -түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссия бақылау жұмыстарын жүргізді.
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" туралы қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес дайын және шикі тағамның бракераждық журналы толтырылған.
Вернуться назад