"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
Қазақстан
Республикасы |
1. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды, қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда –
ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2018 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
2) портал: жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейінгі демалыс және мерекелік күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда –
ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2018 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
4) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға жүгінген кезде:
2) туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туылса);
4) баланың 3х4 сантиметр өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі (егер бала 2008 жылдан кейін туылса) туралы мәліметтерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда –
ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2018 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен
толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2018 № 28 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда –
ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2018 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Бастауыш,
негізгі орта, жалпы |
Нысан
____________________________ басшысы
(жергілікті атқарушы органның атауы)
____________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда),
Өтініш
_______________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
___сыныпта оқу үшін
________________________________________________________ мекенжайында
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
тұратын менің балам/қызым (Т.А.Ә. (болса))
_____________________________________________________________________
қабылдауды сұраймын
Ақпараттық жүйеде орналасқан заңмен қорғалатын құпиялардан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"__" __________ 20____
|
(қолы) |
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат
Білім беру ұйымы ____________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № ______________ қолхат
____________________________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
1. Өтініш
2. Басқа ____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Өтініштің қабылданған күні __________________________________________
Т.А.Ә. (құжаттарды қабылдаған жауапты адам)
_____________ (қолы)
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә. (бар болса)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
"__" __________ 20__ жыл
Вернуться назад