DataLife Engine > > Сыбайластыққа салғырт қарай алмаймыз

Сыбайластыққа салғырт қарай алмаймыз

Сыбайластыққа салғырт қарай алмаймыз
          Өркениетке көш түзеген елімізде сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес жүргізу – білім беру саласы қызметкерлерінің де мерейлі міндеті саналады. Өйткені, қоғам дамуына кері әсерін тигізіп, кедергі келтіретін бұл ағымның өте қауіпті екендігі белгілі. Атап айтқанда, саяси, әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды тудырумен қатар, адам тағдырын тәлкекке салатын ылаңымен де ел берекесі мен бірлігінің азып – тозуына әкеліп соғады. Сондықтан бұл мәселе мемлекеттік саясаттың пәрменімен және әрқайсысымыздың пейілімізбен оңды шешілуге тиіс.
Конституциялық тәртіпті қорғау, азаматтық ар – ожданымызды ардақтау мақсатында едәуір игі шаралар жүзеге асырылып келеді. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықтан сақтану үшін саламатты өмір салтын қалыптастырып, өркендетуге көп күш жұмсалуда. Қолданыстағы заң талаптарына сай өмір сүру мен еңбек ету жолында ілгерілеушілігіміз айқын байқалуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және  көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық білім басқармасының      2015-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019-2020 оқу жылына арналған  іс–шаралар жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп дайындалған  «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы сауаттандыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің  іс-шара жоспарының» орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
-  білім бөліміне қарасты 79 білім беру мекемесіне  ақпараттық  парақшалар таратылды;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік  төзімділікті қалыптастыру,  парасаттылық қағидаттарын  насихаттау бойынша білім бөлімі қызметкерлері  Шу қаласы мен ауылдық елді мекендердегі  тұрғындарына «Қоғамдық қабылдау»  жүргізілді. Қоғамдық қабылдау барысында білім саласы бойынша көрсетілетін барлық мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары түсіндірілді;
- Шу адалдық алаңының хатшысымен бірлесіп білім беру мекемелерінің  педагог қызметкерінен (мектеп, балабақша, мектептен тыс мекеме) анонимді сауалнама  алынды.  Сауалнамаларға жүргізілген талдау нәтижесінде заң бұзушылық фактілері анықталмады;
- білім бөлімі тарапынан жыл сайын «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу туралы»  бұйрық шығарылып, қарасты мекемелерге жолданып отырады.  Білім беру саласы бойынша «Открытый бюджет» айдарына тарификация тізілімдері мен штаттық кестелер, бюджеттік жоспарлау, қаржыландыру көлемі жарияланды. Сондай-ақ,  мемлекеттік сатып алу порталында жасалған шарттар, орындалған жұмыс актілері тұрақты жарияланып тұрады;
- мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілері мен әдіскерлеріне сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім беру мен ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары»  туралы түсіндірме жұмыстары  жүргізілді;
- барлық мектеп басшылары ата-аналар мен ұжымының алдында білім беру ұйымын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөнінде есеп берді. Өткізілген іс-шара мектептердің сайттарына орналастырылды. Есеп беру жиналысына қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдары қатысты. Қатысушы саны -2500;
- аудандық білім бөлімінің  қызметкерлерімен және білім беру мекемелерінің басшыларымен жиналыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға тартылғандар туралы  ақпарат берілді; 
- білім бөлімі тарапынан ай сайын білім беру мекемелерінің басшыларына ата-аналардан, педагогтардан ақша жинамау және жыл ішінде өтетін мерекелерге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін ата-аналардан ақша жинауға, мектеп басшылары мен педагогтарға сыйлықтар қабылдауына қатаң тыйым салу туралы ескерту хат жолданып отырады; 
- ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын  «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында педагогтар мен ата-аналар үшін қолайлы орта қалыптастыру және Президенттің «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын нақты іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында 38 білім мекемелерінде өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары 2020 жылдың қараша айында іске қосылды;
          - тоқсан сайын 5-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық сағаты» тәрбие сағаттары өткізіліп тұрады.
Дегенмен жоғарыда атқарылған жұмыстарға қарамасатан төмендегі Заң бұзушылықтар орын алған: 
          Атап айтқанда 2019 жылы Өнер мектебінің директоры Абай Мырхашимович Иманбаевқа Қылмыстық кодексінің 366 бабының 2 бөлігімен (пара алу) кінә тағылып отыр.
         Ал 2020 жылдың желтоқсан айында білім бөлімінің 10 есепшіге (бас есепші К.Агибаева, сектор меңгерушілер С.Кабираева, Ш.Туменбаева есепшілер Г.Каупанова, К.Казангапова, К.Кыдыралиева, Н.Байдаулетова С.Шопабаева Т.Оспанова, Ш.Джунусова) қатысты үкім шығарылды. Бірақ бүгінгі күні үкім заңды күшіне енген жоқ.
          Қорытындылай келе, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында білім бөлімі тарапынан білім беру мекемелерінде қызметкерлер арасында қоғамдық сана қалыптастырып, беделдеріне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу, алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 
Мәселен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп   дайындаған «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру туралы» құжатты да баянды басшылыққа алып отырмыз, осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесі де жаман емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күн тәртібінен түскен емес. 2014 жылы 6 рет жиын өткізілді, оған 208 білім қызметкерлері қатысты. Дегенмен 2014 жылы сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға  2-мектеп директоры 4–балабақша меңгерушісі және 1 мектеп директорының   орынбасары  тартылды.  Үстіміздегі жылдың он бір айында осы мәселеге арналған көпшіліктің қатысуымен тоғыз рет жиын өткізілді. Білім беру мекемелерінің барлығын қамтыған бұл басқосуларда жемқорлықтың індет екендігі, оны жою міндет екендігі ерекше айтылды. Бұл жұмыста ұсақ-түйек деген ұғым болмауы тиіс. Сол себептен жең ұшынан жалғасатын жағымпаздардың теріс қимылдарын шұғыл түрде теріске шығарудың аса қажеттігі де назарға алынды. Сонымен қатар, осындай жиындарда оқушылардың ата-аналарынан әр-түрлі себептерге байланысты ақша жинау фактісі анықтала қалса, қатаң жазаланатындығы, ешкімге де кешірім болмайтындығы қосымша ескертілді. Ақша жинау туралы деректі шұғыл түрде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына да хабарлау міндеті жүктелді. 
          Сыбайластықтың алдын алу жөніндегі кешенді жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Бұл мақсатта 142 ата-анамен, 572 мұғаліммен сауалнама толтырылды. Берілген жауаптарымен танысқанымызда, олардың көпшілігі біркісідей жұмылсақ жемқорлықтың тамырана балта шабуға болатындығын өз ой-пікірлерін еркін білдірді. Сыбайластықтың жас жеткіншектердің бойына жат әрекеттерді тез сіңіретіндігі ашық айтылды. Орта мектептердегі жоғары сынып оқушыларына «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сондай – ақ, 81 білім беру мекемелеріне сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттық парақшалары таратылды.
Акимат районанің білім бөлімінде 2015 жылдың 1 қантарынан бүгінгі күнге дейін  жеке тұлғалардан түскен өтініштердің  саны- 103 , бірегей нөмірі бар талондар берілген 30, соның ішінде 26–сы   қаралды . 50-і  қаңағаттандырылды  50-не түсінік берілді және 3-не қанағаттандырылудан бас тартылды. Заңды тұлғалардан  түскен өтініштердің саны-4, 2-і қанағаттандырылды,2-не- түсінік берілді.
Аудандық «Шу өңірі» газетіне аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының қабылдау күндері және бөлімнің сенім телефоны жарияланды. Білім беру сапасын арттыру мен тәрбие беру жұмысын жандандыру мақсатында қандай да бір бағалы бастамалар, ұтымды ұсыныстар бола қалса оны ескерусіз қалдырмаймыз.
          Әйткенмен, биыл сыбайлас жемқорлық тұрғысынан заң бұзушылыққа жол берген екі мектеп директоры, екі балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылғанын атап өткеніміз жөн. Бұл лауазым иелерімен жеке әңгіме жүргізіліп, жемқорлықтың зардабы жайлы ашық айтылды.
          Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара ретінде бөлімде мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бақылау кітапшасы және қызмет этикасы жөнінде бақылау журналы жүргізілген. Білім бөлімінде және білім беру мекемелерінде азаматтардың арыз-шағымдарын есепке алу туралы журналдары ашылып, арыз-шағымдар және өтініш – тілектерін салатын жәшік орнатылған және сенім телефоны орнатылған. Сыбайлас жемқорлық көрінісі бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа тартылған бөлім қызметкерлері тарапынан азаматтар жоқ. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресуді Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп бағалаймын. 



Вернуться назад