DataLife Engine > Информация / «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды > Ауданымызда «ІТ» кабинет ашылды

Ауданымызда «ІТ» кабинет ашылды

Ауданымызда «ІТ» кабинет ашылды

 

«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D- принтер, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді, денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге бағытталуы тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа да міндеттер» деген болатын. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде ІТ, робототехника ғылымы кең тарап, жаппай қолданылып жатыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауға тиіс.

Осы орайда, біз де өз ауданымыздың балалары жаңа технологияларды меңгеріп, құлтемірді бағындырып, оқу үрдісінде бағдарламалау, 3D модельдеу, алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгерсе деген ойдамыз.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ата Заңы «Конституция» күні «НұрОтан» партиясының бастамашыл жобасының аясында Жібек жолы мектеп-лицейінің базасында ІТ сынып ашылды. ІТ сыныптың жалпы соммасы 5 млн 695 мың 700 теңгені құрап отыр. Сынып 10 оқушыға арналған жиҺазбен, виртуалды шындық көзілдірігімен, 3D принтермен, 5 комплект базалық, 2 комплект ресурстық лего роботтарымен, 10 комплект Ардуино роботтарымен, интерактивті тақта, проектор, мұғалім ноутбугі және 10 дана оқушы ноутбуктарымен жабдықталған. Бұл сыныпта ауданымызды оқушылары сабақтан тыс уақытта білім алып, өздерінің техникалық ғылымдардағы қабілеттерін шыңдай түспек.

 

 

 

 

 

 

 





Вернуться назад