Мектепке дейінгі оқу мен тәрбие бойынша 2020-2021 оқу жылының жартыжылдығында атқарылған іс-шаралар
Мектепке дейінгі оқу мен тәрбие бойынша 2020-2021 оқу жылының жартыжылдығында атқарылған іс-шаралар
Бүгінгі күні 54 мектепке дейінгі ұйымда (38 балабақша, оның 23 мемлекеттік, 15 жекеменшік және 16 шағын орталықта) 4495 бала (балабақшаларда -3970, шағын орталықтарда – 525 бала) тәрбиеленуде. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 94,7 % (облыста 91%) , 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 100 % құрайды (облыста 100%). Кезекте тұрған бала саны – 320 (320 бала 0-3 аралығында, 3-6 жас аралығында - 0). Шу қаласында 16 балабақша (8 мемлекеттік, 8 жекеменшік) мен 3 шағын орталық, Төле би ауылында 7 балабақша (5 мемлекеттік, 2 жекеменшік) мен 1 шағын орталық, қалған 15 (10 мемлекеттік, 5 жекеменшік) балабақша мен 12 шағын орталық ауылдарда орналасқан.
А.Макаренко, Ы.Алтынсарин(аудан), Ж.Баласағұн, С.Естемесов, Абай(аудан), Мойынқұм, О.Жандосов, М.Мақатаев, Жамбыл(аудан), №40, Сатпаев, Т.Рысқұлов(аудан), С.Сейфуллин, М.Маметова, Алға, А.Молдағулова атындағы мектептер жанындағы шағын орталықтар толық күн (10 сағат) жұмыс істейді.
Мемлекеттік балабақшалардың 10 типтік, 13 ыңғайластырылған, жекеменшік балабақшалардың 4 типтік, 11 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Балабақшалардың 11-де, шағын орталықтардың 1-де оқу – тәрбие үрдісі аралас тілінде жүргізілсе, қалған 42-де мемлекеттік білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатан сақталуына байланысты Шу ауданы бойынша тамыз айынан бастап 38 балабақша мен 8 шағын орталықта, жалпы 46 мектепке дейінгі ұйымда, 175 кезекші топтар ашылып, 2595 бала тәрбиеленуде. Қалған 8 шағын орталықта кезекші топтар ашу туралы ата-аналардан сұраныс түспеген.
2020 жылы МДҰ желісінің көрсеткіштері
МДҰ | МДҰ саны | Оның ішінде мемлекеттік/ жекеменшік | Орын саны | Бала саны | Қамту үлесі 1-6 жас аралығында | Қамту үлесі 3-6 жас аралығында |
Балабақша | 38 | 23 мем., 15 жекемен. | 2695 1460 Барлығы- 4155 | 2610 1360 Барлығы- 3970 | 94,7% | 100% |
Шағын орталық | 16 | 16 мемлек. | 630 | 525 | ||
Барлығы | 53 | 39 мемлек., 14 жекемен. | 4785 | 4495 |
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 10 педагог (1меңгеруші, 9 педагог) жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстарынан өтіп, өз білімдерін жетілдіріп алды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби беделін арттыру және жас мамандарға қолдау көрсету, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 2 аудандық онлайн семинар, 6 байқау өткізілді.
№ | Жұмыстың мазмұны | Түрі | Қатысушылар, өткізілетін орны | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | Мектептепке дейінгі ұйымда қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының тиімділігі | Семинар-практикум | Балабақша, шағын орталық тәрбиешілеріне, «Қосқұдық» балабақшасы | қараша | Турсымбекова З.Н Мықтыбекова С.С. |
2 | ТРИЗ- балабақшаның білім беру іс-әрекетінде қолдану және оның құралдары | Семинар-практикум | Балабақша, шағын орталық тәрбиешілеріне, «Арайлым» балабақшасы | желтоқсан | Турсымбекова З.Н Байрасова Г.К. |
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған 6 аудандық байқау өтті. Аудандық байқау жеңімпаздары облыстық кезеніне қатысып, барлығы жүлделі орындар алып қайтты ( 2 орын- 5 балабақша педагогтары, 3 орын- 2 балабақша педагогтары):
№ | Жұмыстың мазмұны | Түрі | Қатысушылар | Мерзімі | Аудандық кезеннің женімпаздары – облыстық кезенге қатысты | Облыстық кезендегі жетістіктері |
1 | «Шығармашыл педагог» | Байқау | Балабақша педагогтары арасында | қыркүйек | «Қосқұдық» бөбекжай-бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы | 2 орын |
2 | «Шығармашыл педагог» | Байқау | Балабақша педагогтары арасында | қазан | «Ақбота» бөбекжай-бақшасының тәрбиещісі Шалбаева Мақпал Жусупбековна | 3 орын |
3 | «Педагог шеберханасы» | Байқау | Балабақша тәрбиешілері арасында | қазан | «Қосқұдық» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Смагулова Ұлжан Салханқызы | 2 орын |
4 | «Балабақша-болашақ баспалдағы» | Байқау | Балабақша меңгерушілері арасында | қараша | «Қосқұдық» балабақшасының меңгерушісі Бектенова Гүлмира Сейділдаевна | 2 орын |
5 | «Қазақстан-бірлігі жарасқан ел» | Байқау | Балабақша педагогтары арасында | желтоқсан | «Балдаурен» балабақшасының шығармашылық тобы | 2 орын |
6 | «Ертегілер әлемі» | Байқау | Балабақша педагогтары арасында | желтоқсан | «Айналайын», «Балдаурен» бөбекжай-бақшаларының шығармашылық топтары | 2 және 3 орындар |
Балалардың бағдарлама мазмұның меңгеру деңгейін анықтайтын индикатор көрсеткіштері бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымда білім сапасы жақсы деңгейде. 2020 оқу жылының бастапқы мониторинг– 75% , 85% көрсетті .
Вернуться назад