DataLife Engine > Информация > Сыбайластыққа салғырт қарай алмаймыз

Сыбайластыққа салғырт қарай алмаймыз

Сыбайластыққа салғырт қарай алмаймыз

Өркениетке көш түзеген елімізде сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес жүргізу – білім беру саласы қызметкерлерінің де мерейлі міндеті саналады. Өйткені, қоғам дамуына кері әсерін тигізіп, кедергі келтіретін бұл ағымның өте қауіпті екендігі белгілі. Атап айтқанда, саяси, әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды тудырумен қатар, адам тағдырын тәлкекке салатын ылаңымен де ел берекесі мен бірлігінің азып – тозуына әкеліп соғады. Сондықтан бұл мәселе мемлекеттік саясаттың пәрменімен және әрқайсысымыздың пейілімізбен оңды шешілуге тиіс.

Конституциялық тәртіпті қорғау, азаматтық ар – ожданымызды ардақтау мақсатында едәуір игі шаралар жүзеге асырылып келеді. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықтан сақтану үшін саламатты өмір салтын қалыптастырып, өркендетуге көп күш жұмсалуда. Қолданыстағы заң талаптарына сай өмір сүру мен еңбек ету жолында ілгерілеушілігіміз айқын байқалуда. Мәселен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп дайындаған «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру туралы» құжатты да баянды басшылыққа алып отырмыз, осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесі де жаман емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күн тәртібінен түскен емес. Үстіміздегі жылда өткен он айында осы мәселеге арналған көпшіліктің қатысуымен тоғыз рет жиын өткізілді. Білім беру мекемелерінің барлығын қамтыған бұл басқосуларда жемқорлықтың індет екендігі, оны жою міндет екендігі ерекше айтылды. Бұл жұмыста ұсақ-түйек деген ұғым болмауы тиіс. Сол себептен жең ұшынан жалғасатын жағымпаздардың теріс қимылдарын шұғыл түрде теріске шығарудың аса қажеттігі де назарға алынды. Сонымен қатар, осындай жиындарда оқушылардың ата-аналарынан әр-түрлі себептерге байланысты ақша жинау фактісі анықтала қалса, қатаң жазаланатындығы, ешкімге де кешірім болмайтындығы қосымша ескертілді. Ақша жинау туралы деректі шұғыл түрде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына да хабарлау міндеті жүктелді.

Сыбайластықтың алдын алу жөніндегі кешенді жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Бұл мақсатта 142 ата-анамен, 572 мұғаліммен сауалнама толтырылды. Берілген жауаптарымен танысқанымызда, олардың көпшілігі біркісідей жұмылсақ жемқорлықтың тамырана балта шабуға болатындығын өз ой-пікірлерін еркін білдірді. Сыбайластықтың жас жеткіншектердің бойына жат әрекеттерді тез сіңіретіндігі ашық айтылды. Орта мектептердегі жоғары сынып оқушыларына «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сондай – ақ, 81 білім беру мекемелеріне сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттық парақшалары таратылды.

Аудан әкімдігінің білім бөлімінде 2015 жылдың 1 қантарынан бүгінгі күнге дейін жеке тұлғалардан түскен өтініштердің саны- 102 , бірегей нөмірі бар талондар берілген 24–і қаралды . 49-і қаңағаттандырылды 50-не түсінік берілді және 3-не қанағаттандырылудан бас тартылды. Заңды тұлғалардан түскен өтініштердің саны-4, 2-і қанағаттандырылды,2-не- түсінік берілді.

Аудандық «Шу өңірі» газетіне аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының қабылдау күндері және бөлімнің сенім телефоны жарияланды. Білім беру сапасын арттыру мен тәрбие беру жұмысын жандандыру мақсатында қандай да бір бағалы бастамалар, ұтымды ұсыныстар бола қалса оны ескерусіз қалдырмаймыз.

Әйткенмен, биыл сыбайлас жемқорлық тұрғысынан заң бұзушылыққа жол берген екі мектеп директоры, бір бастауыш мектеп меңгерушісінің міндетін атқарушы, екі балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылғанын атапөткеніміз жөн. Бұл лауазым иелерімен жеке әңгіме жүргізіліп, жемқорлықтың зардабы жайлы ашық айтылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара ретінде бөлімде мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бақылау кітапшасы және қызмет этикасы жөнінде бақылау журналы жүргізілген. Білім бөлімінде және білім беру мекемелерінде азаматтардың арыз-шағымдарын есепке алу туралы журналдары ашылып, арыз-шағымдар және өтініш – тілектерін салатын жәшік орнатылған және сенім телефоны орнатылған. Сыбайлас жемқорлық көрінісі бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа тартылған бөлім қызметкерлері тарапынан азаматтар жоқ. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресуді Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп бағалаймын.

 

Клара Қожағаппанова

 

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы

 




Вернуться назад