КОНКУРС!!!
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ЖИЕНБЕТНЕГІЗГІ МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК БОС ОРНЫНА АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
(Мекен жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жиенбет ауылы, Тілеуқабыл көшесі №11 тел.: 5-36-30).
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттардан мыналар талап етіледі:
Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) кәсіби құзіреттілігінің болуы: педагог-сарапшыға, педагог-зерттеушіге, педагог-шеберге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы (мемлекеттік қызметшіні, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда).
1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;
2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Лауазымдық айлықақы мөлшері: Атқарған еңбек өтіліне және санатына қарай орта есеппен алғанда 115 мың 030 тенге
Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін жергілікті басылымға хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған конкурстық комиссияға ұсыну тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
9) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелді) нысанға сәйкес соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады. Нотариалды куәләндырылады.
Білуге міндетті: Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбеккодексін, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан РеспубликасыныңКодексін, Қазақстан Республикасының"Білім туралы","Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы","Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы","Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы","Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы","Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы","Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы","Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы"Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;
3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;
4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Конкурс өткізілетін орын: Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің конкурстық комиссияның мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2 аудан әкімдігінің білім бөлімі, байланыс телефондары 8(32638) 3-00-09.
Вернуться назад