DataLife Engine > «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар > «Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы хабарландыру

«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы хабарландыру

«Орта  білім   беретін  үздік  ұйым» атты аудандық  байқау туралы   хабарландыру
          Шу ауданы  әкімдігінің  білім   бөлімі  (Төле би  ауылы, Егемберді көшесі №2 үй, тел / факс: 8(72638) 3-01-51 «Шу  ауданы  әкімдігі   білім  бөлімінің  әдістемелік   кабинеті «Орта  білім беретін   үздік  ұйым»  атты   аудандық байқау өткізеді.
          «Орта   білім беретін  үздік  ұйым» грантын  беру   тәртібін  және  оның   мөлшерін  белгілей отырып, оны  беруге  арналған   конкурсты  өткізу  қағидалары.
І Жалпы ережелер
       1.«Орта   білім  беретін  үздік   ұйым» грантын беру  тәртібін  және оның   
мөлшерін  белгілей   отырып, оны  беруге  арналған   конкурсты  өткізу қағидалары  (бұдан   әрі – Қағидалар ) Қазақстан   Республикасының  «Білім  туралы»   Заңының  5- бабы  8-7) тармақшасына  сәйкес   әзірленді  және  «Орта   білім   беретін  үздік  ұйым» грантын  беру   тәртібін  және  оның мөлшерін   белгілей  отырып,  оны   беруге  арналған  конкурсты   өткізу  тәртібін  айқындайды. 
     2.Осы Қағидаларда  мынадай    негізгі  ұғымдар  пайдаланылады.:
     1) «Орта  білім беретін   үздік  ұйым» гранты  (бұдан әрі –Грант) –облыстың, республикалық  маңызы    бар қаланың  және астананың жергілікті  атқарушы органдары мемлекеттік  орта білім беру ұйымдарына  рейтингтік  көрсеткіштер   негізінде  конкурс қорытындылары  бойынша   жыл сайын  бөлетін ақша;
      2) рейтингтік  көрсеткіштер – мемлекеттік  білім   беру  мекемелеріне  сәйкес   болуға  тиіс осы Қағидаларда белгіленетін  өлшемдер .
      3. «Орта  білім беретін үздік  ұйым»  грантын   беру  тәртібін  және оның 
         мөлшерін  белгілей   отырып, оны  беруге арналған  конкурсты (бұдан  әрі – 
         Конкурс) білім  беру саласындағы жергілікті  атқарушы органдар  жыл 
         сайын өткізеді.
  1. Конкурс  тиімді  педагогикалық   және  басқару  тәжірибесін   анықтау,  қорыту және  тарату, орта   білім  беру  ұйымдарының   педагогтары мен  басшыларының  кәсіби   және жеке  тұлғалық  өсуін   ынталандыру, Қазақстан   Республикасының  орта білім  беру   жүйесінің  даму үрдісін  анықтау   мақсатында өткізіледі.
  2. Грант  конкурстың жеңімпазы-  мемлекеттік   орта  білім  беретін   үздік  ұйымға  беріледі.
ІІ «Орта  білім   беретін  үздік  ұйым» грантының  мөлшерін   және  оны  беру тәртібін белгілей  отырып, оны беруге  арналған   конкурсты  өткізу  тәртібі
  1. Конкурсқа  қатысуға   мемлекеттік  орта  білім беру ұйымдарының (бұдан әрі- білім  беру   ұйымдары) барлық  түрлеріне  рұқсат   беріледі.
  2. Конкурсқа  қатысушылардың  құжаттары 2021 жылғы  25 сәуірге   дейің қабылданады.
  3. Конкурс  29.04.2021 жылы сағат 11.00 –де  білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде өткізіледі.
    Шу ауданы   әкімдігінің  жанындағы  конкурстық   комиссияның  
  мекен –жайы:   Шу  ауданы, Төле би  ауылы   Егемберді  көшесі №2 аудан  әкімдігінің   білім  бөлімі, байланыс  телефондары 8(32638) 3-01-51



Вернуться назад